Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 643 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
"Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері" деген 3-бөлімде:
оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаражат ЕДБ шотына түскен күннен бастап ЕДБ-ның кредиттік қаражатты игеру мерзімі:
инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттер бойынша – 12 ай;
айналым қаражатын толықтыру және бұрын берілген ЕДБ қарыздарын қайта қаржыландыру мақсаттарына берілетін кредиттер бойынша – 6 ай.";
"Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары" деген 4-бөлімде:
екінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қайта құрылған және (немесе) кредиттің сомасы 60 миллион теңгеден аспайтын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркелген кезден бастап алты айдан аз уақыт өткен;";
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Лимиті жоқ тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда, бір ШОК субъектісіне арналған қаржыландыру лимиті 3600000000 (үш миллиард алты жүз миллион) теңге.";
"Мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары" деген 6-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары
Осы Жоспар шеңберінде қаражат алатын ШОК субъектілерінің жаңа жобаларын қаржыландыруды ынталандыру үшін "Даму" КДҚ" АҚ "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа жобалар бойынша кредиттерді кепілдендіру тетігін қолдана алады.";
көрсетілген Жоспарға 1-1-қосымша осы өзгерістерге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
"Жалпы ережелер" деген бөлімде:
"Өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары" деген кіші бөлімде:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) лимиті жоқ тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда, ҚР ҰҚ қаражатының есебінен берілген барлық кредиттер үшін бір ШОКС-ға берілетін қаржыландырудың ең жоғары лимиті – 3600000000 (үш миллиард алты жүз миллион) теңге;";
"Өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары" деген кіші бөлімде:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ең жоғары лимиті жоқ тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда, бір ІКС-ге берілетін қаржыландыру лимиті – 7000000000 (жеті миллиард) теңгеге дейін;";
көрсетілген Жоспарға 2-1-қосымша осы өзгерістерге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 124 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
"Жалпы ережелер" деген бөлімде:
"Өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары" деген кіші бөлімде:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) лимиті жоқ тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда, ҚР ҰҚ қаражатының есебінен берілген барлық кредиттер үшін бір ШОКС-ға қаржыландырудың ең жоғары лимиті – 3600000000 (үш миллиард алты жүз миллион) теңге;";
"Өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары" деген кіші бөлімде:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылған:
"1) ең жоғары лимиті жоқ тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда, бір ІКС-ге берілетін қаржыландыру лимиті – 7 000 000 000 (жеті миллиард) теңгеге дейін;";
көрсетілген Жоспарға қосымша осы өзгерістерге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қаржыландырылатын тамақ өнеркәсібі салаларының тізбесі
Р/с № | ЭҚЖЖ кодының атауы | ЭҚЖЖ коды |
1 | 2 | 3 |
---|---|---|
1 | Ет өңдеу және консервілеу | 1011 |
2 | Ауыл шаруашылығы құсының етін өңдеу және консервілеу | 1012 |
3 | Ет өнімдерін және ауыл шаруашылығы құсының етінен жасалған өнімдер өндірісі | 1013 |
4 | Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу | 1020 |
5 | Картопты өңдеу және консервілеу | 1031 |
6 | Жеміс және көкөніс шырындарының өндірісі | 1032 |
7 | Жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеудің өзге де түрлері | 1039 |
8 | Май және тоң май өндірісі | 1041 |
9 | Маргарин және оған ұқсас тағамдық майлар өндірісі | 1042 |
10 | Сүтті өңдеу және ірімшік өндірісі | 1051 |
11 | Балмұздақ өндірісі | 1052 |
12 | Ұн-жарма өнімдерінің өндірісі | 1061 |
13 | Крахмал және крахмал өнімдерінің өндірісі | 1062 |
14 | Ұзақ сақталмайтын нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі | 1071 |
15 | Кептірілген нан және печенье, ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар өндірісі | 1072 |
16 | Макарон өнімдерінің өндірісі | 1073 |
17 | Қант өндірісі | 1081 |
18 | Какао, шоколад және қантты кондитерлік бұйымдар өндірісі | 1082 |
19 | Шай және кофе өндірісі* | 1083 |
20 | Дәмдеуіштер мен дәмдеуіштер өндірісі* | 1084 |
21 | Дайын тағам өнімдерінің өндірісі | 1085 |
22 | Балалар тағамын және емдәмдік тамақ өнімдерінің өндірісі | 1086 |
23 | Басқа топтамаларға енгізілмеген басқа тамақ өнімдерінің өндірісі | 1089 |
24 | Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған дайын азықтар өндірісі | 1091 |
25 | Үй жануарларына арналған дайын азықтар өндірісі | 1092 |
*ескертпе: ЭҚЖЖ 1083, 1084 кодтары шеңберінде өнімді экспорттайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін ғана қарыздар беруге жол беріледі.

14 | Ұзақ сақталмайтын нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру | 1071 |

*ескертпе: ЭҚЖЖ 1083, 1084 кодтары шеңберінде қарыз беруге өнімді экспорттайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін ғана қарыздар беруге жол беріледі.