"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Қуанышұлы Омаровты "Хабар" агенттігі" және "Қазақпарат" халықаралық ақпараттық агенттігі" акционерлік қоғамдары директорлар кеңестерінің құрамына сайлауды қамтамасыз етсін.
2. "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі Аида Ғалымқызы Балаеваның өкілеттіктері тоқтатылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |