"Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 811 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері:

      күнтізбелік 90 күнге дейін – 12 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      күнтізбелік 180 күнге дейін – 24 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      күнтізбелік 270 күнге дейін – 36 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      күнтізбелік 365 күнге дейін – 48 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленетін маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері алымдарды төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне байланысты осы қаулыға қосымшаға сәйкес мөлшерлерде белгіленсін.";

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 апреля 2018 года № 157 "Об установлении ставок сбора за выдачу и (или) продление разрешения на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 ноября 2021 года № 811.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 апреля 2018 года № 157 "Об установлении ставок сбора за выдачу и (или) продление разрешения на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан" следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об установлении ставок сбора за выдачу или продление разрешения на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Установить ставки сбора за выдачу или продление разрешения на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан, исходя из размера месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете на дату уплаты сборов, в размерах согласно приложению к настоящему постановлению, за исключением сезонных иностранных работников, для которых ставки сбора за выдачу или продление разрешения на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан устанавливаются в следующих размерах:

      до 90 календарных дней – 12-кратного размера месячного расчетного показателя;

      до 180 календарных дней – 24-кратного размера месячного расчетного показателя;

      до 270 календарных дней – 36-кратного размера месячного расчетного показателя;

      до 365 календарных дней – 48-кратного размера месячного расчетного показателя.";

      в приложении к указанному постановлению:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Ставки сбора за выдачу или продление разрешения на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин