"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 660 қаулысы.

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.09.2022 № 748 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесі айқындалсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 660 қаулысына
қосымша

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.09.2022 № 748 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Деректерді беруге жауапты мемлекеттік органдар

Деректер берілетін адамдардың санаттары

Мемлекеттік органдардың деректерді енгізуге және оларды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына беруге арналған ақпараттық жүйелері (бұдан әрі – АЖ)

1

2

3

4

1.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Балалар

"Ұлттық білім беру деректер қоры" АЖ, жетім балалардың республикалық дерекқоры

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры

2.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар

"Еңбек нарығы" АЖ

3.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі,

Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер

"Жүктi және бала туу жасындағы әйелдердің тіркелімі" АЖ

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

"Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ

4.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі)

"Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ, "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

"Азаматтық хал актілерін тіркеу" АЖ – ата-аналардың жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бір-біріне және баланың ЖСН байланыстырылған үш жасқа дейінгі балалары бар адамдар (екі ата-анасы) туралы деректер

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Жетім балалардың республикалық дерекқоры

5.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар

"Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

"Азаматтық хал актілерін тіркеу" АЖ – ата-аналардың ЖСН бір-біріне және баланың ЖСН байланыстырылған үш жасқа дейінгі балалары бар адамдар (екі ата-анасы) туралы деректер

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Жетім балалардың республикалық дерекқоры

6.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар

"Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ, "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ

7.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам

"Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ, "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ

8.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері

"Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ, "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)

Қазақстан Республикасы сот органдарының АЖ

9.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар

Қылмыстық-атқару жүйесінің орталықтандырылған автоматтандырылған дерекқоры

10.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің АЖ

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

"Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ

11.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Жұмыс істемейтін қандастар

"Оралман" автоматтандырылған АЖ, "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ

12.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар

"Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ

13.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Мүгедектігі бар адамдар

"Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ

14.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар

"Ұлттық білім беру деректер қоры" АЖ, "Электрондық үкіметтің" веб-порталы, "Шетелде оқып жүрген студенттерді тіркеу" сервисі


Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

15.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер

"Орталықтандырылған дерекқор" автоматтандырылған АЖ, "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ

16.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері

Көші-қон полициясының АЖ

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

"Шетелдік жұмыс күші" автоматтандырылған АЖ

     

Об определении перечня государственных органов, ответственных за предоставление данных по категориям лиц, указанным в пункте 1 статьи 26 Закона Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года "Об обязательном социальном медицинском страховании", и по иностранцам, временно пребывающим на территории Республики Казахстан и являющимся трудовыми мигрантами, а также членам их семей из государств-членов Евразийского экономического союза в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" для дальнейшей передачи в информационную систему обязательного социального медицинского страхования

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 сентября 2021 года № 660.

      В соответствии с подпунктом 5-2) статьи 10 Закона Республики Казахстан "Об обязательном социальном медицинском страховании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула – в редакции постановления Правительства РК от 26.09.2022 № 748 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      1. Определить перечень государственных органов, ответственных за предоставление данных по категориям лиц, указанным в пункте 1 статьи 26 Закона Республики Казахстан "Об обязательном социальном медицинском страховании", и по иностранцам, временно пребывающим на территории Республики Казахстан и являющимся трудовыми мигрантами, а также членам их семей из государств-членов Евразийского экономического союза в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" для дальнейшей передачи в информационную систему обязательного социального медицинского страхования согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 22 сентября 2021 года № 660

Перечень государственных органов, ответственных за предоставление данных по категориям лиц, указанным в пункте 1 статьи 26 Закона Республики Казахстан "Об обязательном социальном медицинском страховании", и по иностранцам, временно пребывающим на территории Республики Казахстан и являющимся трудовыми мигрантами, а также членам их семей из государств-членов Евразийского экономического союза в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" для дальнейшей передачи в информационную систему обязательного социального медицинского страхования

      Сноска. Перечень – в редакции постановления Правительства РК от 26.09.2022 № 748 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).


п/п
Государственные органы, ответственные за предоставление данных Категории лиц, по которым предоставляются данные Информационные системы (далее – ИС) государственных органов для ввода данных и передачи их в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан"

1

2

3

4

1.

Министерство просвещения Республики Казахстан

Дети

ИС "Национальная образовательная база данных", республиканская база данных детей-сирот

Министерство юстиции Республики Казахстан

Государственная база данных "Физические лица"

2.

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Лица, зарегистрирован- ные в качестве безработных

ИС "Рынок труда"

3.

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

Неработающие беременные женщины

ИС "Регистр беременных и женщин фертильного возраста"

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

ИС "Организация обработки платежей"

4.

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Неработающее лицо (один из законных представителей ребенка), воспитывающее ребенка (детей) до достижения им (ими) возраста трех лет

Автоматизированная ИС "Централизованная база данных получателей пенсий и пособий", ИС "Организация обработки платежей"

Министерство юстиции Республики Казахстан

ИС "Регистрация актов гражданского состояния" – данные о лицах (оба родителя), у которых есть дети до трех лет, с привязкой индивидуального идентификационного номера (далее – ИИН) родителей друг к другу и к ИИН ребенка

Министерство просвещения Республики Казахстан

Республиканская база данных детей-сирот

5.

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Лица, находящиеся в отпусках в связи с беременностью и родами, усыновлением (удочерением) новорожденного ребенка (детей), по уходу за ребенком (детьми) до достижения им (ими) возраста трех лет

Автоматизированная ИС "Централизованная база данных получателей пенсий и пособий"

Министерство юстиции Республики Казахстан

ИС "Регистрация актов гражданского состояния" – данные о лицах (оба родителя), у которых есть дети до трех лет, с привязкой ИИН родителей друг к другу и к ИИН ребенка

Министерство просвещения Республики Казахстан

Республиканская база данных детей-сирот

6.

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Неработающие лица, осуществляющие уход за ребенком с инвалидностью

Автоматизированная ИС "Централизованная база данных получателей пенсий и пособий", ИС "Организация обработки платежей"

7.

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Неработающее лицо, осуществляющее уход за лицом с инвалидностью первой группы

Автоматизированная ИС "Централизованная база данных получателей пенсий и пособий", ИС "Организация обработки платежей"

8.

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Получатели пенсионных выплат, в том числе ветераны Великой Отечественной войны

Автоматизированная ИС "Централизованная база данных получателей пенсий и пособий", ИС "Организация обработки платежей"

Департамент по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарат Верховного Суда Республики Казахстан)

ИС судебных органов Республики Казахстан

9.

Министерство внутренних дел Республики Казахстан

Лица, отбывающие наказание по приговору суда в учреждениях уголовно- исполнительной (пенитенциарной) системы (за исключением учреждений минимальной безопасности)

Централизованная автоматизированная база данных уголовно-исполнительной системы

10.

Генеральная прокуратура Республики Казахстан

Лица, содержащиеся в следственных изоляторах, а также неработающие лица, к которым применена мера пресечения в виде домашнего ареста

ИС Комитета по правовой системе и специальным учетам Генеральной прокуратуры
Республики Казахстан

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

ИС "Организация обработки платежей"

11.

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Неработающие кандасы

Автоматизированная ИС "Оралман", ИС "Организация обработки платежей"

12.

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени

Автоматизированная ИС "Централизованная база данных получателей пенсий и пособий"

13.

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Лица с инвалидностью

Автоматизированная ИС "Централизованная база данных инвалидов"

14.

Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан

Лица, обучающиеся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего образования, а также послевузовского образования

ИС "Национальная образовательная база данных", веб-портал "электронное правительство", сервис "Регистрация студентов, обучающихся за рубежом"

Министерство просвещения Республики Казахстан

15.

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Неработающие получатели государственной адресной социальной помощи

Автоматизированная ИС "Централизованная база данных", ИС "Организация обработки платежей"

16.

Министерство внутренних дел Республики Казахстан

Иностранцы, временно пребывающие на территории Республики Казахстан и являющиеся трудовыми мигрантами, а также члены их семей из государств-членов Евразийского экономического союза

ИС миграционной полиции

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Автоматизированная ИС "Иностранная рабочая сила"