Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 98 қаулысы.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 872 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері:

      1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;

      2) есепті айдан кейінгі айдың 8-күніне дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептерді беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 наурыздағы
№ 98 қаулысымен
бекітілген

Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына және "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 872 қаулысына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар 213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің 058 "Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту" республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 058 бюджеттік бағдарлама) бойынша көзделген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге, өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің пайдалану тәртібін айқындайды.

      3. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге, өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 058 бюджеттік бағдарламаның мынадай бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша пайдаланылады:

      1) 105 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" (бұдан әрі – 105 кіші бағдарлама);

      2) 107 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" (бұдан әрі – 107 кіші бағдарлама).

      5. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды 058 бюджеттік бағдарламаның 105 және 107 кіші бағдарламалары бойынша қаржыландырудың жеке жоспары негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен төлемдер бойынша жүргізеді.

2-тарау. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      6. Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:

      1) протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдарға, арнаулы жүріп-тұру құралдарына (кресло-арбалар), техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдарды кеңейтуге, ақпаратты Брайль қарпімен енгізу/шығару арқылы сөйлеу синтезі бар портативтік тифлокомпьютерге;

      2) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен, несеп қабылдағыштармен және нәжіс қабылдағыштармен) қамтамасыз ету нормаларын халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларында көзделген мөлшерге дейін ұлғайтуға және Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір рет қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге;

      3) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларына сәйкес ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге;

      4) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторийлік-курорттық емделудi ұсыну қағидаларына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге пайдаланылады.

      7. Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасы бойынша республикалық бюджеттен қаражат бөлу жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды ескере отырып, іс-шараларды іске асыруға қажетті көлемнің 50 %-ы республикалық бюджеттен, 50 %-ы жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      8. Міндетті гигиеналық құралдарға, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарға, Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір рет қолданылатын катетерлерге, протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдарға, арнаулы жүріп-тұру құралдарына (кресло-арбаларға), ақпаратты Брайль қарпімен енгізу/шығару арқылы сөйлеу синтезі бар портативтік тифлокомпьютерге, санаторийлік-курорттық емдеуге, есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтеріне қажеттіліктің және (немесе) олардың құнының ұлғаюы салдарынан ағымдағы нысаналы трансферттер сомалары жеткіліксіз болған жағдайда жергілікті атқарушы органдар оларды ұлғайтуға шығыстарды тиісті жергілікті бюджет қаражатының есебінен көздейді.

      9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мына бюджеттік бағдарламалар бойынша көздейді:

      1) 256 "Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды кеңейтуге, протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен (кресло-арбалар), санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге облыстық деңгейдегі шығыстарды қаржыландыру үшін:

      113 "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер";

      046 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламалары бойынша;

      2) техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдарды кеңейтуге, протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен (кресло-арбалар), санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде шығыстарды қаржыландыру үшін 045 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 327 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік әл-ауқат басқармасы" және 333 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы".

      10. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органдары түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді:

      1) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге, техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдарды кеңейтуге, Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір рет қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 451 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" және 801 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері бойынша;

      2) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге және санаторийлік-курорттық емдеуге 017 "Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емделу, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы жүрiп-тұру құралдары, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтері мен қамтамасыз ету" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 451 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша;

      3) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге және санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге 017 "Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтерін ұсыну" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 801 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша көздейді.

      11. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуды ескере отырып, міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектер, несеп қабылдағыштар және нәжіс қабылдағыштар) қамтамасыз ету, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну көлемін жылына отыз сағаттан алпыс сағатқа дейін ұлғайту, техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдарды кеңейту, Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларды бір рет қолданылатын катетерлермен, протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен (кресло-арбалар), санаторийлік-курорттық емдеумен, ақпаратты Брайль қарпімен енгізу/шығару арқылы сөйлеу синтезі бар портативтік тифлокомпьютермен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.

      12. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есептерді республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ұсынып отырады.

3-тарау. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртiбi

      13. Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:

      1) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын сатып алуға;

      2) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге пайдаланылады.

      14. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мына бюджеттік бағдармалар әкімшілері бойынша көздейді:

      шығыстарды облыстық деңгейде қаржыландыру үшін 053 "Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсету" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 256 "Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы";

      шығыстарды республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде қаржыландыру үшін 327 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік әл-ауқат басқармасы" және 333 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы".

      15. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есептерді республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ұсынады.

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2022 год областными бюджетами, бюджетами городов республиканского значения, столицы на обеспечение прав и улучшение качества жизни инвалидов в Республике Казахстан и услуги по замене и настройке речевых процессоров к кохлеарным имплантам

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 марта 2022 года № 98.

      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 01.01.2022.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2022 – 2024 годы" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2021 года № 872 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2022 – 2024 годы" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2022 год областными бюджетами, бюджетами городов республиканского значения, столицы на обеспечение прав и улучшение качества жизни инвалидов в Республике Казахстан и услуги по замене и настройке речевых процессоров к кохлеарным имплантам.

      2. Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан обеспечить перечисление утвержденных сумм целевых текущих трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

      3. Акимам областей, городов республиканского значения и столицы обеспечить:

      1) своевременное и целевое использование выделенных сумм целевых текущих трансфертов;

      2) представление в Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан отчетов об использовании выделенных сумм целевых текущих трансфертов до 8-го числа месяца, следующего за отчетным.

      4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2022 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 2 марта 2022 года № 98

Правила использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2022 год областными бюджетами, бюджетами городов республиканского значения, столицы на обеспечение прав и улучшение качества жизни инвалидов в Республике Казахстан и услуги по замене и настройке речевых процессоров к кохлеарным имплантам

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2022 год областными бюджетами, бюджетами городов республиканского значения, столицы на обеспечение прав и улучшение качества жизни инвалидов в Республике Казахстан и услуги по замене и настройке речевых процессоров к кохлеарным имплантам (далее – Правила) разработаны в соответствии со статьей 14 Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2022 – 2024 годы" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2021 года № 872 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2022 – 2024 годы".

      2. Правила определяют порядок использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета областными бюджетами, бюджетами городов республиканского значения, столицы на обеспечение прав и улучшение качества жизни инвалидов в Республике Казахстан и услуги по замене и настройке речевых процессоров к кохлеарным имплантам, предусмотренных по республиканской бюджетной программе 058 "Оказание социальной защиты и помощи населению на республиканском уровне, а также совершенствование системы социальной защиты и развитие инфраструктуры" администратора республиканских бюджетных программ 213 "Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан" (далее – бюджетная программа 058).

      3. Использование целевых текущих трансфертов осуществляется в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      4. Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения и столицы на обеспечение прав и улучшение качества жизни инвалидов в Республике Казахстан и услуги по замене и настройке речевых процессоров к кохлеарным имплантам используются по следующим бюджетным подпрограммам бюджетной программы 058:

      1) 105 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы на обеспечение прав и улучшение качества жизни инвалидов в Республике Казахстан" (далее – подпрограмма 105);

      2) 107 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы на услуги по замене и настройке речевых процессоров к кохлеарным имплантам" (далее – подпрограмма 107).

      5. Центральный уполномоченный орган в области социальной защиты населения (далее – администратор республиканской бюджетной программы) производит перечисление целевых текущих трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы на основании индивидуального плана финансирования по подпрограммам 105 и 107 бюджетной программы 058 по платежам в порядке, утвержденном уполномоченным органом по бюджетному планированию.

Глава 2. Порядок использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2022 год областными бюджетами, бюджетами городов республиканского значения, столицы на обеспечение прав и улучшение качества жизни инвалидов в Республике Казахстан

      6. Целевые текущие трансферты на обеспечение прав и улучшение качества жизни инвалидов в Республике Казахстан используются на:

      1) протезно-ортопедические, сурдотехнические, тифлотехнические средства, специальные средства передвижения (кресло-коляски), расширение технических вспомогательных (компенсаторных) средств, портативный тифлокомпьютер с синтезом речи, встроенным вводом/выводом информации шрифтом Брайля;

      2) увеличение норм обеспечения инвалидов обязательными гигиеническими средствами (подгузники, мочеприемники и калоприемники) до количества, предусмотренного Правилами обеспечения инвалидов протезно-ортопедической помощью, техническими вспомогательными (компенсаторными) средствами, специальными средствами передвижения в соответствии с индивидуальной программой реабилитации инвалида, включая сроки их замены, утвержденными уполномоченным органом в области социальной защиты населения, и обеспечение катетерами одноразового использования детей-инвалидов с диагнозом Spina bifida;

      3) оказание социальных услуг специалиста жестового языка в соответствии с Правилами предоставления социальных услуг специалиста жестового языка для инвалидов по слуху в соответствии с индивидуальной программой реабилитации инвалида, утвержденными уполномоченным органом в области социальной защиты населения;

      4) обеспечение санаторно-курортным лечением в соответствии с Правилами предоставления санаторно-курортного лечения инвалидам и детям-инвалидам в соответствии с индивидуальной программой реабилитации инвалида, утвержденными уполномоченным органом в области социальной защиты населения.

      7. По подпункту 3) пункта 6 настоящих Правил выделение средств из республиканского бюджета осуществляется с учетом софинансирования из местного бюджета в следующем соотношении: из республиканского бюджета – 50 %, из местного бюджета – 50 % от гарантированного объема для реализации мероприятия.

      8. В случае недостаточности сумм целевых текущих трансфертов вследствие увеличения потребности в обязательных гигиенических средствах, технических вспомогательных (компенсаторных) средствах, катетерах одноразового использования для детей-инвалидов с диагнозом Spina bifida, протезно-ортопедических, сурдотехнических, тифлотехнических средствах, специальных средствах передвижения (кресло-коляски), портативном тифлокомпьютере с синтезом речи, встроенным вводом/выводом информации шрифтом Брайля, санаторно-курортном лечении, предоставляемом инвалидам, социальных услугах специалиста жестового языка для инвалидов по слуху и (или) их стоимости, местные исполнительные органы предусматривают расходы на их увеличение за счет средств соответствующего местного бюджета.

      9. Акимы областей, городов республиканского значения и столицы поступающие целевые текущие трансферты предусматривают по бюджетным программам:

      1) по администратору бюджетных программ 256 "Управление координации занятости и социальных программ области" по местным бюджетным программам:

      113 "Целевые текущие трансферты нижестоящим бюджетам";

      046 "Обеспечение прав и улучшение качества жизни инвалидов в Республике Казахстан" для финансирования расходов на областном уровне на расширение технических вспомогательных (компенсаторных) средств, обеспечение протезно-ортопедическими, сурдотехническими, тифлотехническими средствами, специальными средствами передвижения (кресло-коляски), санаторно-курортным лечением;

      2) 327 "Управление социального благосостояния города республиканского значения, столицы" и 333 "Управление занятости и социальной защиты города республиканского значения, столицы" по местной бюджетной программе 045 "Обеспечение прав и улучшение качества жизни инвалидов в Республике Казахстан" для финансирования расходов на уровне города республиканского значения, столицы на расширение технических вспомогательных (компенсаторных) средств, обеспечение протезно-ортопедическими, сурдотехническими, тифлотехническими средствами, специальными средствами передвижения (кресло-коляски), санаторно-курортным лечением.

      10. Уполномоченные органы района, города областного значения поступающие целевые текущие трансферты предусматривают:

      1) по администраторам бюджетных программ 451 "Отдел занятости и социальных программ района (города областного значения)" и 801 "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния района (города областного значения)" по местной бюджетной программе 050 "Обеспечение прав и улучшение качества жизни инвалидов в Республике Казахстан" на увеличение норм обеспечения инвалидов обязательными гигиеническими средствами, оказания услуг специалиста жестового языка, расширение технических вспомогательных (компенсаторных) средств и обеспечение катетерами одноразового использования детей-инвалидов с диагнозом Spina bifida;

      2) по администратору бюджетных программ 451 "Отдел занятости и социальных программ района (города областного значения)" 017 "Обеспечение нуждающихся инвалидов протезно-ортопедическими, сурдотехническими и тифлотехническими средствами, специальными средствами передвижения, обязательными гигиеническими средствами, а также предоставление услуг санаторно-курортного лечения, специалиста жестового языка, индивидуальных помощников в соответствии с индивидуальной программой реабилитации инвалида" на увеличение норм обеспечения инвалидов обязательными гигиеническими средствами, оказания услуг специалиста жестового языка и санаторно-курортного лечения;

      3) по администратору бюджетных программ 801 "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния района (города областного значения)" 017 "Обеспечение нуждающихся инвалидов обязательными гигиеническими средствами и предоставление услуг специалистами жестового языка, индивидуальными помощниками в соответствии с индивидуальной программой реабилитации инвалида" на увеличение норм обеспечения инвалидов обязательными гигиеническими средствами, оказания услуг специалиста жестового языка и санаторно-курортного лечения.

      11. Местные исполнительные органы осуществляют в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, комплекс мероприятий по обеспечению инвалидов обязательными гигиеническими средствами (подгузники, мочеприемники и калоприемники) с учетом увеличения норм обеспечения, увеличению объема предоставления в соответствии с индивидуальной программой реабилитации социальных услуг специалиста жестового языка для инвалидов по слуху с тридцати часов до шестидесяти часов в год, расширению технических вспомогательных (компенсаторных) средств, обеспечению катетерами одноразового использования для детей-инвалидов с диагнозом Spina bifida, протезно-ортопедическими, сурдотехническими, тифлотехническими средствами, специальными средствами передвижения (кресло-коляски), санаторно-курортным лечением, портативным тифлокомпьютером с синтезом речи, встроенным вводом/выводом информации шрифтом Брайля.

      12. Акимы областей, городов республиканского значения, столицы по итогам года не позднее 20 января года, следующего за отчетным, представляют администратору республиканской бюджетной программы отчеты о достигнутых результатах за счет использования выделенных целевых текущих трансфертов.

Глава 3. Порядок использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2022 год областными бюджетами, бюджетами городов республиканского значения, столицы на услуги по замене и настройке речевых процессоров к кохлеарным имплантам

      13. Целевые текущие трансферты на услуги по замене и настройке речевых процессоров к кохлеарным имплантам используются на:

      1) приобретение речевых процессоров к кохлеарным имплантам;

      2) оплату услуг по замене и настройке речевых процессоров к кохлеарным имплантам.

      14. Акимы областей, городов республиканского значения и столицы поступающие целевые текущие трансферты предусматривают по следующим администраторам бюджетных программ:

      256 "Управление координации занятости и социальных программ области" для финансирования расходов на областном уровне;

      327 "Управление социального благосостояния города республиканского значения, столицы", 333 "Управление занятости и социальной защиты города республиканского значения, столицы" для финансирования расходов на уровне города республиканского значения, столицы по местной бюджетной программе 053 "Услуги по замене и настройке речевых процессоров к кохлеарным имплантам".

      15. Акимы областей, городов республиканского значения, столицы по итогам года не позднее 20 января года, следующего за отчетным, представляют администратору республиканской бюджетной программы отчеты о достигнутых результатах за счет использования выделенных целевых текущих трансфертов.

      ______________________