Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2024 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Өнеркәсіптік саясат туралы" 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесіне кіретін функционалдық және ақпараттық сервистердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 205 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесіне кіретін функционалдық және ақпараттық сервистердің тізбесі
1. Қолдау шараларының навигаторы.
2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың картасы.
3. Тоқтап тұрған объектілердің картасы.
4. Инфрақұрылымға қол жеткізу.
5. Өнеркәсіптік орындарының тізілімі.
6. Салалық статистика сервистері.
7. Салалық талдау сервистері.
8. Ақпараттық-технологиялық шешімдер тізілімі.
9. Ғылыми-зерттеу институттарының тізілімі.
10. Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ақпараттық-технологиялық сектордың өзара іс-қимыл жасауына арналған алаң.
11. Цифрлық жобаларды өндіріске енгізу бойынша білім базасы.
12. Шешімдер тиімділігінің калькуляторы.
13. Оқыту материалдары мен вебинарлар.