Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 157 қаулысы
"Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 56) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқыгындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны цифрлық трансформациялау бағдарламаларын іске асыру үшін бизнес-процестердің (02С, 02В, 020) реинжинирингі бойынша көрсетілетін қызметтерді беруші болып айқындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |