"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.09.2022 № 748 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 660 қаулысына қосымша |
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.09.2022 № 748 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с | Деректерді беруге жауапты мемлекеттік органдар | Деректер берілетін адамдардың санаттары | Мемлекеттік органдардың деректерді енгізуге және оларды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына беруге арналған ақпараттық жүйелері (бұдан әрі – АЖ) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі | Балалар | "Ұлттық білім беру деректер қоры" АЖ, жетім балалардың республикалық дерекқоры |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі | "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры | ||
2. | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар | "Еңбек нарығы" АЖ |
3. | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, | Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер | "Жүктi және бала туу жасындағы әйелдердің тіркелімі" АЖ |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ | ||
4. | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | Бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі) | "Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ, "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі | |||
"Азаматтық хал актілерін тіркеу" АЖ – ата-аналардың жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бір-біріне және баланың ЖСН байланыстырылған үш жасқа дейінгі балалары бар адамдар (екі ата-анасы) туралы деректер | |||
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі | Жетім балалардың республикалық дерекқоры | ||
5. | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар | "Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі | "Азаматтық хал актілерін тіркеу" АЖ – ата-аналардың ЖСН бір-біріне және баланың ЖСН байланыстырылған үш жасқа дейінгі балалары бар адамдар (екі ата-анасы) туралы деректер | ||
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі | Жетім балалардың республикалық дерекқоры | ||
6. | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | Мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар | "Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ, "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ |
7. | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам | "Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ, "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ |
8. | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері | "Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ, "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ |
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) | Қазақстан Республикасы сот органдарының АЖ | ||
9. | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі | Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар | Қылмыстық-атқару жүйесінің орталықтандырылған автоматтандырылған дерекқоры |
10. | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы | Тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің АЖ |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ | ||
11. | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | Жұмыс істемейтін қандастар | "Оралман" автоматтандырылған АЖ, "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ |
12. | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар | "Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ |
13. | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | Мүгедектігі бар адамдар | "Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ |
14. | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі | Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар | "Ұлттық білім беру деректер қоры" АЖ, "Электрондық үкіметтің" веб-порталы, "Шетелде оқып жүрген студенттерді тіркеу" сервисі |
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі | |||
15. | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер | "Орталықтандырылған дерекқор" автоматтандырылған АЖ, "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ |
16. | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі | Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері | Көші-қон полициясының АЖ |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | "Шетелдік жұмыс күші" автоматтандырылған АЖ |