"2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 872 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 7 қаңтардағы № 1 қаулысы

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Осы қаулы 01.01.2022 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 79 және 111-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 872 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 60-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп, тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгеріс енгізсін.

      3. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 7 қаңтардағы
№ 1 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 872 қаулысына
60-қосымша

Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің сомаларын бөлу

Әкімші



Атауы

Сомасы, мың теңге


Бағдарлама




Кіші бағдарлама

217

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

105 477 050


010


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервi

105 477 050



100

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві

59 527 050



101

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві

45 000 000



102

Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттар шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерві

600 000



103

Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резерві

350 000







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады