"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 177 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесінде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар";

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) орталық депозитарий – "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 45-бабының 2-1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам. Орталық депозитарий эмитентпен жасасқан шартқа сәйкес төлем агентінің функцияларын және қазынашылық міндеттемелерді есепке алу және оларға қызмет көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қазынашылық міндеттемелерді шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, оларға қызмет көрсетудің және өтеудің жалпы шарттары";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Егер қазынашылық міндеттемелерді шығару шарттарында өзгеше көзделмесе, эмитент қайталама нарықта нарықтық баға бойынша қазынашылық міндеттемелердің белгілі бір шығарылымның бүкіл немесе ішінара көлемін сатып алуға және оларды өтеуге құқылы.

      Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қазынашылық міндеттемелерді сатып алуды эмитент эмитенттің қазынашылық міндеттемелерінің айналысы кезеңі ішінде жүзеге асырады.

      Сатып алынған қазынашылық міндеттемелерді сақтау орталық депозитарийде жүзеге асырылады.

      Қазынашылық міндеттемелерді сатып алуды эмитент қаржы агентінің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады, онда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында кері сатып алуды жүргізу үшін қажетті тәртіп қамтылады.

      Қазынашылық міндеттемелердің белгілі бір шығарылымының бір бөлігін немесе бүкіл көлемін сатып алу туралы эмитенттің шешімі орталық депозитарийдің және қаржы агентінің назарына жеткізіледі. Орталық депозитарий және қаржы агенті осы хабарламаны алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы қазынашылық міндеттемелерді ұстаушыларға хабарлайды.

      Қазынашылық міндеттемелерді сатып алу қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылар хабарламаны алғаннан кейін күнтізбелік 14 күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Қазынашылық міндеттемелердің әрбір шығарылымын кері сатып алудың көлемі мен шарттарын эмитент қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылармен келісу арқылы айқындайды.

      Қазынашылық міндеттемелерді кері сатып алуды жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Эмитенттің қазынашылық міндеттемелерді кері сатып алуды жүргізу туралы шешімі эмитенттің және қаржы агентінің ресми сайтында жарияланады.";

      16-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-1. Эмитент қазынашылық міндеттемелердің айналыстағы белгілі бір шығарылым (-дар-)ын эмитент белгілеген тәртіппен осы қазынашылық міндеттемелердің барлық ұстаушыларының келісімі бойынша нарықтық немесе өзге құны бойынша қазынашылық міндеттемелердің жаңа шығарылымына алмастыруды жүзеге асыра алады. Қазынашылық міндеттемелерді алмастыру оған тілек білдірген қазынашылық міндеттемелерді ұстаушыларда ғана жүргізіледі.

      Айналыстағы қазынашылық міндеттемелердің белгілі бір шығарылымын қазынашылық міндеттердің жаңа шығарылымына алмастыру туралы эмитенттің шешімі орталық депозитарийдің және қаржы агентінің назарына осындай сатып алу күніне дейін 20 (жиырма) жұмыс күні бұрын жеткізіледі. Қаржы агенті, өз кезегінде осы хабарламаны алғаннан кейін бес (5) жұмыс күні ішінде бұл туралы бастапқы делдалдарға хабарлайды.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер";

      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Жазылудың жүргізілуі кезеңінде агент жұмыс күні ішінде өтінімдер қабылдауды жүргізеді. Келесі күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 11.00-ге дейін агент қабылданған және қанағаттандырылған өтінімдердің жиынтық ведомосын қалыптастырып, эмитентке және бастапқы орналастыруға арналған бұйрықтарды орталық депозитарийге жібереді.

      Орталық депозитарий қабылданған бұйрықтардың негізінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді тиісті қосалқы шоттарға есепке жазады және сол күнгі Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12.00-ге дейін бұйрықтардың орындалуы (орындалмауы) туралы есептерді агентке жібереді.";

      109 және 110-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "109. Сыйақы төлейтін күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 16.00-ге дейін эмитент Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сыйақы төлеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша ақшаны теңгемен алдағы сыйақы төлеу туралы мәліметтерде көрсетілген сомада орталық депозитарийдің позициясына аударады.

      110. Сыйақы төлейтін күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 17.00-ге дейін орталық депозитарий осы Ереженің 108-тармағына сәйкес қалыптастырылған тізімге сәйкес эмитенттен түскен ақшаны депоненттерге аударады.";

      115 және 116-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "115. Өтеу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 16.00-ге дейін эмитент Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өтеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша ақшаны теңгемен алдағы өтеу туралы мәліметтерде көрсетілген сомада орталық депозитарийдің позициясына аударады.

      116. Өтеу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 17.00-ге дейін орталық депозитарий осы Ереженің 114-тармағына сәйкес қалыптастырылған тізімге сәйкес ақшаны депоненттерге аударады және бір мезгілде ұстаушылардың қосалқы шоттарынан өтелетін арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді есептен шығарады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 апреля 2009 года № 466 "Об утверждении Правил выпуска, размещения, обращения, обслуживания и погашения государственных казначейских обязательств Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2022 года № 177.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 апреля 2009 года № 466 "Об утверждении Правил выпуска, размещения, обращения, обслуживания и погашения государственных казначейских обязательств Республики Казахстан" следующие изменения:

      в Правилах выпуска, размещения, обращения, обслуживания и погашения государственных казначейских обязательств Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Понятия, используемые в настоящих Правилах";

      подпункт 3) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "3) центральный депозитарий – специализированное некоммерческое акционерное общество, осуществляющее виды деятельности, предусмотренные пунктом 2-1 статьи 45 Закона Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг". Центральный депозитарий в соответствии с договором, заключенным с эмитентом, осуществляет функции платежного агента и функции по учету и обслуживанию казначейских обязательств;";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Общие условия выпуска, размещения, обращения, обслуживания и погашения казначейских обязательств";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Эмитент может выкупить весь или частично объем определенного выпуска казначейских обязательств по рыночной цене на вторичном рынке и погасить их, если иное не предусмотрено условиями выпуска казначейских обязательств.

      Выкуп казначейских обязательств на вторичном рынке ценных бумаг осуществляется эмитентом в течение периода обращения казначейских обязательств эмитента.

      Хранение выкупленных казначейских обязательств осуществляется в центральном депозитарии.

      Выкуп казначейских обязательств осуществляется эмитентом в соответствии с внутренними документами финансового агента, где содержится порядок, необходимый для проведения обратного выкупа на организованном рынке ценных бумаг.

      Решение эмитента о выкупе части или всего объема определенного выпуска казначейских обязательств доводится до сведения центрального депозитария и финансового агента. Центральный депозитарий и финансовый агент в течение 1 (один) рабочего дня после получения данного уведомления сообщают об этом держателям казначейских обязательств.

      Выкуп казначейских обязательств осуществляется в срок не более 14 календарных дней после получения уведомления держателями казначейских обязательств.

      Объем и условия обратного выкупа каждого выпуска казначейских обязательств определяются эмитентом при согласовании с держателями казначейских обязательств.

      Проведение обратного выкупа казначейских обязательств осуществляется за счет бюджетных средств.

      Решение эмитента о проведении обратного выкупа казначейских обязательств публикуется на официальном сайте эмитента и финансового агента.";

      пункт 16-1 изложить в следующей редакции:

      "16-1. Эмитент может осуществлять замену определенного выпуска(-ов) казначейских обязательств, находящихся в обращении, на новый выпуск казначейских обязательств с согласия держателей данных казначейских обязательств по рыночной или иной стоимости в порядке, установленном эмитентом. Замена казначейских обязательств производится только у держателей казначейских обязательств, которые изъявили на то желание.

      Решение эмитента о замене определенного выпуска(-ов) казначейских обязательств, находящихся в обращении, на новый выпуск казначейских обязательств доводится до сведения центрального депозитария и финансового агента за 20 (двадцать) рабочих дней до даты такого выкупа. Финансовый агент, в свою очередь, в течение 5 (пять) рабочих дней после получения данного уведомления сообщает об этом первичным дилерам.";

      заголовок главы 4 изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Краткосрочные казначейские обязательства";

      заголовок главы 5 изложить в следующей редакции:

      "Глава 5. Среднесрочные казначейские обязательства";

      заголовок главы 6 изложить в следующей редакции:

      "Глава 6. Долгосрочные казначейские обязательства";

      заголовок главы 7 изложить в следующей редакции:

      "Глава 7. Среднесрочные индексированные казначейские обязательства";

      заголовок главы 8 изложить в следующей редакции:

      "Глава 8. Долгосрочные индексированные казначейские обязательства";

      заголовок главы 9 изложить в следующей редакции:

      "Глава 9. Долгосрочные сберегательные казначейские обязательства";

      заголовок главы 10 изложить в следующей редакции:

      "Глава 10. Специальные среднесрочные казначейские обязательства";

      пункт 97 изложить в следующей редакции:

      "97. В период проведения подписки агент производит прием заявок в течение рабочего дня. На следующий день до 11.00 часов времени города Нур-Султана агент формирует и направляет сводную ведомость принятых и удовлетворенных заявок эмитенту и приказы на первичное размещение центральному депозитарию.

      Центральный депозитарий на основании принятых приказов зачисляет специальные среднесрочные казначейские обязательства на соответствующие субсчета и до 12.00 часов времени города Нур-Султана того же дня направляет агенту отчеты об исполнении (неисполнении) приказов.";

      пункты 109 и 110 изложить в следующей редакции:

      "109. В день выплаты вознаграждения до 16.00 часов времени города Нур-Султана эмитент переводит деньги на позицию центрального депозитария в сумме, указанной в сведениях о предстоящей выплате вознаграждения, в тенге, по официальному курсу тенге к доллару США, установленному Национальным Банком Республики Казахстан на дату выплаты вознаграждения.

      110. В день выплаты вознаграждения до 17.00 часов времени города Нур-Султана центральный депозитарий согласно списку, сформированному в соответствии с пунктом 108 настоящих Правил, переводит деньги, поступившие от эмитента, депонентам.";

      пункты 115 и 116 изложить в следующей редакции:

      "115. В день погашения до 16.00 часов времени города Нур-Султана эмитент переводит деньги на позицию центрального депозитария в сумме, указанной в сведениях о предстоящем погашении, в тенге, по официальному курсу тенге к доллару США, установленному Национальным Банком Республики Казахстан на дату погашения.

      116. В день погашения до 17.00 часов времени города Нур-Султана центральный депозитарий согласно списку, сформированному в соответствии с пунктом 114 настоящих Правил, переводит деньги депонентам и одновременно списывает с субсчетов держателей погашаемые специальные среднесрочные казначейские обязательства.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов