Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 164 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
I. Президенттің өкілеттіктері туралы | ||||
1. |
Мыналарды заңнамада бекіту: |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы |
2. | Қазақстан Республикасының заңнамасына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағалары мен мүшелерінің міндетті түрде партиядан шығуы туралы ережені енгізу |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, |
2022 жылғы |
3. | Әкімдер мен олардың орынбасарларының саяси партиялар филиалдарында лауазымдар атқаруына заң жүзінде тыйым салу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Үкімет |
2022 жылғы |
II. Өкілді билік тармағын қайта құру | ||||
4. |
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатын жасақтау тәртібі мен оның бірқатар функцияларын қайта қарау, оның ішінде: |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, |
2022 жылғы |
5. |
Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасын жою арқылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі депутаттық орындардың санын қысқарту. |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы |
6. |
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Жоғары аудиторлық палата төрағасының есептерін жылына екі рет тыңдау құқығын бере отырып, республикалық бюджеттің атқарылу сапасына парламенттік бақылауды күшейту. |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы |
7. | Қазақстан Республикасының заңнамасына Қазақстан Республикасы Президентінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің лауазымдарына кем дегенде екі кандидатураны баламалы негізде енгізу құқығын регламенттейтін түзетулерді әзірлеу, сондай-ақ мәслихат төрағасы лауазымын енгізу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Үкімет |
2022 жылғы |
III. Сайлау жүйесін жетілдіру | ||||
8. |
Мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттар үшін императивті мандат енгізе отырып, азаматтарға сайлану мүмкіндігін беретін аралас сайлау жүйесіне көшу: |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы |
IV. Партиялық жүйе үшін мүмкіндіктерді кеңейту | ||||
9. |
Саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдету, оның ішінде: |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Үкімет |
2022 жылғы |
V. Сайлау процесін жаңғырту | ||||
10. |
Сайлау процесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау, оның ішінде: |
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы | Үкімет, ОСК,ҰҚК, ҚМА |
2022 жылғы |
11. | Екі рет дауыс беру ықтималдығын болдырмау, сондай-ақ кез келген учаскеде дауыс бере алу мақсатында сайлаушылардың бірыңғай электрондық базасын құрудың орындылығын қарау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, ОСК | 2022 жылғы тамыз |
12. | Сайлау процесін ұйымдастырудың, сондай-ақ дауыс берудің баламалы нысандарын, оның ішінде электрондық, мерзімінен бұрын, қашықтан, көп күндік дауыс беруді пайдаланудың әлемдік үздік тәжірибесін зерделеу | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, ОСК | 2022 жылғы тамыз |
VI. Құқық қорғау институттарын күшейту | ||||
13. | Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотын құру, оған азаматтардың, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің де азаматтардың конституциялық құқықтарын тікелей қозғайтын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы жүгінуіне мүмкіндік беру |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы |
14. | Қазақстан Республикасының Конституциясында өлім жазасын жою туралы шешімді бекіту |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы |
15. |
Азаптау туралы істер бойынша прокуратура органдарының айрықша тергеулігін белгілеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
БП, |
2022 жылғы |
16. | Қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін, оның ішінде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдату қажеттігі мәселесін пысықтай отырып, жүйелі шаралар қабылдау | Президент Әкімшілігіне ақпарат |
БП, Үкімет, |
2022 жылғы |
17. | "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы |
18. | "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы |
19. | "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау | Президент Әкімшілігіне ақпарат |
Үкімет, БП, |
2023 жылғы 10 шілдеге дейін, тоқсан сайын, |
20. | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің конкурстық рәсімдерінен онлайн-трансляциясын жасауды және олардың қорытындылары бойынша егжей-тегжейлі, дәлелді түсіндірмелер жариялауды енгізу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ЖСК, Үкімет |
2022 жылғы |
21. | Сот алқабилерінің қатысуымен қарайтын істердің санатын кеңейту |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ЖС, БП, Үкімет |
2022 жылғы |
VII. Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту | ||||
22. | Мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Үкімет |
2022 жылғы |
23. | Мемлекеттің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын күшейту бойынша қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың реформаларды дайындау мен іске асыруға, оның ішінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларын ашық талқылау арқылы кеңінен тартылуына бағытталған тәсілдерді тұжырымдау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | СЖРА, Үкімет |
2022 жылғы |
24. | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысын жалпыұлттық деңгейде жалғастыру үшін Ұлттық құрылтай құру | Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы | Үкімет |
2022 жылғы |
VIII. Елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру | ||||
25. | Әкімшілік орталығы Семей қаласында болатын Абай облысын құру | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | Үкімет, Шығыс Қазақстан облысының әкімі |
2022 жылғы |
26. | Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында болатын Ұлытау облысын құру | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | Үкімет, Қарағанды облысының әкімі |
2022 жылғы |
27. | Алматы облысын әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында болатын Жетісу облысына және әкімшілік орталығы Қапшағай қаласында болатын Алматы облысына бөлу | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | Үкімет, Алматы облысының әкімі |
2022 жылғы |
28. | Қапшағай қаласының атауын өзгерту мәселесін халықтың пікірін ескере отырып пысықтау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, Алматы облысының әкімі |
2022 жылғы |
29. | Халықтың санын ескере отырып, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің аппараттарындағы мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру, оның ішінде әкімдер орынбасарларының үшеуден аспайтын (айрықша жағдайларда әкімдер орынбасарларының төртеуден аспайтын) лимитін белгілеу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Үкімет, |
2022 жылғы |
IX. Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру | ||||
30. |
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы" әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасы Заңының жобасында мыналарды көздеу: | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет |
2022 жылғы |
31. | Жергілікті өзін-өзі басқарудың еуропалық хартиясын Қазақстанның ратификациялауы мәселесін пысықтау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет | 2022 жылғы маусым |
X. Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар туралы | ||||
32. |
Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралардың кешенді топтамасын шұғыл түрде іске асыру, оның ішінде мыналар көзделеді: | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, ҰБ, ҚНРДА | 2022 жылғы сәуір |
33. | Егін егу науқанын сапалы жүргізуді қамтамасыз ету, оның ішінде фермерлерге жанар-жағармай материалдарының қажетті жеңілдікті көлемін бөлу, ауыл шаруашылығы техникасының дайындығын, тұқым мен тыңайтқыш қорларын тексеру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, облыстардың әкімдері |
2022 жылғы |
34. | Азық-түліктің тапшылығы мен бағасының өсуін болғызбау бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік тұрақтандыру қорларына форвардтық сатып алуды жүзеге асыру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері |
2022 жылғы |
35. | Туындайтын әлеуметтік-экономикалық тәуекелдер мен сын-қатерлерге байланысты отандық бизнестің проблемаларына Ахуалдық орталық режимінде жылдам ден қою тәсілдерін Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың аясында тұжырымдау | Президент Әкімшілігіне ақпарат |
Үкімет, |
2022 жылғы |
36. | Саяси жаңғыру стратегиясын ескере отырып, экономика мен мемлекеттік басқарудағы жаңа құрылымдық реформалар топтамасын дайындау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | СЖРА, Үкімет, ҰБ, МҚІА, БҚДА | 2022 жылғы шілде |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл | – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл |
БҚДА | – Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі |
БП | – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
ЕК | – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті |
ЖС | – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты |
ЖСК | – Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі |
КК | – Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі |
ҚМА | – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі |
ҚНРДА | – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі |
МҚІА | – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
ОСК | – Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы |
Президент Әкімшілігі | – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі |
СЖРА | – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі |
Үкімет | – Қазақстан Республикасының Үкіметі |
ҰБ | – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
ҰҚК | – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
ІІМ | – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |