Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 89-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мүгедектігі бар кандидат адамдар осы тармақтың бірінші бөлігінде
көрсетілген құжаттарға халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтамаларды қосымша ұсынады.";
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Партиялық тізімде үш санат өкілдерінің: әйелдердің, жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.";
2) 97-1-бапта:
5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Депутаттық мандаттарды бөлу кезінде үш санат өкілдерінің:
әйелдердің, жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың саны партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.";
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Бұл ретте осы баптың 5-тармағы үшінші бөлігінің талаптары сақталуға тиіс.".
2-бап. Осы Конституциялық заңның 1-бабының күші осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін тағайындалған сайлауды өткізуге байланысты туындаған құқықтық қатынастарға қолданылмайды.
3-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |