"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 273 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем кабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылык туралы" Кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 62-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа, тұлға әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.";

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы, оңалту, банкроттық, азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде тұлға әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатады, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.";

      2) мынадай мазмұндағы 176-1-баппен толықтырылсын:

      "176-1-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және азаматтардың банкроттығы кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттер

      1. Мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, орналасқан жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иелігіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сол сияқты құқық белгілейтін құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл әрекеттерді жеке тұлға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот банкроттығы кезінде жасаса және оларды қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -

      жеке тұлғаға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот банкроттығы кезінде жеке тұлғаның жекелеген кредиторлардың мүліктік талаптарын басқа кредиторларға көрінеу нұқсан келтіре отырып құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы және кылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілерін қамтымайды -

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) мынадай мазмұндағы 181-1-баппен толықтырылсын:

      "181-1-бап. Қаржы баскарушысының Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңнамасын бұзуы

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық саласындағы уәкілетті органға азаматтың банкроттығы туралы іс қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды оның интернет-ресурсына орналастыру үшін жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау -

      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәлімделген кредиторлардың талаптарын қарау нәтижелері бойынша шешімді уақтылы қабылдамау, -

      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру және уәкілетті органға уақтылы жібермеу жөніндегі міндетті орындамау -

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Борышкердің мүлкіне түгендеу жүргізу міндетін орындамау -

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Борышкердің мүлкіне бағалау жүргізу міндетін орындамау -

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Борышкердің қаржылық жай-күйі туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша сотқа қорытынды беру міндетін орындамау -

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Банкроттың міндеттемелерін тоқтату туралы немесе мұндай тоқтатудан бас тарту туралы мәселені қарау кезінде дәлелдемелер ретінде соттың зерттеуіне жататын мән-жайлардың болуы (болмауы) туралы қорытындыны жасау міндетін орындамау -

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу және оны бекіту үшін сотқа ұсыну міндетін орындамау -

      9. Борышкердің кредиторына жазбаша сұрау салуы негізінде оның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу барысы туралы ақпарат беру жөніндегі міндетті орындамау -

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      10. Банкроттан мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды, сондай-ақ оның мүліктік массасын өз басқаруына қабылдау міндетін орындамау -

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      11. Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы саласындағы уәкілетті органға мүлікті өткізу туралы хабарландыруды оның интернет-ресурсына орналастыру үшін жіберу міндетін орындамау -

      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      12. Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы саласындағы уәкілетті органға мүлікті өткізу барысы туралы ағымдағы және сұралатып отырған ақпаратты ұсыну жөніндегі міндетті орындамау не тиісінше орындамау -

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      13. Борышкердің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды бұза отырып, азаматтың банкроттығы туралы іс қозғалғанға дейін жасаған мәмілелерін анықтау міндеттерін орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлікті сот тәртібімен банкроттың мүліктік массасына қайтару туралы талаптар қоймау -

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      14. Әдейі банкроттық белгілерінің болуын көрсететін, қолда бар деректер туралы құқық қорғау органдарына хабарламау, -

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      15. Банкроттың мүлкін азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңнамада көзделген тәртіпті бұза отырып, сатуды жүзеге асыру -

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      16. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгіленген тәртібін бұза отырып, кредиторлармен есеп айырысу жүргізу -

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      17. Осы баптың бірінші, екінші және он екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      18. Осы баптың алтыншы, оныншы, он үшінші, он жетінші және он сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      19. Осы баптың үшінші - тоғызыншы, он бірінші, он төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -

      алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      20. Қаржы басқарушының басқа кредиторларға көрінеу залал келтіре отырып, жекелеген кредиторлардың мүліктік талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы, егер бұл әрекеттер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот банкроттығы кезінде жасалса және оларда қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса -

      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      21. Осы баптың он бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      4) 182-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "182-бап. Әдейі банкроттық

      Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің әдейі банкроттық, яғни құрылтайшының (қатысушының), лауазымды адамның, заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын тұлғаның, сол сияқты дара кәсіпкердің заңды тұлға немесе дара кәсіпкер банкрот деп танылғанға дейін үш жыл ішінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы жеке мүддесі немесе өзге тұлғалардың мүдделері үшін жасалған әрекеттері, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,-

      жеке тұлғаға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Азаматтың әдейі банкроттығы, яғни оның орындалмауы банкроттық үшін негіз деп танылған міндеттемелер туындаған күннен кейін мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында оны банкрот деп таныған күнге дейін үш жыл ішінде жасалған әрекеттері, -

      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      5) 720-баптың бірінші бөлігі "181," деген цифрдан кейін "181-1," деген цифрмен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях по вопросам восстановления платежеспособности и банкротства граждан Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2022 года № 273

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях по вопросам восстановления платежеспособности и банкротства граждан Республики Казахстан".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Проект

ЗАКОН РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях по вопросам восстановления платежеспособности и банкротства граждан Республики Казахстан

      Статья 1. Внести в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях следующие изменения и дополнения:

      1) в статье 62:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Лицо не подлежит привлечению к административной ответственности по истечении двух месяцев со дня совершения административного правонарушения, кроме случаев, предусмотренных настоящим Кодексом.";

      часть вторую пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "При совершении административного правонарушения в области финансов, реабилитации, банкротства, восстановления платежеспособности и судебного банкротства граждан лицо подлежит привлечению к административной ответственности не позднее трех лет со дня совершения административного правонарушения, но не может быть привлечено к административной ответственности по истечении двух месяцев со дня обнаружения административного правонарушения.";

      2) дополнить статьей 176-1 следующего содержания:

      Статья 176-1. Неправомерные действия при восстановлении платежеспособности и банкротстве граждан

      1. Сокрытие имущества или имущественных обязательств, сведений об имуществе, его размере, месте нахождения либо иной информации об имуществе, передача имущества в иное владение, отчуждение или уничтожение имущества, а равно сокрытие, уничтожение, фальсификация правоустанавливающих документов, если эти действия совершены физическим лицом при восстановлении платежеспособности, внесудебном или судебном банкротстве и не содержат признаков уголовно наказуемого деяния, -

      влекут штраф на физическое лицо в размере ста месячных расчетных показателей.

      2. Неправомерное удовлетворение имущественных требований отдельных кредиторов физическим лицом заведомо в ущерб другим кредиторам при восстановлении платежеспособности, внесудебном или судебном банкротстве, если эти действия не содержат признаков уголовно наказуемого деяния, -

      влекут штраф в размере пятидесяти месячных расчетных показателей.";

      3) дополнить статьей 181-1 следующего содержания:

      "Статья 181-1. Нарушение законодательства Республики Казахстан о восстановлении платежеспособности и банкротстве граждан финансовым управляющим

      1. Неисполнение либо ненадлежащее исполнение обязанности по направлению в уполномоченный орган в области восстановления платежеспособности и банкротства граждан Республики Казахстан объявления о возбуждении дела о банкротстве гражданина и порядке заявления требований кредиторами для размещения на его интернет-ресурсе -

      влечет штраф в размере пяти месячных расчетных показателей.

      2. Несвоевременное принятие решения по результатам рассмотрения требований кредиторов, заявленных в соответствии с законодательством Республики Казахстан о восстановлении платежеспособности и банкротстве граждан Республики Казахстан, -

      влечет штраф в размере пяти месячных расчетных показателей.

      3. Неисполнение обязанности по формированию и несвоевременному направлению в уполномоченный орган реестра требований кредиторов -

      влечет штраф в размере тридцати месячных расчетных показателей.

      4. Неисполнение обязанности по проведению инвентаризации имущества должника -

      влечет штраф в размере тридцати месячных расчетных показателей.

      5. Неисполнение обязанности по проведению оценки имущества должника

      - влечет штраф в размере тридцати месячных расчетных показателей.

      6. Неисполнение обязанности по представлению в суд заключения по результатам осуществления сбора сведений о финансовом состоянии должника

      - влечет штраф в размере тридцати месячных расчетных показателей.

      7. Неисполнение обязанности по составлению заключения о наличии (отсутствии) обстоятельств, подлежащих исследованию судом в качестве доказательств при рассмотрении вопроса о прекращении обязательств банкрота или об отказе в таком прекращении, -

      влечет штраф в размере тридцати месячных расчетных показателей.

      8. Неисполнение обязанности по разработке плана восстановления платежеспособности и представления его в суд для утверждения -

      влечет штраф в размере тридцати месячных расчетных показателей.

      9. Неисполнение обязанности по представлению информации о ходе разработки плана восстановления платежеспособности кредитору должника на основании его письменного запроса -

      влечет предупреждение.

      10. Неисполнение обязанности по принятию от банкрота правоустанавливающих документов на имущество, а также его имущественной массы в свое управление -

      влечет штраф в размере тридцати месячных расчетных показателей.

      11. Неисполнение обязанности по направлению в уполномоченный орган в области восстановления платежеспособности и банкротства граждан Республики Казахстан объявления о реализации имущества для размещения на его интернет-ресурсе -

      влечет штраф в размере пяти месячных расчетных показателей.

      12. Неисполнение либо ненадлежащее исполнение обязанности по представлению в уполномоченный орган в области восстановления платежеспособности и банкротства граждан Республики Казахстан текущей и запрашиваемой информации о ходе реализации имущества

      – влечет предупреждение.

      13. Неисполнение обязанностей по выявлению сделок, совершенных должником до возбуждения дела о банкротстве гражданина с нарушением требований, предусмотренных гражданским законодательством Республики Казахстан и законодательством Республики Казахстан в области восстановления платежеспособности и банкротства граждан Республики Казахстан, и непредъявление требований о признании их недействительными либо возврате имущества в судебном порядке в имущественную массу банкрота -

      влекут штраф в размере тридцати месячных расчетных показателей.

      14. Несообщение в правоохранительные органы об имеющихся данных, указывающих на наличие признаков преднамеренного банкротства, -

      влечет штраф в размере пятидесяти месячных расчетных показателей.

      15. Осуществление продажи имущества банкрота с нарушением порядка, предусмотренного законодательством о восстановлении платежеспособности и банкротстве граждан, -

      влечет штраф в размере пятнадцати месячных расчетных показателей.

      16. Проведение расчетов с кредиторами с нарушением установленного порядка удовлетворения требований кредиторов -

      влечет штраф в размере пятнадцати месячных расчетных показателей.

      17. Действия (бездействие), предусмотренные частями первой, второй и двенадцатой настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, -

      влекут штраф в размере пятнадцати месячных расчетных показателей.

      18. Действия (бездействие), предусмотренные частями шестой, десятой, тринадцатой, семнадцатой и восемнадцатой настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, -

      влекут штраф в размере пятидесяти месячных расчетных показателей.

      19. Действия (бездействие), предусмотренные частями третьей, четвертой, пятой, шестой, восьмой, девятой, одиннадцатой, четырнадцатой настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, -

      влекут штраф в размере шестидесяти месячных расчетных показателей.

      20. Неправомерное удовлетворение имущественных требований отдельных кредиторов финансовым управляющим заведомо в ущерб другим кредиторам, если эти действия совершены при восстановлении платежеспособности, внесудебном или судебном банкротстве и не содержат признаков уголовно наказуемого деяния, -

      влекут штраф в размере пятидесяти месячных расчетных показателей.

      21. Действия (бездействие), предусмотренные частью пятнадцатой настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, -

      влекут штраф в размере ста месячных расчетных показателей.";

      4) статью 182 изложить в следующей редакции:

      "Статья 182. Преднамеренное банкротство

      1. Преднамеренное банкротство юридического лица или индивидуального предпринимателя, то есть действия учредителя (участника), должностного лица, лица, осуществляющего функции управления юридическим лицом, а равно индивидуального предпринимателя, совершенные в личных интересах или интересах иных лиц с целью уклонения от исполнения обязательств перед кредиторами путем отчуждения или сокрытия имущества в течение трех лет до признания банкротом юридического лица или индивидуального предпринимателя, если эти действия не содержат признаков уголовно наказуемого деяния, -

      влечет штраф на физическое лицо в размере двухсот месячных расчетных показателей, на юридическое лицо - в размере четырехсот месячных расчетных показателей.

      2. Преднамеренное банкротство гражданина, то есть действия гражданина, совершҰнные в течение трех лет до даты признания его банкротом с целью уклонения от исполнения обязательств перед кредиторами путем отчуждения или сокрытия имущества после даты возникновения обязательств, неисполнение которых признано основанием для банкротства, -

      влечет штраф в размере двухсот месячных расчетных показателей.";

      5) часть первую статьи 720 после цифр "181," дополнить цифрами "181-1,".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие с 1 января 2023 года и подлежит официальному опубликованию.

      Президент
Республики Казахстан