Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Арнаулы мекемелерде қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қоғамдық бақылау комиссияларын құру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 702 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |