Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөнінде конкурстық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 271 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспеде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесі мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, мынадай құрамда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөнінде конкурстық комиссия (бұдан әрі – конкурстық комиссия) құрылсын:
Жаналинов | Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төраға |
Темірбеков | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры, төрағаның орынбасары |
Нұрмаханова | Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісу бойынша) |
Перепечина | Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісу бойынша) |
Жамалов | Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісу бойынша) |
Ахметов |
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі |
Жұмаділдаев | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы |
Вахидов | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары (келісу бойынша) |
Ержанов | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің мемлекет міндеттемелерін басқару саясаты басқармасының басшысы. |
2. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2021 жылғы 1 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2021 – 2022 жылдарға жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөнінде конкурс өткізсін және оның нәтижелері бойынша конкурс жеңімпазын анықтасын.".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |