ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
орталық аппараттың функцияларында:
мынадай мазмұндағы 218-1) тармақшамен толықтырылсын:
"218-1) арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсаттары үшін арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану тәртібін айқындау;";
305) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"305) шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 323-1) тармақшамен толықтырылсын:
"323-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, электрондық алаң операторларының арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсаттары үшін салық органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;";
ведомстволардың функцияларында:
мынадай мазмұндағы 159-1) тармақшамен толықтырылсын:
"159-1) арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану тәртібін әзірлеу;";
269) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"269) шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 274-1) тармақшамен толықтырылсын:
"274-1) уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, электрондық алаң операторларының арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсаттары үшін салық органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлеу;";
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасын және 2) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |