Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудитор таңдау жөнінде конкурстық комиссия құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 271 қаулысы.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 133-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
8 мамырдағы № 474 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 25.09.2021 № 674 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесі мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, мынадай құрамда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөнінде конкурстық комиссия (бұдан әрі – конкурстық комиссия) құрылсын:


Жаналинов
Данияр Еренғалиұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төраға

Темірбеков
Дәурен Әденұлы
 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры, төрағаның орынбасары

Нұрмаханова
Гүлмира Сәбденбекқызы

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісу бойынша)

Перепечина
Ольга Валентиновна

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

Жамалов
Аманжан Мәкәрімұлы
 

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

Ахметов
Рашит Сайранұлы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі
(келісу бойынша)

Жұмаділдаев
Әнуар Серқұлұлы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы

Вахидов
Батур Алчинович

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары (келісу бойынша)

Ержанов
Дидар Амангелдіұлы
 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің мемлекет міндеттемелерін басқару саясаты басқармасының басшысы.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.09.2021 № 674 қаулысымен.

      2. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2021 жылғы 1 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2021 – 2022 жылдарға жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөнінде конкурс өткізсін және оның нәтижелері бойынша конкурс жеңімпазын анықтасын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.09.2021 № 674 қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады