"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 753 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысында:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында:

      "3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздемелері" деген тарау мынадай мазмұндағы 27-3-тармақпен толықтырылсын:

      "МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН" медалі

      27-3. "МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН" медалімен өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім мен тәрбие беру жүйесін дамытуға үлес қосқан, адамгершілік-рухани білім берудің өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізген, оқу-тәрбие процесіне адамгершілік-рухани білім беруді іске асыруға арналған жаңа білім беру технологияларын енгізген, мектепке дейінгі, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымдарының тәрбие жүйесіне "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын интеграциялау бойынша бағдарламалар мен жобаларды әзірлеген және іске асырған, "Өзін-өзі" тану "адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы негізінде педагог кадрлардың, білім беру жүйесі басшыларының біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын әзірлеген және іске асырған, білім алушыларды қоғамға қызмет етуге бағытталған қоғамдық пайдалы қызметке тартатын қалалық, өңірлік, республикалық маңызы бар семинарлар, вебинарлар, шеберлік сабақтары арқылы балалар мен оқушы жастарға адамгершілік-рухани білім берудің өзіндік педагогикалық тәжірибесін немесе білім беру ұйымының тәжірибесін таратқан, өз қаласында, облыста, республикада "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысқан педагогикалық немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жыл және одан да көп білім беру ұйымдарының қызметкерлері марапатталады.";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесінде және сипаттамасында:

      "1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі" деген бөлімде:

      "Медальдар" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:

      "МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН".";

      "2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының сипаттамалары" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және тараумен толықтырылсын:

      "МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің медалі (4-1-қосымша)

      МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН медалі диаметрі 45 мм шеңбер нысанында жезден жасалады. Медальдің фоны күңгірттелген.

      Бет жағында шеңбердің жиектерінде ақ фонда алтын түстес "ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН" (мемлекеттік тілде) "С ЛЮБОВЬЮ К МИРУ" (орыс тілінде) деген жазу орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген.

      Шеңбердің ортасында – алтын сары түсті шұғылалы күн дискісі. Күн дискісінде тұмсығында бұтақ бар түркептер бейнеленген.

      Сыртқы жағында "ЖАС ҰРПАҚТЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ РУХАНИ ТӘРБИЕСІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.

      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен тысталған ені 28 мм және биіктігі 25 мм тікбұрышты тағанға жалғанады. Қалыптың төменгі жағында ені 28,5 мм және биіктігі 7,4 мм беті жылтыр жапсырма бар.";

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес сипаттамаларға 4-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 20 қазандағы
№ 753 қаулысына
қосымша
  Сипаттамаларға
4-1-қосымша

"МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН" медалі


О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 "О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 октября 2021 года № 753.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 "О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан" следующие дополнения:

      1) в Правилах награждения ведомственными наградами (лишения ведомственных наград) некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      главу "3. Основания награждения ведомственными наградами" дополнить пунктом 27-3 следующего содержания:

      "Медаль "МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН"

      27-3. Медалью "МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН" награждаются работники организаций образования с педагогическим или научно-педагогическим стажем работы 10 и более лет, внесшие вклад в развитие системы нравственно-духовного образования и воспитания подрастающего поколения, проводившие исследования по актуальным вопросам нравственно-духовного образования, внедрившие в учебно-воспитательный процесс новые образовательные технологии для реализации нравственно-духовного образования, разработавшие и реализовавшие программы и проекты по интеграции программы нравственно-духовного образования "Самопознание" в воспитательную систему организаций образования дошкольного, основного, обшего среднего, технического и профессионального, высшего и или послевузовского образования, разработавшие и реализовавшие образовательные программы повышения квалификации педагогических кадров, руководителей системы образования на основе программы нравственно-духовного образования "Самопознание", распространявшие (демонстрировавшие) собственный педагогический опыт нравственно-духовного образования детей и учащейся молодежи или опыт организации образования посредством семинаров, вебинаров, мастер-классов городского, регионального, республиканского значения, вовлекающие обучающихся в общественно полезную деятельность, направленную на служение обществу, активно участвовавшие в реализации программы нравственно-духовного образования "Самопознание" в своем городе, области, республике.";

      2) в перечне и описаниях ведомственных наград некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      в разделе "1. Перечень ведомственных наград некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан":

      подраздел "Медали" дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:

      "3-1. Министерства образования и науки Республики Казахстан:

      "МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН.";

      раздел "2. Описания ведомственных наград некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан":

      дополнить подразделом и главой следующего содержания:

      "Медаль Министерства образования и науки Республики Казахстан "МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН" (приложение 4-1)

      Медаль "МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН" изготавливается из латуни в форме круга диаметром 45 мм. Фон медали матированный.

      На лицевой стороне по краям круга на белом фоне расположена надпись "ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН" (на государственном языке) "С ЛЮБОВЬЮ К МИРУ" (на русском языке) золотистого цвета. Надписи разделены точками.

      В центре круга – солнечный диск с лучами золотисто-жҰлтого цвета. На солнечном диске изображена горлица, несущая в клюве ветвь.

      На оборотной стороне расположена надпись "ЖАС ҰРПАҚТЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ РУХАНИ ТӘРБИЕСІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН".

      Все изображения и надписи на медали выпуклые. Медаль с помощью ушка и кольца соединяется с прямоугольной колодкой шириной 28 мм и высотой 25 мм, обтянутой шелковой муаровой лентой цвета Государственного Флага Республики Казахстан. Внизу колодки имеется накладка с блестящей поверхностью шириной 28,5мм и высотой 7,4 мм.";

      дополнить приложением 4-1 к описаниям согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 20 октября 2021 года № 753
  Приложение 4-1
к описаниям

Медаль "МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН"