"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 995 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 1102 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.12.2023 № 1102 қаулысымен.

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 15-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Нұр-Сұлтан қаласында отбасылық демалыс саябағының құрылысын қаржыландыруды;

      2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады