ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 872 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері:
1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
2) есепті айдан кейінгі айдың 8-күніне дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептерді беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 98 қаулысымен бекітілген |
Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына және "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 872 қаулысына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар 213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің 058 "Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту" республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 058 бюджеттік бағдарлама) бойынша көзделген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге, өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің пайдалану тәртібін айқындайды.
3. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге, өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 058 бюджеттік бағдарламаның мынадай бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша пайдаланылады:
1) 105 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" (бұдан әрі – 105 кіші бағдарлама);
2) 107 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" (бұдан әрі – 107 кіші бағдарлама).
5. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды 058 бюджеттік бағдарламаның 105 және 107 кіші бағдарламалары бойынша қаржыландырудың жеке жоспары негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен төлемдер бойынша жүргізеді.
2-тарау. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
6. Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:
1) протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдарға, арнаулы жүріп-тұру құралдарына (кресло-арбалар), техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдарды кеңейтуге, ақпаратты Брайль қарпімен енгізу/шығару арқылы сөйлеу синтезі бар портативтік тифлокомпьютерге;
2) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен, несеп қабылдағыштармен және нәжіс қабылдағыштармен) қамтамасыз ету нормаларын халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларында көзделген мөлшерге дейін ұлғайтуға және Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір рет қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге;
3) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларына сәйкес ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге;
4) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторийлік-курорттық емделудi ұсыну қағидаларына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге пайдаланылады.
7. Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасы бойынша республикалық бюджеттен қаражат бөлу жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды ескере отырып, іс-шараларды іске асыруға қажетті көлемнің 50 %-ы республикалық бюджеттен, 50 %-ы жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
8. Міндетті гигиеналық құралдарға, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарға, Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір рет қолданылатын катетерлерге, протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдарға, арнаулы жүріп-тұру құралдарына (кресло-арбаларға), ақпаратты Брайль қарпімен енгізу/шығару арқылы сөйлеу синтезі бар портативтік тифлокомпьютерге, санаторийлік-курорттық емдеуге, есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтеріне қажеттіліктің және (немесе) олардың құнының ұлғаюы салдарынан ағымдағы нысаналы трансферттер сомалары жеткіліксіз болған жағдайда жергілікті атқарушы органдар оларды ұлғайтуға шығыстарды тиісті жергілікті бюджет қаражатының есебінен көздейді.
9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мына бюджеттік бағдарламалар бойынша көздейді:
1) 256 "Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды кеңейтуге, протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен (кресло-арбалар), санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге облыстық деңгейдегі шығыстарды қаржыландыру үшін:
113 "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер";
046 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламалары бойынша;
2) техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдарды кеңейтуге, протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен (кресло-арбалар), санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде шығыстарды қаржыландыру үшін 045 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 327 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік әл-ауқат басқармасы" және 333 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы".
10. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органдары түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді:
1) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге, техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдарды кеңейтуге, Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір рет қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 451 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" және 801 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері бойынша;
2) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге және санаторийлік-курорттық емдеуге 017 "Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емделу, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы жүрiп-тұру құралдары, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтері мен қамтамасыз ету" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 451 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша;
3) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге және санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге 017 "Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтерін ұсыну" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 801 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша көздейді.
11. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуды ескере отырып, міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектер, несеп қабылдағыштар және нәжіс қабылдағыштар) қамтамасыз ету, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну көлемін жылына отыз сағаттан алпыс сағатқа дейін ұлғайту, техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдарды кеңейту, Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларды бір рет қолданылатын катетерлермен, протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен (кресло-арбалар), санаторийлік-курорттық емдеумен, ақпаратты Брайль қарпімен енгізу/шығару арқылы сөйлеу синтезі бар портативтік тифлокомпьютермен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
12. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есептерді республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ұсынып отырады.
3-тарау. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртiбi
13. Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:
1) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын сатып алуға;
2) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге пайдаланылады.
14. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мына бюджеттік бағдармалар әкімшілері бойынша көздейді:
шығыстарды облыстық деңгейде қаржыландыру үшін 053 "Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсету" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 256 "Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы";
шығыстарды республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде қаржыландыру үшін 327 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік әл-ауқат басқармасы" және 333 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы".
15. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есептерді республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ұсынады.