"Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 588 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 31 тамыздағы
№ 588 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 568 қаулысына
қосымша

Таңбалануға жататын тауарлар тізбесі

Р/с №

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды

Тауардың атауы

Енгізілетін күні

1

2

3

4

1.

2402209000

құрамында темекі бар өзге де сигареталар

2020 жылғы
1 қазан*

2.

2403999009

өнеркәсіпте жасалған өзге де темекі және өнеркәсіптік темекі алмастырғыштар; өзге де темекі сығындылары мен эссенциялары

2021 жылғы
1 сәуір

3.

2402201000

құрамында темекі бар темекі, сигаралар, ұштары кесілген сигаралар, сигариллалар және темекіден немесе оны алмастырғыштардан жасалған құрамында қалампыр бар сигареталар

2021 жылғы
1 сәуір

4.

2402900000

өзге де сигаралар, ұштары кесілген сигаралар, темекіден немесе оны алмастырғыштардан жасалған сигариллалар мен сигареттер

2021 жылғы
1 сәуір

5.

2402100000

ұштары кесілген сигареталар, сигаралар және құрамында темекі бар сигариллалар

2021 жылғы
1 сәуір

6.

2403110000

еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының "Дайын тамақ өнімдері; алкогольді және алкогольсіз сусындар мен сірке суы; темекі және оны алмастырғыштар" деген IV бөлімінің "24. Темекі және темекіні өнеркәсіптік алмастырғыштар"
1-тобының субпозициясына ескертпеде көрсетілген кальянға арналған темекі

2021 жылғы
1 сәуір

7.

2403191000

бастапқы орамада нетто-салмағы 500 г аспайтын кез келген пропорцияда темекі алмастырғыштары бар немесе жоқ өзге де шегілетін темекі

2021 жылғы
1 сәуір

8.

3824999209

20°C температурада сұйық болатын, басқа жерде аталмаған немесе қосылмаған, басым бөлігі органикалық қосылыстардан тұратын өзге де химиялық өнімдер немесе препараттар

2021 жылғы
1 сәуір

9.

6401

ұлтанды және үсті резеңкеден немесе пластмассадан жасалған су өткізбейтін, оның үсті табанға бекітілмейтін және оған жіппен де, түйреуішпен де, шегемен де, бұрандамен де, тойтармамен де, қандай да бір ұқсас тәсілмен қосылмайтын аяқ киім

 
2021 жылғы
1 қараша**

10.

6402

резеңкеден немесе пластмассадан қонышы бар ұлтанды өзге де аяқ киім

11.

6403

резеңкеден, пластмассадан, табиғи немесе құрақ теріден жасалған ұлтанды және қонышы табиғи былғарыдан жасалған аяқ киім

12.

6404

резеңкеден, пластмассадан, табиғи немесе құрақ былғарыдан жасалған ұлтанды және қонышы тоқыма материалдардан жасалған аяқ киім

13.

6405

басқа да аяқ киім

      * 2020 жылғы 1 қазаннан бастап – көтерме сауданы жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілерін қоспағанда, бөлшек сату кезінде таңбаланған тауарларды айналымнан міндетті түрде шығара отырып, өндірушілер мен ішкі сауда субъектілері үшін. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – тауар айналымына барлық қатысушылар үшін таңбаланған тауарлардың қадағалануы туралы құжаттардың міндетті үзіндісімен.

      **2021 жылғы 1 қарашадан бастап – көтерме сауданы жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілерін қоспағанда, бөлшек сауда кезінде таңбаланған тауарларды айналымнан міндетті түрде шығара отырып, Қазақстан Республикасына әкелінген немесе Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген аяқ киім тауарларына қатысты міндетті таңбалау.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 сентября 2020 года № 568 "Об определении перечня товаров, подлежащих маркировке"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2021 года № 588.

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.2

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 сентября 2020 года № 568 "Об определении перечня товаров, подлежащих маркировке" следующее изменение:

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 31 августа 2021 года № 588
Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 10 сентября 2020 года № 568

Перечень товаров, подлежащих маркировке

№ п/п

Код товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза

Наименование товара

Дата введения

1

2

3

4

1.

2402209000

прочие сигареты, содержащие табак

1 октября 2020 года*

2.

2403999009

прочий промышленно изготовленный табак и промышленные заменители табака; прочие табачные экстракты и эссенции

1 апреля 2021 года

3.

2402201000

сигареты, содержащие табак, сигары, сигары с обрезанными концами, сигариллы и сигареты из табака или его заменителей, содержащие гвоздику

1 апреля 2021 года

4.

2402900000

прочие сигары, сигары с обрезанными концами, сигариллы и сигареты из табака или его заменителей

1 апреля 2021 года

5.

2402100000

сигареты, сигары с обрезанными концами и сигариллы, содержащие табак

1 апреля 2021 года

6.

2403110000

табак для кальяна, указанный в примечании к субпозиции 1 группы "24. Табак и промышленные заменители табака" раздела IV "Готовые пищевые продукты; алкогольные и безалкогольные напитки и уксус; табак и его заменители" единой товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза

1 апреля 2021 года

7.

2403191000

прочий курительный табак, содержащий или не содержащий заменители табака в любой пропорции, в первичных упаковках нетто-массой не более 500г

1 апреля 2021 года

8.

3824999209

прочие химические продукты или препараты, состоящие преимущественно из органических соединений, в другом месте не поименованные или не включенные, жидкие при температуре 20 °c

1 апреля 2021 года

9.

6401

Водонепроницаемая обувь с подошвой и верхом из резины или пластмассы, верх которой не крепится к подошве и не соединяется с ней ни ниточным, ни шпилечным, ни гвоздевым, ни винтовым, ни заклепочным, ни каким-либо другим аналогичным способом

1 ноября 2021 года**

10.

6402

Прочая обувь с подошвой и верхом из резины или пластмассы

11.

6403

Обувь с подошвой из резины, пластмассы, натуральной или композиционной кожи и верхом из натуральной кожи

12.

6404

Обувь с подошвой из резины, пластмассы, натуральной или композиционной кожи и верхом из текстильных материалов

13.

6405

Обувь прочая

      *с 1 октября 2020 года – для производителей и субъектов внутренней торговли с обязательным выводом из оборота маркированных товаров при розничной реализации, за исключением субъектов внутренней торговли, осуществляющих оптовую торговлю. С 1 января 2021 года – для всех участников оборота товаров с обязательной выпиской документов о прослеживаемости маркированных товаров.

      **с 1 ноября 2021 года – обязательная маркировка в отношении обувных товаров, ввезенных в Республику Казахстан или произведенных на территории Республики Казахстан, с обязательным выводом из оборота маркированных товаров при розничной реализации, за исключением субъектов внутренней торговли, осуществляющих оптовую торговлю.