1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына және "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 188-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "АстанаГаз ҚМГ" акционерлік қоғамына "Интергаз Орталық Азия" акционерлік қоғамымен 2021 жылға арналған жалдау шартына қосымша келісім жасасу жолымен "Сарыарқа" магистральдық газ құбырына үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |