Павлодар облысының Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысының Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар, Павлодар облысының әкімдігі және мүдделі ұйымдар (келісу бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша, 25 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша, 15 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 819 қаулысымен бекітілген |
Павлодар облысының Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары
Екібастұз қаласы – Қазақстанның аса ірі индустриялық және энергетикалық орталығы.
Өнеркәсіп Екібастұз өңірі экономикасының негізі болып табылады.
Өнеркәсіп құрылымында өндіруші сектор мен электрмен жабдықтаудың үлес салмағы ең жоғары. Облыстың өнеркәсіп өнімі көлемінде олардың үлесі 87 %-ды құрайды.
Тау-кен өндіру саласының жетекші кәсіпорындары "Бозшакөл тау-кен байыту комбинаты" ЖШС, "Богатырь Көмір" ЖШС, "ЕЭК" АҚ, "Восточный" разрезі, "Ангренсор Энерго" ЖШС болып табылады. 2020 жылы 33,2 млн тонна кен, 62,5 млн тонна көмір өндірілді.
Энергетиканы екі қала құраушы кәсіпорын ұсынады: ГРЭС-1, ГРЭС-2, олар республиканың электр энергиясының 21,3 %-ын немесе облыстың 48,0 %-ын өндіреді. 2020 жылы 24,4 млрд кВтсағ өндірілді.
Экономикалық белсенді халық саны 83,5 мың адамды құрайды.
Бұл ретте алдағы бесжылдықта шешілуі қажет проблемалар бар:
1) өңірдің өнеркәсіптік бағдарлануына байланысты өзекті экологиялық проблемалар;
2) өңірді сумен, жылумен жабдықтау мәселесі өткір. Бүгінгі күні су құбыры желілерінің тозуы 63,9 %-ды, кәріз желілерінің – 68,1 %-ды, жылу желілерінің – 83,9 %-ды құрайды. Соңғы уақытта авариялық жағдайлардың саны жиілеп кетті;
3) қаланың автомобиль жолдарын қайта жаңартуды және орташа жөндеуді жүргізу қажет. Қазіргі уақытта Екібастұздың жеке сектор көшелерінде асфальт төселмеген, онда шамамен 60,0 мың адам немесе қала халқы жалпы санының 40 %-ы тұрады;
4) 2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар саны 5308 адамды құрайды, оның ішінде жетімдер – 457, көп балалы отбасылар – 263, әлеуметтік жағынан осал адамдар – 2905;
5) 2020 жылы қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 2019 жылмен салыстырғанда 3,0 %-ға артты. Сондай-ақ, ана мен бала өлімі көрсеткіштерінің екі есе өсуі байқалады. Көрсеткіштер төмендеуінің негізгі себептері кадрлар тапшылығы және медициналық ұйымдардың жоғары тозуы болып табылады;
6) халықтың дене шынықтырумен және спортпен толық қажеттілігін қанағаттандыруға арналған спорттық инфрақұрылымның тапшылығы орын алып отыр;
7) 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың төмендігі. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 49,7 %-ды құрайды.
Тұтастай алғанда, Кешенді жоспар өңірдің теңгерімді дамуын көздейді. Ол республикалық, жергілікті бюджеттер шеңберінде және басқа көздерді тарту есебінен қаржыландырылатын 114 ұйымдастыру және іске асыру іс-шараларынан тұрады.
Іс-шаралардың жалпы санынан 26 тармақты жеке инвестициялар есебінен (824928,4 млн теңге немесе қаржыландырудың жалпы сомасының 88,5 %-ы) және бір тармақты бюджеттен тыс қорлар есебінен іске асыру жоспарланады (9702,9 млн теңге немесе қаржыландырудың жалпы сомасының 1 %-ы);
75 іс-шараны республикалық және жергілікті бюджет есебінен іске асыру жоспарлануда (РБ – 64727,4 млн теңге немесе 6,9 %, ЖБ – 33485,6 млн теңге немесе қаржыландырудың жалпы сомасының 3,6 %-ы).
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушы-лар | Орындау мерзімі, жылдар | Болжанатын шығыстар, млн теңге* | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Қалалық ортаны жоспарлау | ||||||
1. |
Екібастұз қаласының бас жоспарын бекіту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | әкімдік | 2021 | 20,0 | ЖБ |
2022 | 30,8 | |||||
2. |
Екібастұз қаласының дизайн-кодын әзірлеу |
мәслихат шешімі | әкімдік | 2024 | 20,0 | ЖБ |
2025 | 20,0 | |||||
3. | МҚК ААЖ дерекқорына енгізу үшін цифрлық жоспарлы негізді қалыптастыру мақсатында 1:500 масштабтағы кадастрлық жоспар жасай отырып, құрылыс салынған аумақтағы жерасты және жерүсті коммуникацияларына түгендеу жүргізу (2724,17 га) |
цифрлық топографиялық жоспар | әкімдік | 2021 – 2022 | 203,9 | ЖБ |
2. Экономиканың нақты секторы | ||||||
2.1. Ғылыми кластер құру | ||||||
4. | Екібастұз қаласында көмір химиясы және көмір өнеркәсібі ғылыми-зерттеу орталығын құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | әкімдік, ИИДМ, БҒМ | 2022 | 500,0 | БК |
2023 | 500,0 | |||||
2.2. Өнеркәсіп және инвестициялар | ||||||
5. | Индустриялық аймақ аумағында іске асыру үшін инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру және бекіту | Павлодар облысы әкімдігінің қаулысы | әкімдік | 2021 – 2022 | талап етілмейді | |
6. | ШОБ өкілдері үшін шағын индустриялық аймақтың ауданын ұлғайту | әкімдікке ақпарат | әкімдік | 2022 | 10,0 | ЖБ |
7. | "Екібастұз" ҚС 1150-ге қосылатын жаңа 500/220/10 кВ ҚС салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 16000,0 | БК |
8. | Ферроқорытпалар шығаратын үш зауыт салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 73888,0 | БК |
2023 | 72518,0 | |||||
2024 | 34613,0 | |||||
9. | Металлургиялық көмір электродтарын шығаратын зауыт салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 2500,0 | БК |
2023 | 2500,0 | БК | ||||
10. | Жартылай кокс өндіретін зауыт салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 2500,0 | БК |
2023 | 2500,0 | БК | ||||
11. | Электр механикасы зауытын салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 2500,0 | БК |
2023 | 2500,0 | БК | ||||
12. | Көмір өндіру мен тасымалдаудың автоконвейерлік технологиясына көшу жөніндегі жобаны іске асыру | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2021 | 29100,0 | ЖИ |
2022 | 16900,0 | |||||
13. | Жартылай жүк вагондарын шығаруды қайта бастау | өнім шығару | әкімдік | 2021 | талап етілмейді | |
14. | Теміржол кластері кәсіпорындарының өнімдерін өндіруге "ҚТЖ "ҰҚ" АҚ-мен ұзақ мерзімді шарттар жасасу | шартқа қол қою | әкімдік, "ҚТЖ "ҰҚ" АҚ (келісу бойынша) | 2021 – 2025 | талап етілмейді | |
15. | Техникалық кремний өндіретін зауыт салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2021 | 500,0 | БК |
2022 | 9000,0 | |||||
2023 | 14500,0 | |||||
2024 | 30000,0 | |||||
2025 | 12000,0 | |||||
16. | Доңғалақ жұптары өндірісін кеңейту | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2021 | 7600,0 | БК |
2022 | 1900,0 | |||||
17. | Бұрандалар мен клеммалар шығаратын зауыт салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2021 | 8500,0 | БК |
18. | Бандаждар мен соғылған бұйымдар шығаратын кешен салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2021 | 2000,0 | БК |
2022 | 20000,0 | |||||
2023 | 47100,0 | |||||
2024 | 1000,0 | |||||
19. | Жылыжай кешенін кеңейту | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2023 | 11000,0 | БК |
2024 | 11000,0 | |||||
2025 | 11000,0 | |||||
20. | "Екібастұз МАЭС-2 станциясы" АҚ-ның № 3 энергия блогын салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша) | 2021 | 8209,0 | БК |
2022 | 3030,0 | |||||
2023 | 129041,0 | |||||
2024 | 72182,0 | |||||
2025 | 82989,0 | |||||
21. | "Б. Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1" ЖШС № 1 энергия блогын қалпына келтіру | пайдалануға беру актісі |
әкімдік, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша) | 2021 | 19000,0 | БК |
2022 | 15000,0 | |||||
2023 | 32456,0 | |||||
2.3. Кәсіпкерлік | ||||||
22. | "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнес субъектілері үшін жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жеткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ҰЭМ, | 2022 | 2702,9 | РБ |
2021 | 77,0 | ЖБ | ||||
2022 | 301,7 | |||||
2023 | 30,0 | |||||
2024 | 30,0 | |||||
2025 | 30,0 | |||||
23. | "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ҰЭМ, | 2021 | 5,0 | РБ |
2022 | 5,0 | |||||
24. | "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кредиттері бойынша кепілдік беру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ҰЭМ, | 2021 | 1500,0 | РБ |
2022 | 850,0 | |||||
2023 | 850,0 | |||||
2024 | 850,0 | |||||
2025 | 850,0 | |||||
25. | Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне шаралар көрсету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ҰЭМ, | 2021 | 200,0 |
РБ |
2022 | 200,0 | |||||
2023 | 200,0 | |||||
2024 | 200,0 | |||||
2025 | 200,0 | |||||
26. | "Business Ertis" өңірлік жобасы бағыттарын іске асыру | ҰЭМ-ге ақпарат | әкімдік | 2021 – 2025 | талап етілмейді | |
2.4. Агроөнеркәсіптік кешен | ||||||
27. | Жерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту, жыл сайын кемінде 20 мың га | Екібастұз қаласы әкімдігінің қаулысы | әкімдік | 2021 – 2025 | талап етілмейді | |
28. | Суармалы жерлерді кезең-кезеңмен ұлғайту, 10,0 мың га | Екібастұз қаласы әкімдігінің қаулысы | әкімдік | 2021 – 2025 | талап етілмейді | |
29. | Егіс алқаптарын жыл сайын кемінде 200 га кеңейту | АШМ-ге ақпарат | әкімдік | 2021 – 2025 | талап етілмейді | |
30. | Дәнді дақылдардың жалпы түсімін және түсімділігін 200 тоннаға ұлғайту | АШМ-ге ақпарат | әкімдік | 2021 – 2025 | талап етілмейді | |
31. | Қымыз және суытылған ет өндіретін ферма салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2021 | 85,0 | БК |
32. | Нан-тоқаш және макарон өнімдерін өндіретін кешен салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2021 | 130,0 | БК |
2022 | 350,0 | |||||
33. | 5,3 мың басқа арналған екі бордақылау алаңын салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 1375,0 | БК |
2023 | 1455,0 | |||||
34. | Әрқайсысында 100 аналық мал басы ІҚМ болатын "кілттегі" фермерлік шаруашылықтар желісін құру | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 250,0 | БК |
2023 | 250,0 | БК | ||||
35. | Өндірістік қуаты тәулігіне 2000,0 тоннаға дейінгі ет өңдеу комбинатын жаңғырту | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2025 | 1000,0 | БК |
36. | ІҚМ (жыл сайын кемінде 10 объект) мен ҰҚМ (жыл сайын кемінде 5 объект) өсіру жөніндегі фермерлік қожалықтар құру | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2021 – 2025 | талап етілмейді | |
37. | МАЭС-1 және МАЭС-2 салқындатқыш су қоймаларын паспорттау және оларды жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіне қосу | Павлодар облысы әкімдігінің қаулысы | әкімдік | 2021 – 2022 | 1,0 | ЖБ |
38. | МАЭС-1 және МАЭС-2 салқындатқыш су қоймаларында торда балық өсіру шаруашылығын құру | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 169,0 | БК |
2023 | 169,0 | |||||
3. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, экономикалық белсенділікті ынталандыру, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу | ||||||
39. | Жұмыссыздарды жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын кәсіби қайта даярлау, біліктілігін арттыруды жүргізу (жыл сайын 45 адам) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | әкімдік | 2021 | 10,4 | ЖБ |
2022 | 19,4 | |||||
2023 | 39,3 | |||||
2024 | 39,3 | |||||
2025 | 39,3 | |||||
40. | Жастар практикасын ұйымдастыру (жыл сайын кемінде 100 адам) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині, | 2021 | 59,8 | РБ |
2022 | 50,5 | |||||
2023 | 52,8 | |||||
2024 | 55,2 | |||||
2025 | 70,9 | |||||
41. | "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту (жыл сайын кемінде 130 адам) | Еңбекминіне ақпарат |
ҰЭМ, әкімдік, "Атамекен" | 2021 | 30,0 |
РБ |
2022 | 30,0 | |||||
2023 | 30,0 | |||||
2024 | 30,0 | |||||
2025 | 30,0 | |||||
42. | Өңіраралық оқу орталығының базасында құзырет орталығын құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
әкімдік, | 2021 | 350,0 | БК |
2022 | 350,0 | |||||
2023 | 350,0 | |||||
2024 | 350,0 | |||||
2025 | 350,0 | |||||
43. | "Дипломмен ауылға!" жобасы шеңберінде мамандар тарту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ҰЭМ, | 2021 | 61,3 | РБ |
2022 | 64,3 | |||||
2023 | 67,2 | |||||
2024 | 70,2 | |||||
2025 | 72,7 | |||||
2021 | 4,1 | ЖБ | ||||
2022 | 4,3 | |||||
2023 | 4,5 | |||||
2024 | 4,7 | |||||
2025 |
4,8 | |||||
4. Екібастұз қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын қолдау | ||||||
4.1. Білім беру | ||||||
44. | 2020 – 2021 жылдарға жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде Сәтпаев к-сі, 59 бойындағы 320 орындық балабақша ғимаратын реконструкциялау | пайдалануға беру актісі |
Еңбекмині, БҒМ, | 2021 | 325,4 | РБ |
478,3 | ЖБ | |||||
45. | 350 орындық балалар шығармашылығы орталығын салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 350,0 |
|
2023 | 817,0 | |||||
2024 | 1617,0 | |||||
46. | 20 мектепті күрделі жөндеу және жаңғырту | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2021 | 40,0 | ЖБ |
2022 | 1011,2 | |||||
2023 | 1218,0 | |||||
2024 | 2101,2 | |||||
2025 | 2833,0 | |||||
4.2. Денсаулық сақтау | ||||||
47. | Білікті медицина кадрларын тарту жөнінде қосымша кешенді шаралар қабылдау | Павлодар облысы әкімдігінің қаулысы | әкімдік | 2022 | Талап етілмейді | |
48. | Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2024 | 900,0 | ЖБ |
2025 | 600,0 | |||||
4.3. Мәдениет және спорт, жастардың бос уақыты | ||||||
49. | Мұз сарайын салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2024 | 1500,0 | ЖБ |
2025 | 1000,0 | |||||
50. | Тартан төселген 20 стрит-воркаут және 10 стритбол алаңын орнату | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 36,0 | ЖБ |
2023 | 60,0 | |||||
2024 | 60,0 | |||||
51. | "Шахтер" стадионының әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 31,7 | ЖБ |
52. | Мемлекеттік архивтің әкімшілік ғимаратын реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2023 | 198,0 | ЖБ |
53. | Аумағын абаттандыра отырып, "Исабек Ишан Хазрет" музейін салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2024 | 125,0 | ЖБ |
54. | "Өнер" қалалық мәдениет орталығының үлкен залының сахнасын күрделі жөндеу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2024 | 300,0 | ЖБ |
55. | "Ауыл – Ел бесігі" жобасы шеңберінде Байет және Қоянды ауылдарында ауылдық клубтар салу | пайдалануға беру актісі |
ҰЭМ, | 2024 | 324,0 | РБ |
2025 | 380,0 | |||||
56. | Қалалық орталық кітапхана ғимаратының қасбеті мен шатырын күрделі жөндеу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 70,0 | ЖБ |
57. | "OPENКІТАПХАНА" орталық қалалық кітапханасын жаңғырту және реновациялау | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 80,0 | ЖБ |
58. | Екібастұз тарихи-өлкетану музейінің ғимаратын күрделі жөндеу және аумағын абаттандыру | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 85,0 | ЖБ |
59. | Ақкөл ауылдық округі Зеленая Роща ауылдық клубының ғимаратын күрделі жөндеу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 10,8 | ЖБ |
4.4. Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту | ||||||
Жылумен жабдықтау | ||||||
60. | Бас даму жоспарына байланыстыра отырып, жылу желілерін дамытудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу |
орындалған жұмыстар | әкімдік | 2023 | 30,0 | ЖБ |
61. | Қаланы жылумен жабдықтаудың баламалы жүйесін құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу |
бекітілген | әкімдік | 2023 | 15,0 | ЖБ |
2024 | 15,0 | |||||
62. | Магистральдық және орамішілік жылу желілерін реконструкциялау, 40,5 км | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2021 | 611,0 | БК |
2022 | 614,5 | |||||
2023 | 531,0 | |||||
2024 | 609,2 | |||||
2025 | 609,2 | |||||
63. | Жылу магистральдары мен орамішілік желілер салу, 7,2 км | пайдалануға беру актісі |
ҰЭМ, | 2022 | 2857,1 | РБ |
2023 | 3420,0 | |||||
2024 | 1932,7 | |||||
2022 | 317,5 | ЖБ | ||||
2023 | 380,0 | |||||
2024 | 214,8 | |||||
64. | Шідерті кентінде жылу желілерін салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 319,2 | ЖБ |
Сумен жабдықтау және су бұру | ||||||
65. | Сарықамыс және Зеленая Роща ауылдарында сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысын аяқтау | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2021 | 77,6 | РБ |
66. | Әлкей Марғұлан атындағы және Төрт-Құдық ауылдарында сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2021 | 398,8 | РБ |
2022 | 454,3 | |||||
2021 | 77,2 | ЖБ | ||||
67. | Бозшакөл станциясында су құбыры желілерін салу, 1,941 км | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 91,0 | ЖБ |
68. | Сутартқышты (диаметрі 920 мм, 1020 мм) реконструкциялауды аяқтау, 10,6 км | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік |
2021 | 423,6 | РБ |
118,7 | ЖБ | |||||
69. | М. Жүсіп көшесі бойындағы траншеялық емес тәсілмен (санация әдісі) кәріз коллекторын реконструкциялау, 4,9 км | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2021 | 701,1 | РБ |
2022 | 1603,0 | |||||
2023 | 1552,0 | |||||
2021 | 162,5 | ЖБ | ||||
2022 | 319,1 | |||||
70. | Магистральдық тоғыз сутартқышты реконструкциялау, 48,7 км | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2022 | 937,3 | РБ |
2023 | 2265,4 | |||||
2024 | 2505,4 | |||||
2025 | 2569,6 | |||||
2021 | 161,2 | ЖБ | ||||
2022 | 234,3 | |||||
2023 | 566,4 | |||||
2024 | 626,2 | |||||
2025 | 642,4 | |||||
71. | Магистральдық үш сутартқышты реконструкциялауды аяқтау, 7,5 км | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2021 | 546,1 | ЖБ |
72. | Ду 300-500 мм коллекторларын реконструкциялау (Матросов, Новоселов, Қонаев көшелері бойында) | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2021 | 29,0 | ЖБ |
2022 | 202,7 | |||||
73. | Өңірлерді дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамыту | пайдалануға беру актісі | ҰЭМ, әкімдік | 2022 | 1594,0 | РБ |
2023 | 1173,3 | |||||
2024 | 4166,7 | |||||
2022 | 83,9 | ЖБ | ||||
2023 | 61,7 | |||||
2024 | 219,3 | |||||
74. | 16, 17-шағын аудандарда жеке тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу (электрмен жабдықтау, сыртқы сумен жабдықтау желілері) | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2023 | 2970,0 | РБ |
330,0 | ЖБ | |||||
75. | Қаланың шағын аудандарында сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау, 30,3 км | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2023 | 334,3 | РБ |
2024 | 431,7 | |||||
2023 | 83,6 | ЖБ | ||||
2024 | 107,9 | |||||
76. | Тазарту су құбырлары құрылыстарының № 1 және 2 сорғы станцияларын реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2023 | 1944,0 | РБ |
486,0 | ЖБ | |||||
77. | Тазарту су құбырлары құрылыстары реагенттік шаруашылығының, хлор шаруашылығының, сүзгі станциясының блогын реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2024 | 1280,0 | РБ |
320,0 | ЖБ | |||||
78. | Оңтүстік және солтүстік аудандардың кәріз желілерін салу | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2022 | 200,0 | РБ |
2023 | 926,9 | |||||
2024 | 741,5 | |||||
2022 | 50,0 | ЖБ | ||||
2023 | 231,7 | |||||
2024 | 185,4 | |||||
Жолдар және абаттандыру | ||||||
79. | Мал қорымын салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 17,0 | ЖБ |
80. | Солнечный кентінде жарықтандыру желілерін салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 33,5 | ЖБ |
81. | Автодром салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 104,6 | ЖБ |
82. |
Автомобиль жолдарын реконструкциялау, | пайдалануға беру актісі |
ҰЭМ, | 2021 | 2077,0 | РБ |
2022 | 2200,0 | |||||
2023 | 2400,0 | |||||
2024 | 2600,0 | |||||
2025 | 2800,0 | |||||
2021 | 338,0 | ЖБ | ||||
2022 | 248,2 | |||||
2023 | 389,8 | |||||
2024 | 277,5 | |||||
2025 | 366,2 | |||||
83. | Автомобиль жолдарын орташа жөндеу, 30,6 км | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 294,4 | ЖБ |
2023 | 180,8 | |||||
2024 | 220,0 | |||||
2025 | 240,0 | |||||
84. | "Ауыл – Ел бесігі" жобасы шеңберінде Қоянды ауылындағы кентішілік жолды орташа жөндеу, 6 км | орындалған жұмыстар актісі | ҰЭМ, әкімдік | 2025 | 300,0 | РБ |
85. | "Шахтер" мәдениет және демалыс саябағын реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2023 | 500,0 | ЖБ |
2024 | 1000,0 | |||||
2025 | 1000,0 | |||||
86. | Екібастұздың 50 жылдығы атындағы саябақты абаттандыру | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 25,0 | ЖБ |
87. | Қаланың 50 ауласын абаттандыру | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 386,7 | ЖБ |
2023 | 376,6 | |||||
2024 | 784,1 | |||||
88. | Автобустар арасындағы қозғалыс аралығын қысқарту мақсатында автобус паркін жаңарту | автобустар сатып алу |
әкімдік | 2021 | 180,0 | БК |
2022 | 180,0 | |||||
2023 | 180,0 | |||||
2024 | 180,0 | |||||
2025 | 180,0 | |||||
4.5.Тұрғын үй | ||||||
89. | 23-шағын ауданда және "Ипподром" ауданында жеке тұрғын үй салуды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын аяқтау, жылумен жабдықтау | пайдалануға беру актісі |
ҰЭМ, | 2021 | 110,6 | ЖБ |
90. | Кезекте тұрғандар үшін 9 қабатты сегiз тұрғын үй салу (сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй) | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2021 | 2466,7 |
РБ |
2022 | 852,8 | |||||
2021 | 1424,2 | ЖБ | ||||
91. | "Ипподром" ауданында аз қабатты тұрғын үйлер салу (кредиттік) | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік, "Бәйтерек" ҰБХ (келісу бойынша) | 2022 | 1351,3 | БК |
2023 | 2425,8 | |||||
2024 | 2568,7 | |||||
2025 | 3357,1 | |||||
92. | Тұрғын үйлерді жаңғырту (20 үй) | пайдалануға беру актісі |
ИИДМ, | 2021 | 67,3 | РБ |
2022 | 180,0 | |||||
93. | "2021 – 2025 жылдарға Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жеке құрылыс салушыларды тарту | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2021 | 700,0 | БК |
2022 | 700,0 | |||||
2023 | 700,0 | |||||
4.6. Цифрландыруды дамыту | ||||||
94. |
Жобаларды іске асыру: | орындалған жұмыстар актісі | әкімдік | 2021 | 25,0 | ЖБ |
2022 | 25,0 | |||||
2023 | 25,0 | |||||
2021 | 50,0 | БК | ||||
2022 | 75,0 | |||||
2023 | 50,0 | |||||
95. | Азаматтар көп жиналатын және құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасау қатерінің ықтимал көріністері бар жерлерде "SOS батырмалары" көмегін шұғыл шақыру құрылғыларын (кепілді электрмен қоректендіруді және деректерді беру арналарын қамтамасыз ете отырып) орнату мәселесін пысықтау | ІІМ-ге ақпарат |
әкімдік | 2021 | талап етілмейді | |
4.7. Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп | ||||||
96. | Жедел басқару орталығын салу | пайдалануға беру актісі |
әкімдік, | 2023 | 225,0 | ЖБ |
97. | Мобильді 3 полиция бекетін сатып алу | қабылдау-беру актісі | әкімдік | 2022 | 87,0 | ЖБ |
98. | Ауылдық учаскеліктер үшін жабдықталған жұмыс орнымен біріктірілген қызметтік тұрғын үй сатып алу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 80,0 | ЖБ |
2023 | 100,0 | |||||
99. | Учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция топтары үшін 11 бірлік қызметтік автомашина сатып алу | қабылдау-беру актісі | әкімдік | 2022 | 50,4 | ЖБ |
2023 | 42,0 | |||||
100. | Солнечный кентінде 2 автокөлікке арналған өрт депосын салу | пайдалануға беру актісі |
ТЖМ, | 2023 | 15,0 | РБ |
2024 | 365,0 | |||||
101. | Мамандандырылған № 2 өрт бөлімінің өрт депосы ғимаратын күрделі жөндеу | орындалған жұмыстар актісі |
ТЖМ, | 2023 | 20,0 | РБ |
2024 | 200,0 | |||||
102. | № 6 өрт бөлімінің өрт депосы ғимаратын күрделі жөндеу | орындалған жұмыстар актісі |
ТЖМ, | 2023 | 5,0 | РБ |
2024 | 50,0 | |||||
103. | Жедел құтқару жасағының құтқару бөлімшесінің ғимараттары мен құрылыстарын реконструкциялау | пайдалануға беру актісі |
ТЖМ, | 2023 | 150,0 |
РБ |
104. | 14 дана телерадио хабарларын таратуды ұстап қалу жүйесін және дабыл-сөйлеу қондырғыларын сатып алу | қабылдау-беру актісі |
ТЖМ, | 2024 | 101,1 | РБ |
5. Экологиялық проблемаларды шешу | ||||||
105. | Жыл сайын кемінде 4,2 мың дана ағаш пен бұта отырғызу | ЭГТРМ-ге ақпарат | әкімдік | 2021 | 72,0 |
ЖБ |
2022 | 72,0 | |||||
2023 | 72,0 | |||||
2024 | 72,0 | |||||
2025 | 72,0 | |||||
106. | Жасыл белдеуді қалыптастыру | Павлодар облысы әкімдігінің қаулысы | әкімдік | 2022 | 25,0 | ЖБ |
2023 | 25,0 | |||||
2024 | 25,0 | |||||
2025 | 20,0 | |||||
107. | Ұйымдастырылмаған қоқыс үйінділерін жою | ЭГТРМ-ге ақпарат | әкімдік | 2021 | 12,2 |
ЖБ |
2022 | 12,2 | |||||
2023 | 12,2 | |||||
2024 | 12,2 | |||||
2025 | 12,2 | |||||
108. | Атмосфералық ауаның жай-күйі туралы деректерді LED-экранға беру | орындалған жұмыстар актісі | әкімдік | 2021 | 10,5 | ЖБ |
2022 | 11,3 | |||||
2023 | 11,9 | |||||
2024 | 12,5 | |||||
2025 | 13,1 | |||||
109. | Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарының жаңа өндірістерді ашу кезінде қоршаған ортаны қорғау бойынша заманауи инновациялар мен технологияларды қолдануы | ЭГТРМ-ге ақпарат | әкімдік | 2021 | 500,0 | ЖИ |
2022 | 500,0 | |||||
2023 | 500,0 | |||||
2024 | 500,0 | |||||
2025 | 500,0 | |||||
110. | Қаланың электр станцияларында күл шығарындыларын азайту үшін электр сүзгілеріне жыл сайынғы жөндеу жүргізу | ЭГТРМ-ге ақпарат | әкімдік | 2021 | 239,8 | БК |
2022 | 243,2 | |||||
2023 | 245,0 | |||||
2024 | 245,0 | |||||
2025 | 245,0 | |||||
111. | Екібастұз қаласының дендрологиялық жоспарын әзірлеу | ЭГТРМ-ге ақпарат | әкімдік | 2022 | 25,0 | ЖБ |
112. | Шідерті және Солнечный кенттерінде қатты-тұрмыстық қалдықтарды уақытша қоймалауға және сұрыптауға арналған алаңдар орнату | орындалған жұмыстар актісі | әкімдік | 2023 | 180,0 | ЖБ |
113. | Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды енгізу | ЭГТРМ-ге ақпарат | әкімдік | 2021 | 17,1 | ЖБ |
2021 | 25,0 | БК | ||||
2022 | 17,1 | ЖБ | ||||
2022 | 26,5 | БК | ||||
114. | Қатты әсер ететін улы заттар шығарындысымен байланысты авариялардың туындау салдарын барынша азайту үшін өзінің технологиялық процестерінде қатты әсер ететін улы заттарды пайдаланатын республикалық және коммуналдық меншіктегі кәсіпорындарды неғұрлым қауіпсіз реагенттер мен қондырғыларға кезең-кезеңмен ауыстыру мәселесін пысықтау |
ТЖМ-ге |
әкімдік, | 2021 | талап етілмейді |
* Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде әкімдік бюджет заңнамасына сәйкес қажетті құжаттаманы берген кезде нақтыланатын болады.
Қолдау көрсетілген жобалар бойынша қаржыландыру көлемі
Қаржыландыру көзі | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 | Жиыны |
Республикалық бюджет | 8 393,6 | 14 781,2 | 18 375,9 | 15 903,5 | 7 273,2 | 64 727,4 |
Жергілікті бюджет | 3 734,1 | 5 377,9 | 6 691,5 | 10 789,1 | 6 893,0 | 33 485,5 |
Басқа көздер | 77 779,8 | 169 902,5 | 321 470,8 | 153 247,9 | 112 230,3 | 834 631,3 |
Жиыны | 89 907,5 | 190 061,6 | 346 538,2 | 179 940,5 | 126 396,5 | 932 844,3 |
2025 жылдың қорытындысы бойынша Кешенді жоспарды іске асырудан күтілетін нәтижелер:
Өнеркәсіп өндірісінің көлемін 1050 млрд теңге деңгейінде қамтамасыз ету жоспарлануда, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде – кемінде 20 %. Негізгі капиталға салынған инвестициялар сомасы 737,0 млрд теңгені құрайды, шамамен 2000 тұрақты жұмыс орны құрылады. Бұл көрсеткіштерге қол жеткізу, оның ішінде негізгі критерийі электр энергиясына бекітілген тариф болатын Екібастұз қаласының индустриялық аймағын құру нәтижесінде мүмкін болады. Ұзақ мерзімді перспективаға "KEGOC" АҚ-мен әлеуетті инвесторлардың көп санын тарту үшін өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты кеңейту үшін 1000 МВт төмендету қосалқы станциясын салу жөнінде уағдаластық бар.
Шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шеңберінде жұмыс істеп тұрған субъектілер санын 8,5-тен 10,0 мың бірлікке дейін ұлғайту, өнім шығарудың өсуін 96,2-ден 133,0 млрд теңгеге дейін, сондай-ақ жұмыспен қамтылғандар санын 22,7-ден 27,0 мың адамға дейін қамтамасыз ету жоспарлануда, 16,5 мың жұмыс орны, оның ішінде 14,0 мың тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.
Агроөнеркәсіптік кешенде жоспарланып отырған іс-шаралар:
- мал басын 16 %-ға арттыруға, демек, сүт және ет өндірісі арттыруға;
- жем-шөп базасының көлемін 10 %-ға, оның ішінде суармалы жерлерді ұлғайту есебінен;
- "Greenhouse Kaztomat" ЖШС жылыжай кешенінің толық жобалық қуатына шығуына байланысты ауыл шаруашылығындағы, атап айтқанда өсімдік шаруашылығындағы жалпы өнім шығару көлемін 5 %-ға;
- ауыл шаруашылығы өнімдерінің тапшылығын қысқарту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында азық-түлік өнімдерін өндіруді 4700 млн теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Инженерлік және көлік инфрақұрылымында 129,6 және 30,6 км жолдарды реконструкциялау және жөндеу нәтижесінде тиісінше жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95 %-ға дейін жеткізілетін болады, сондай-ақ тұңғыш рет қала тұрғындарының 42 %-ы үшін қолайлы және жайлы жағдайлар жасалатын болады.
Тұңғыш рет қалалық бағдарларда электрондық билеттеу жүйесі енгізілетін болады, автобус паркінің жаңаруы бүгінгі күні олардың жалпы санының 50 %-ына дейін құрайды.
Жолдардағы қауіпсіздік мәселелері "SmartCity" және "Қауіпсіз қала" жобаларын іске асыру шеңберінде шешілетін болады.
Кешенді жоспар аясында көппәтерлі 8 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған, бұл 45,0 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беруге, жетім балалар мен көпбалалы отбасыларды, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын және бүгінгі күні кезекте тұрған бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте жеке тұрғын үй құрылысына, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кемінде 370 жер учаскесін беру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Кредиттік тұрғын үйді сатудан бюджет кірісіне түсетін салық түсімдері 20,0 млрд астам теңгені құрайтын болады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін желілердің тозуын азайтуға, жылумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйін жақсартуға, 152,4 мың адамды үздіксіз сумен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 11 жобаны іске асыру көзделген.
Денсаулық сақтау саласында денсаулық сақтау мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігі нәтижесінде бала туудың өсуін және өлім-жітімді азайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бес жыл ішінде тұрғын үймен қамтамасыз етуге жәрдем көрсету есебінен шамамен 200 білікті маман тартылатын болады.
Білім беру объектілерін салу мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру саласында сапалы білім беру қызметтерін көрсетуде халықтың қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Жобаларды іске асыру есебінен шамамен 170 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады.
Мұз сарайын және басқа да спорт объектілерін салу дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушыларды қамтуды 40 %-ға дейін арттырады, 60-қа жуық жұмыс орнын қамтамасыз етеді, инфрақұрылымның жеткіліксіздігіне байланысты қала тұрғындарын, әсіресе жұмысшы жастарды спортқа тарту мәселесі өте өткір тұр.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру атмосфераға шығарылатын ластаушы заттарды жыл сайын азайтуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың қабылданған міндеттемелерді орындау бойынша жауапкершілігін арттырады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
"Атамекен" ҰКП | – | "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлік палатасы |
АШМ | – | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
"Бәйтерек" ҰБХ | – | "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы |
БҒМ | – | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
БК | – | басқа көздер |
ДСМ | – | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
ЖБ | – | жергілікті бюджет |
Еңбекмині | – | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
ІІМ | – | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
ИИДМ | – | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ | – | "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
РБ | – | республикалық бюджет |
"Самұрық-Қазына" АҚ | – |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы |
ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ТЖМ | – | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі |
ЭГТРМ | – | Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі |
ІҚМ | – | ірі қара мал |
ҰҚМ | – | ұсақ қара мал |
ШОБ | – | шағын және орта бизнес |
ЖШС | – | жауапкершілігі шектеулі серіктестік |
МАЭС | – | мемлекеттік аудандық электр станциясы |
МҚК ААЖ | – | мемлекеттік құрылыс кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі |