Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.12.2023 № 1102 қаулысымен.
"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 15-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Нұр-Сұлтан қаласында отбасылық демалыс саябағының құрылысын қаржыландыруды;
2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |