Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 және "Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1128 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 709 қаулысы.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 218-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "218-1) арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсаттары үшін арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану тәртібін айқындау;";

      305) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "305) шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 323-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "323-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, электрондық алаң операторларының арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсаттары үшін салық органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;";

      ведомстволардың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 159-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "159-1) арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану тәртібін әзірлеу;";

      269) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "269) шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 274-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "274-1) уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, электрондық алаң операторларының арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсаттары үшін салық органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлеу;";

      2) "Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1128 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 84-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу тәртібін айқындайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Кәсіпкерлік субъектілерінің жылдық орташа табысына "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 226-бабында көзделген кәсіпкерлік субъектілері табыстарының барлық түрлері, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимдерін қолданатын кәсіпкерлік субъектілерінің табыстары енгізіледі.".

      2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасын және 2) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 "О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан" и от 30 декабря 2015 года № 1128 "Об утверждении Правил расчета среднегодовой численности работников и среднегодового дохода субъектов предпринимательства"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 октября 2021 года № 709.

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.2

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнения:

      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 "О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан":

      в Положении о Министерстве финансов Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 16:

      в функциях центрального аппарата:

      дополнить подпунктом 218-1) следующего содержания:

      "218-1) определение порядка использования специального мобильного приложения для целей исполнения налоговых обязательств и обязательств по социальным платежам при применении специальных налоговых режимов;";

      подпункт 305) изложить в следующей редакции:

      "305) утверждение формы налоговой учетной политики для индивидуальных предпринимателей, применяющих специальные налоговые режимы для субъектов малого бизнеса на основе патента, упрощенной декларации или с использованием специального мобильного приложения;";

      дополнить подпунктом 323-1) следующего содержания:

      "323-1) определение по согласованию с Национальным Банком Республики Казахстан порядка взаимодействия уполномоченных банков второго уровня, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, операторов электронных площадок с налоговыми органами для целей передачи сведений по операциям в специальное мобильное приложение;";

      в функциях ведомств:

      дополнить подпунктом 159-1) следующего содержания:

      "159-1) разработка порядка использования специального мобильного приложения;";

      подпункт 269) изложить в следующей редакции:

      "269) разработка формы налоговой учетной политики для индивидуальных предпринимателей, применяющих специальные налоговые режимы для субъектов малого бизнеса на основе патента, упрощенной декларации или с использованием специального мобильного приложения;";

      дополнить подпунктом 274-1) следующего содержания:

      "274-1) разработка порядка взаимодействия уполномоченных банков второго уровня, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, операторов электронных площадок с налоговыми органами для целей передачи сведений по операциям в специальное мобильное приложение;";

      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 1128 "Об утверждении Правил расчета среднегодовой численности работников и среднегодового дохода субъектов предпринимательства":

      в Правилах расчета среднегодовой численности работников и среднегодового дохода субъектов предпринимательства, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила расчета среднегодовой численности работников и среднегодового дохода субъектов предпринимательства (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 84 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и определяют порядок расчета среднегодовой численности работников и среднегодового дохода субъектов предпринимательства.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. В среднегодовой доход субъектов предпринимательства включаются все виды доходов субъектов предпринимательства, предусмотренных статьей 226 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), а также доходы субъектов предпринимательства, применяющих специальные налоговые режимы для субъектов малого бизнеса на основе патента, упрощенной декларации или с использованием специального мобильного приложения.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением подпункта 1) и абзацев пятого и шестого подпункта 2) пункта 1 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 1 января 2022 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин