Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 669 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері эпидемиялық мәні бар объектілерге медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдар болып айқындалсын.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |