ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2022 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 79 және 111-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 872 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 60-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп, тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгеріс енгізсін.
3. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 7 қаңтардағы № 1 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 872 қаулысына 60-қосымша |
Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің сомаларын бөлу
Әкімші | Атауы | Сомасы, мың теңге | ||
Бағдарлама | ||||
Кіші бағдарлама | ||||
217 | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі | 105 477 050 | ||
010 | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервi | 105 477 050 | ||
100 | Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві | 59 527 050 | ||
101 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві | 45 000 000 | ||
102 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттар шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерві | 600 000 | ||
103 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резерві | 350 000 | ||