"Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 227 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларында:

      2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) қарыз шарты – оператор өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін ақша қаражатының белгілі бір мөлшерін ұйымның меншігіне беруге міндеттенетін, ал ұйым осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып, операторға ақша қаражатын уақтылы қайтаруға міндеттенетін шарт;

      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган – қоршаған ортаны қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы (бұдан әрі – оператор) – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды және оның (олардың) қаптамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

      4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) өңдеу саласындағы жоба – қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, оның ішінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру жолымен көлік құралдарын жаңартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібі саласындағы жоба және/немесе технологиялық және инновациялық шешімдерді іске асыруға бағытталған серпінді жоба;

      6) ұйым – Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалған шарттарда серпінді өңдеу жобаларын қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін "Өнеркәсіпті дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 521 қаулысына сәйкес құрылған "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      7) техникалық регламент – Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті.

      3. Оператордың қаражаты есебінен қаржыландырылатын өңдеу саласындағы жобалар осы Қағидаларға және ұйымның ішкі актілеріне сәйкес, ал Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру жолымен көлік құралдарын жаңартуға бағытталғандар мынадай шарттарда іріктеледі:

      1) Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру жолымен автокөлік құралдарын жаңартуға байланысты өңдеу саласындағы жобаларды оператордың 2022 жылы қаржыландыруының қорытынды көлемі отандық өндірістің жаңа жеңіл автокөлігіне 100000000000 (жүз миллиард) теңгені және автобустарына 30000000000 (отыз миллиард) теңгені құрайды;

      2) ұйым оператордан қарыз алуды мынадай негізгі шарттарда жүзеге асырады:

      қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 100000000000 (жүз миллиард) теңге, нысаналы мақсаты: отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушы жеке тұлғаларды (бұдан әрі – қарыз алушылар) қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және көлік құралдарын жаңарту жолымен қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін;

      қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 30000000000 (отыз миллиард) теңге, нысаналы мақсаты: көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан көлік құралдарының автоөндірушілерінен техникалық регламентке сәйкес экологиялық сыныптағы отандық өндірістің автобустарын сатып алып, кейіннен оларды жолаушылар тасымалы саласында жұмыс істейтін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің бірлескен басқаруына беретін жергілікті атқарушы органдардың жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (бұдан әрі – ӘКК) және/немесе тасымалдаушыларды (бұдан әрі – автобустарды лизингке алушылар) шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және көлік құралдарын жаңарту жолымен қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін;

      қарыз мерзімі – 30 жыл;

      негізгі борышты өтеу – ұйымның бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен мерзімнің соңында;

      3) ұйым қарыз алушылармен мынадай негізгі талаптармен қарыз шарттарын жасасады:

      сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 1,0 %-дан аспайды;

      қарыз мерзімі – 30 жылға дейін;

      қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 1 рет;

      қарыз алушылардың қарыз қаражатын игеру мерзімі – ұйым мен қарыз алушы арасында қарыз сомасын ұлғайту туралы қарыз шарты/қарыз шартына қосымша келісім жасалған күннен бастап 18 айға дейін;

      қарыз валютасы – теңге;

      негізгі борышты өтеу – ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу құқығымен мерзімнің соңында;

      қарыз шарты шеңберінде қаражат отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушы жеке тұлғаларды қаржыландыру мақсаттарына бағытталады, бұл ретте қарыз алушыларға бөлінетін қаражатты шетел валютасына не қарыздың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін өзге құралдарға инвестициялауға жіберуге тыйым салынады;

      қаржыландырудың ашықтығы мақсатында түпкі қарыз алушыға/лизинг алушыға қаржыландыруды ұсыну мерзімінің мәртебесін қадағалап отыру үшін қарыз алушыда автоматтандырылған жүйенің міндетті енгізілуі/болуы туралы талапты көздеу;

      қарыз шартының өзге талаптары ұйымның талаптарына сәйкес және/немесе тараптардың келісуі бойынша белгіленеді;

      4) әрбір отандық автоөндірушіге қаржыландыру лимиті құрамын уәкілетті органның Индустриялық даму комитеті бекіткен, осы Қағидалар шеңберінде қаржыландыруға қатысатын өнеркәсіп орындары өкілдерінен тұратын комиссияның шешімімен айқындалады және оны ұйым басқармасы бекітеді;

      5) бөлінетін қаражат мақсатсыз пайдаланылған және/немесе уақтылы игерілмеген, сондай-ақ ұйым мен қарыз алушы арасындағы қарыз шартында көзделген жағдайлар туындаған жағдайларда, ұйым тиісті қарыз шартын мерзімінен бұрын бұзуға және жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар анықталған орналастырылған қаражатты қайтарып алуға құқылы;

      6) қарыз алушы қарызды мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, осы қаражатты қайта пайдалану ұйымның уәкілетті органдарының шешімдері негізінде жүзеге асырылады;

      7) отандық өндірістің автомобильдерін сатып алатын түпкі қарыз алушыларды қаржыландырудың негізгі шарттары:

      нысаналы топ – жеке тұлғалар, техникалық регламентке сәйкес экологиялық кластағы отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушылар;

      кредит түпкі қарыз алушыларға нысаналы пайдалану, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз ету шарттарында беріледі, оның ішінде:

      жеңіл автокөліктің 1 бірлігі үшін қаржыландыру сомасы 10000000 (он миллион) теңгеден аспайды, бұл ретте жеңіл автокөліктің құны 15000000 (он бес миллион) теңгеден қымбат болмайды;

      түпкі бір қарыз алушыға қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір реттен артық берілмейді;

      қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;

      бастапқы жарна 0 %-дан басталады;

      кредит беру валютасы – теңге;

      түпкі қарыз алушы үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4,0 %-дан аспауға тиіс. Бұл ретте түпкі қарыз алушы үшін сыйақының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес1 айқындалатын жылдық тиімді мөлшерлемесі автокөлікті сақтандыру және ресімдеу (оның ішінде кепілге) бойынша түпкі қарыз алушының шығындарын ескере отырып, жылдық 7,5 %-дан аспауға тиіс;

      түпкі қарыз алушылар отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сақтандыру және кепілге ресімдеу бойынша шығыстарды төлейді;

      түпкі қарыз алушы қарыз алушының алдындағы міндеттемелерін өтеген кезде қарыз алушының қаражатты нысаналы мақсатына сәйкес және қарыз мерзімі шегінде қайта пайдалануына жол беріледі;

      түпкі қарыз алушыларды қаржыландыру револьверлік сипатта болады, қолданыстағы кредиттерді өтеуден түсетін төлемдер қарыз алушыларды қаржыландыруға қайтадан жіберіледі;

      8) ұйым отандық өндірістің автобустарын сатып алатын лизинг алушылармен қаржылық лизинг шарттарын мынадай негізгі талаптармен жасасады:

      лизинг мерзімі 7 жылға дейін;

      автобустарды лизингке алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі лизингтің бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,01 %;

      лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг нысанасының құнынан 0 %-ы;

      автобустарды лизингке алушы есебінен қосымша шығыстар (сақтандыру, сервистік қызмет көрсету және лизинг нысанасын ұстау);

      бірлескен қызмет туралы шарттар шеңберінде лизинг алушы ӘКК тасымалдаушының сыйақы төлеуге байланысты шығыстарын және лизинг нысанасын пайдаланғаны үшін басқа да комиссияларды ұлғайтуға құқылы емес;

      автобустарды лизингке алушыларды қаржыландыру револьверлік сипатта ие болады, қолданыстағы лизингті өтеуден түсетін төлемдер автобустарды лизингке алушылармен жаңа қаржылық лизинг шартын жасасу үшін қайтадан жіберіледі;

      қызметін Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалаларында және облыс орталықтарында жүзеге асыратын автобустарды лизингке алушылар қаржыландыру шарттарын пайдалана алмайды, бұл ретте ұйым қаржыландыруға мақұлдаған автобустарды лизингке алушылардың өтінімдері болмаған жағдайда, оларды оператордан алған күннен бастап не оларды револьверлік қағидат бойынша қайтарған күннен бастап бір жыл өткен соң ұйым Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында тасымалдауды жүзеге асыратын автобустарды лизингке алушыларды қаржыландыруға құқылы;

      ӘКК болып табылмайтын тасымалдаушыларды қаржыландыру кезінде ұйымның міндетті талаптары тасымалдаушының міндеттемелері бойынша ӘКК тарапынан осы тасымалдаушы үшін толық ортақ жауапкершілік туралы кепілдік беру және/немесе оны мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде қаржыландыру және/немесе ұйымның ішкі актілеріне сәйкес осы тасымалдаушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз етудің жеткіліктілігі болып табылады;

      қаржылық лизинг шартының өзге талаптары ұйымның талаптарына сәйкес және/немесе тараптардың келісу бойынша белгіленеді.

      _________________________________

      1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысымен бекітілген Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 208 қаулысымен бекітілген Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидалары

      4. Өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) уәкілетті орган жыл сайынғы негізде тиісті жылдың 31 тамызына дейінгі мерзімде операторға өңдеу саласындағы жобаларды оператордың қаражаты есебінен қаржыландырудың тиісті қаржы жылына арналған болжамды көлемдерін беру туралы сұрау салуды (бұдан әрі – сұрау салу) жібереді;

      2) оператор сұрау салуды қарағаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде қаржыландырудың болжамды көлемдерін өзінің инвестициялық саясатының тиісті бөліміне енгізеді және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді;

      3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган инвестициялық саясатты алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оны келіседі не операторға келісуден дәлелді бас тартуды жібереді.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган дәлелді бас тарту жіберген жағдайда, оператор үш жұмыс күні ішінде дәлелді бас тарту себебін жояды және инвестициялық саясатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қайта келісуге жібереді;

      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган инвестициялық саясаттағы қаржыландыру көлемдерін келіскен жағдайда, оператор келісімді алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жылына арналған сұрау салуға жауапты уәкілетті органға жібереді;

      5) уәкілетті орган сұрау салуға жауап алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ұйымға өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландырудың тиісті қаржы жылына арналған болжамды көлемдері туралы ақпарат жібереді;

      6) ұйым өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландырудың тиісті қаржы жылына арналған болжамды көлемдері туралы ақпаратты алғаннан кейін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қамтитын өңдеуші саладағы жобаны қаржыландыру үшін қаралатын бизнес-жоспармен қоса өтінімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру жолымен көлік құралдарын жаңартуға бағытталған жобалар бойынша ұйым қаржыландырудың бүкіл көлеміне техникалық регламентке сәйкес экологиялық сыныпқа сәйкес келетін отандық өндірістің көлік құралдары бойынша ақпаратпен қоса өтінімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді;

      7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өтінімді алғаннан кейін жиырма екі жұмыс күні ішінде өңдеу саласындағы жобаны қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне немесе техникалық регламентке сәйкестігі тұрғысынан қарайды және ұсынылған өтінімді келіседі не дәлелді бас тартуды ұсынады;

      8) ұйым осы Қағидалардың 4-тармағының 7) тармақшасында көзделген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімін алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін өңдеу саласындағы әрбір жеке жоба бойынша оператормен қарыз шартын жасасады.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның осы Қағидалардың 4-тармағының 7) тармақшасында көзделген бас тартуын алған жағдайда, ұйым өтінімді пысықтайды және оны осы Қағидалардың 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес келісуге қайта жібереді.

      5. Өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыруды ұйым 3 %-ға дейінгі, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру жолымен көлік құралдарын жаңартуға бағытталған жобалар үшін, оның ішінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының және/немесе ұйымның уәкілетті органдарының ішкі актілері мен шешімдерінің шарттарына сәйкес 0,01 және одан көп пайыз мөлшерлемелері бойынша жүзеге асырады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 2021 года № 604 "Об утверждении Правил финансирования оператором расширенных обязательств производителей (импортеров) организации, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которой прямо или косвенно принадлежат государству и (или) национальному управляющему холдингу, для дальнейшего финансирования проектов в обрабатывающей отрасли, направленных на улучшение состояния окружающей среды"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2022 года № 227.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 2021 года № 604 "Об утверждении Правил финансирования оператором расширенных обязательств производителей (импортеров) организации, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которой прямо или косвенно принадлежат государству и (или) национальному управляющему холдингу, для дальнейшего финансирования проектов в обрабатывающей отрасли, направленных на улучшение состояния окружающей среды" следующие изменения:

      в Правилах финансирования оператором расширенных обязательств производителей (импортеров) организации, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которой прямо или косвенно принадлежат государству и (или) национальному управляющему холдингу, для дальнейшего финансирования проектов в обрабатывающей отрасли, направленных на улучшение состояния окружающей среды, утвержденных указанным постановлением:

      пункты 2, 3, 4 и 5 изложить в следующей редакции:

      "2. В Правилах используются следующие основные понятия:

      1) договор займа – договор, по которому оператор обязуется передать в собственность организации определенный размер денежных средств для финансирования проектов в обрабатывающей отрасли, а организация обязуется своевременно возвратить оператору денежные средства с учетом условий настоящих Правил;

      2) уполномоченный орган в области охраны окружающей среды – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области охраны окружающей среды;

      3) оператор расширенных обязательств производителей (импортеров) (далее – оператор) – определяемое Правительством Республики Казахстан юридическое лицо, осуществляющее организацию сбора, транспортировки, переработки, обезвреживания, использования и (или) утилизации отходов, образующихся после утраты потребительских свойств продукции (товаров), на которую (которые) распространяются расширенные обязательства производителей (импортеров), и ее (их) упаковки;

      4) уполномоченный орган в области государственного стимулирования промышленности (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в сфере промышленности, а также в пределах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, межотраслевую координацию и участие в реализации государственного стимулирования промышленности;

      5) проект в обрабатывающей отрасли – проект в сфере обрабатывающей промышленности, направленный на улучшение состояния окружающей среды, в том числе обновление транспортных средств путем стимулирования потребительского спроса в Республике Казахстан, и/или прорывной проект, направленный на реализацию технологических и инновационных решений;

      6) организация – акционерное общество "Фонд развития промышленности", созданное в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 августа 2020 года № 521 "О создании Фонда развития промышленности" для обеспечения доступного финансирования прорывных обрабатывающих проектов на условиях, определенных в документах Системы государственного планирования;

      7) технический регламент – технический регламент Таможенного союза "О безопасности колесных транспортных средств", утвержденный решением Комиссии Таможенного союза от 9 декабря 2011 года № 877.

      3. Проекты в обрабатывающей отрасли, финансируемые за счет средств оператора, отбираются в соответствии с настоящими Правилами и внутренними актами организации, при этом направленные на обновление транспортных средств путем стимулирования потребительского спроса в Республике Казахстан, на следующих условиях:

      1) итоговый объем финансирования оператором в 2022 году проектов в обрабатывающей отрасли, связанных с обновлением транспортных средств путем стимулирования потребительского спроса в Республике Казахстан на новый легковой автотранспорт, составляет 100000000000 (сто миллиардов) тенге и на автобусы отечественного производства – 30000000000 (тридцать миллиардов) тенге;

      2) организация осуществляет заимствование у оператора на следующих основных условиях:

      100000000000 (сто миллиардов) тенге, по ставке вознаграждения 0,1 % единовременным платежом за весь срок займа, целевое назначение: для дальнейшего финансирования проектов в обрабатывающей промышленности, направленных на улучшение окружающей среды путем стимулирования потребительского спроса и обновления транспортных средств в Республике Казахстан, в рамках обусловленного финансирования банков второго уровня для финансирования физических лиц – покупателей легкового автотранспорта отечественного производства (далее – заемщики);

      30000000000 (тридцать миллиардов) тенге по ставке вознаграждения 0,01 % единовременным платежом за весь срок займа, целевое назначение: для дальнейшего финансирования проектов в обрабатывающей промышленности, направленных на улучшение окружающей среды путем стимулирования потребительского спроса и обновления транспортных средств в Республике Казахстан, в рамках обусловленного финансирования социально-предпринимательских корпораций (далее – СПК) при местных исполнительных органах и/или перевозчиков (далее совместно именуемые – лизингополучатели автобусов), приобретающих автобусы отечественного производства экологического класса согласно техническому регламенту у автопроизводителей транспортных средств, заключивших соглашение о промышленной сборке транспортных средств, с последующим предоставлением их в совместное управление юридическим лицам и индивидуальным предпринимателям, работающим в сфере пассажирских перевозок;

      срок займа – 30 лет;

      погашение основного долга – в конце срока с правом досрочного погашения по инициативе организации;

      3) организация заключает договоры займа с заемщиками на следующих основных условиях:

      ставка вознаграждения – не более 1,0 % годовых;

      срок займа – до 30 лет;

      выплата вознаграждения по займу – 1 раз в год;

      срок освоения заемщиками средств займа – до 18 месяцев с даты заключения договора займа/дополнительного соглашения к договору займа между организацией и заемщиком об увеличении суммы займа;

      валюта займа – тенге;

      погашение основного долга – в конце срока с правом частичного или полного досрочного погашения;

      в рамках договора займа средства направляются на цели финансирования физических лиц – покупателей легкового автотранспорта отечественного производства, при этом заемщикам запрещается направлять выделяемые средства на инвестирование в иностранную валюту либо иные инструменты, не соответствующие целевому назначению займа;

      в целях прозрачности финансирования предусмотреть условие об обязательном внедрении/наличии автоматизированной системы у заемщика для отслеживания статуса срока предоставления финансирования конечному заемщику/лизингополучателю;

      иные условия договора займа устанавливаются в соответствии с требованиями организации и/или по соглашению сторон;

      4) лимит финансирования на каждого отечественного автопроизводителя определяется решением комиссии из состава представителей промышленных предприятий, участвующих в финансировании в рамках настоящих Правил, утвержденного Комитетом индустриального развития уполномоченного органа, и утверждается правлением организации;

      5) в случаях нецелевого использования и/или несвоевременного освоения выделяемых средств, а также наступления случаев, предусмотренных договором займа между организацией и заемщиком, организация вправе досрочно расторгнуть соответствующий договор займа и отозвать размещенные средства, по которым были выявлены вышеуказанные нарушения;

      6) в случае досрочного погашения заемщиком займа, повторное использование данных средств осуществляется на основании решений уполномоченных органов организации;

      7) основные условия финансирования конечных заемщиков, приобретающих автомобили отечественного производства:

      целевая группа – физические лица, покупатели легкового автотранспорта отечественного производства экологического класса согласно техническому регламенту;

      кредит предоставляется конечным заемщикам на условиях целевого использования, платности, срочности, возвратности и обеспеченности, в том числе:

      сумма финансирования за 1 единицу легкового автотранспорта составляет не более 10000000 (десять миллионов) тенге, при стоимости легкового автотранспорта не дороже 15000000 (пятнадцать миллионов) тенге;

      финансирование на одного конечного заемщика предоставляется не более одного раза в течение двухлетнего периода;

      срок финансирования – не более 7 лет;

      первоначальный взнос – от 0 %;

      валюта кредитования – тенге;

      номинальная ставка вознаграждения для конечного заемщика не должна превышать 4,0 % годовых. При этом годовая эффективная ставка вознаграждения для конечного заемщика, определяемая в соответствии с требованиями Национального Банка Республики Казахстан1, не должна превышать 7,5 % годовых с учетом затрат конечного заемщика по страхованию и оформлению автотранспорта (в том числе в залог);

      конечные заемщики оплачивают расходы по страхованию и оформлению в залог легкового автотранспорта отечественного производства;

      при погашении конечным заемщиком обязательств перед заемщиком допускается повторное использование средств заемщиком в соответствии с целевым назначением и в пределах срока займа;

      финансирование конечных заемщиков носит револьверный характер, платежи от погашения действующих кредитов вновь направляются на финансирование заемщиков;

      8) организация заключает договоры финансового лизинга с лизингополучателями автобусов, приобретающими автобусы отечественного производства, на следующих основных условиях:

      срок лизинга – до 7 лет;

      ставка вознаграждения для лизингополучателя автобусов – 0,01 % единовременным платежом за весь срок лизинга;

      первоначальный взнос (аванс) по лизингу – 0 % от стоимости предмета лизинга;

      дополнительные расходы (страхование, сервисное обслуживание и содержание предмета лизинга) – за счет лизингополучателя автобусов;

      в рамках договоров о совместной деятельности лизингополучатель СПК не вправе увеличивать расходы перевозчика, связанные с выплатой вознаграждения и других комиссий за пользование предметом лизинга;

      финансирование лизингополучателей автобусов носит револьверный характер, платежи от погашения действующего лизинга вновь направляются для заключения новых договоров финансового лизинга с лизингополучателями автобусов;

      условиями финансирования не могут воспользоваться лизингополучатели автобусов, которые осуществляют деятельность в городах республиканского значения и областных центрах Республики Казахстан, при этом в случае отсутствия одобренных организацией к финансированию заявок лизингополучателей автобусов, по истечении одного года с даты их получения от оператора либо с даты их возврата по револьверному принципу организация вправе профинансировать лизингополучателей автобусов, осуществляющих перевозки в областных центрах Республики Казахстан;

      при финансировании перевозчиков, не являющихся СПК, обязательными требованиями организации являются предоставление гарантии о полной солидарной ответственности за данного перевозчика со стороны СПК по обязательствам перевозчика и/или финансирование его в рамках государственно-частного партнерства и/или достаточность обеспечения по обязательствам данного перевозчика в соответствии с внутренними актами организации;

      иные условия договора финансового лизинга устанавливаются в соответствии с требованиями организации и/или по соглашению сторон.

      _______________________________

      1 Правила исчисления ставок вознаграждения в достоверном, годовом, эффективном, сопоставимом исчислении (реальной стоимости) по займам и вкладам, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 марта 2012 года № 137, а также Правила расчета годовой эффективной ставки вознаграждения по предоставляемым микрокредитам, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2019 года № 208

      4. Финансирование проектов в обрабатывающей отрасли осуществляется в следующем порядке:

      1) уполномоченный орган на ежегодной основе в срок до 31 августа соответствующего года направляет оператору запрос о предоставлении прогнозных объемов финансирования проектов в обрабатывающей отрасли за счет средств оператора (далее – запрос) на соответствующий финансовый год;

      2) оператор после рассмотрения запроса в течение семи рабочих дней включает прогнозные объемы финансирования в соответствующий раздел своей инвестиционной политики и направляет ее на согласование уполномоченному органу в области охраны окружающей среды;

      3) уполномоченный орган в области охраны окружающей среды в течение десяти рабочих дней после получения инвестиционной политики согласовывает ее либо направляет оператору мотивированный отказ в согласовании.

      В случае направления уполномоченным органом в области охраны окружающей среды мотивированного отказа, оператор в течение трех рабочих дней устраняет причину мотивированного отказа и направляет инвестиционную политику на повторное согласование уполномоченному органу в области охраны окружающей среды;

      4) оператор, в случае согласования уполномоченным органом в области охраны окружающей среды объемов финансирования в инвестиционной политике, в течение пяти рабочих дней после получения согласия направляет ответ на запрос на соответствующий финансовый год в уполномоченный орган;

      5) уполномоченный орган в течение трех рабочих дней после получения ответа на запрос направляет в организацию информацию о прогнозных объемах финансирования проектов в обрабатывающей отрасли на соответствующий финансовый год;

      6) организация после получения информации о прогнозных объемах финансирования проектов в обрабатывающей отрасли на соответствующий финансовый год направляет заявку с приложением бизнес-плана рассматриваемого для финансирования проекта в обрабатывающей отрасли, включающего целевые показатели качества окружающей среды, на согласование в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды.

      По проектам, направленным на обновление транспортных средств путем стимулирования потребительского спроса в Республике Казахстан, организация направляет заявку с приложением информации по транспортным средствам отечественного производства, соответствующим экологическому классу согласно техническому регламенту на весь объем финансирования, на согласование в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды;

      7) уполномоченный орган в области охраны окружающей среды в течение двадцати двух рабочих дней после получения заявки рассматривает проект в обрабатывающей отрасли на соответствие целевым показателям качества окружающей среды или техническому регламенту, согласовывает представленную заявку либо предоставляет мотивированный отказ;

      8) организация в течение пяти рабочих дней после получения согласования уполномоченного органа в области охраны окружающей среды, предусмотренного подпунктом 7) пункта 4 настоящих Правил, заключает договор займа с оператором по каждому отдельному проекту в обрабатывающей отрасли для дальнейшего финансирования проектов в обрабатывающей отрасли.

      В случае получения отказа уполномоченного органа в области охраны окружающей среды, предусмотренного подпунктом 7) пункта 4 настоящих Правил, организация дорабатывает заявку и повторно направляет ее для согласования в соответствии с подпунктом 6) пункта 4 настоящих Правил.

      5. Дальнейшее финансирование проектов в обрабатывающей отрасли осуществляется организацией по ставкам до 3 %, а также от 0,01 и более процентов для проектов, направленных на обновление транспортных средств путем стимулирования потребительского спроса в Республике Казахстан, в том числе в соответствии с условиями документов Системы государственного планирования и/или внутренних актов и решений уполномоченных органов организации.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр Республики Казахстан А. Смаилов