Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, мемлекеттік бюджеттен берілетін қаражат шеңберінде қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру шарттары мен тетіктерін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 401 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 903 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2023 № 903 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Өнеркәсіптік саясат туралы" 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, мемлекеттік бюджеттен берілетін қаражат шеңберінде қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру шарттары мен тетіктері айқындалсын.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық-инновациялық жобаларды қаржыландырудың, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін лизингтік қаржыландырудың шарттары мен тетіктерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 маусымдағы № 745 қаулысы;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 19-тармағы.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2022 жылғы 16 маусымдағы
№ 401 қаулысына
қосымша

Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, мемлекеттік бюджеттен берілетін қаражат шеңберінде қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру шарттары мен тетігі 1-тарау. Қаржыландыру шарттары

      1. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, мемлекеттік бюджеттен берілетін қаражат шеңберінде қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру шарттары болып табылады:

      1) Мыналар Қазақстан Даму Банкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да ұлттық даму институттарының (бұдан әрі – қаржыландырушы ұйым) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды (бұдан әрі – жоба) қаржыландыруға қатысуының жоба сметасы сомасының 85 %-ынан (сексен бес пайызынан) аспайтын мөлшері;

      2) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің (бұдан әрі – субъект) және (немесе) өзге де үшінші тұлғалардың жоба сметасы шеңберінде қаржыландыру үлесі ақшалай қаражатпен жүзеге асырылады;

      3) жобаны іске асыру бойынша тәуекел толық көлемде жабылған, оның ішінде қамтамасыз етілген;

      4) қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру жиырма жылдан аспайтын мерзімге беріледі;

      5) жобалық шешімдердің технологиялық және техникалық негізділігі.

      2. Қоса қаржыландыру кезінде жобаны қажетті қаржы ресурстарымен (ақшамен) ішінара қамтамасыз етуді жүзеге асыратын қаржыландырушы ұйымнан басқа тараптың болуы қосымша шарт болып табылады.

      3. Лизингтік қаржыландыру субъектілерге бір жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге беріледі. Лизингтік қаржыландыру ұлттық валютада жүзеге асырылады.

      4. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру жаңа өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыру, оның ішінде өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау, 4.0 Индустрияны және цифрлық технологияларды енгізу) және кеңейтуге бағытталған басым тауарлар тізбесіне сәйкес өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды құру үшін жүзеге асырылады.

2-тарау. Қаржыландыру тетігі

      5. Жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру кезінде мынадай тетіктер пайдаланылады:

      1) субъектілерге ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредит беру (қарыздар);

      2) жобаны дайындауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында жобаны қаржыландыру (аралық қаржыландыру);

      3) қарызды субъектінің акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне айырбастау құқығымен беру (мезониндік қаржыландыру);

      4) мүлікті жасау және беру, сондай-ақ жасалған мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсету және (немесе) тауар өндіру және (немесе) жұмыс орындау үшін күтілетін жүйелі ақшалай төлемді қамтамасыз ету болып табылатын талап ету құқықтарын беру арқылы жобаны қаржыландыру (жобалық қаржыландыру).

      6. Субъектілерді лизингтік қаржыландыру тетігі жобаларды қажетті қаржы ресурсымен (ақшамен) қамтамасыз ету болып табылады, мұнда лизинг беруші сатушыдан меншігіне сатып алған және лизинг шартында келісілген лизинг нысанасын белгілі бір ақыға және белгілі бір талаптармен кәсіпкерлік мақсаттар үшін кемінде бір жыл мерзімге уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.

      7. Лизингтік қаржыландыру таза лизинг беру арқылы жүзеге асырылады.

      8. Субъект еркін нысанда өтініш беру арқылы қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру, жобаларды лизингтік қаржыландыру үшін қаржыландырушы ұйымға жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке тұлға үшін – жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі; заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің1 немесе анықтаманың көшірмесі;

      2) заңды тұлғаларға арналған құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      3) жобаның бизнес-жоспары;

      4) өтінім берудің алдындағы соңғы есепті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша заңды тұлғаның бухгалтерлік теңгерімі;

      5) есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер;

      6) құқық белгілейтін, оның ішінде кепіл болып отырған жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтың бар немесе жоқ екені туралы құжаттардың көшірмелері;

      7) жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған жобаның сипаттамасы және оны іске асырудың болжамды экономикалық және қаржылық тиімділігі;

      8) субъектінің және (немесе) өзге үшінші тұлғалардың жобаны ақшалай қаражатпен қаржыландыруға қатысуын растайтын құжаттар.

      _____________________________________

      1 "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 239-IV Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

      9. Жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыруды, лизингтік қаржыландыруды субъект ұсынған құжаттарды қарау және талдау нәтижесі бойынша қаржыландырушы ұйым жүзеге асырады.

      10. Қаржыландырушы ұйым өтініш келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде осы жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру, субъектілерді лизингтік қаржыландыру шарттары мен тетігінің (бұдан әрі – шарттар мен тетік) 8-тармағына сәйкес ұсынылған субъектінің құжаттарын қарайды.

      11. Тиісті құжаттарды қарау нәтижесі бойынша қаржыландырушы ұйым үш жұмыс күні ішінде жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыруды, лизингтік қаржыландыруды ұсыну немесе ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      12. Жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыруды, лизингтік қаржыландыруды ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда қаржыландырушы ұйым үш жұмыс күні ішінде субъектіге тиісті дәлелді жазбаша хабарлама жібереді.

      13. Жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландырудан, лизингтік қаржыландырудан бас тарту туралы шешім мынадай негіздер бойынша қабылданады:

      1) субъектінің осы шарттар мен тетіктің 1 және 2-тармақтарына сәйкес айқындалған шарттарға сәйкес келмеуі;

      2) субъектінің осы шарттар мен тетіктің 8-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды ұсынбауы.

      14. Жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру туралы шешім қабылданған жағдайда қаржыландырушы ұйым бес жұмыс күні ішінде субъектімен шарт жасасады.

Об определении условий и механизмов финансирования, включая софинансирование промышленно-инновационных проектов, лизингового финансирования в рамках средств из государственного бюджета и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июня 2022 года № 401. Утратило силу постановлением Правительства РК от 12.10.2023 № 903.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 12.10.2023 № 903 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 27 декабря 2021 года "О промышленной политике" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить условия и механизмы финансирования, включая софинансирование промышленно-инновационных проектов, лизингового финансирования в рамках средств из государственного бюджета согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившими силу:

      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 5 июня 2012 года № 745 "Об определении условий и механизмов финансирования, включая софинансирование, индустриально-инновационных проектов, лизингового финансирования субъектов индустриально-инновационной деятельности";

      2) пункт 19 изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2013 года № 1363 "О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан".

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 16 июня 2022 года № 401

Условия и механизмы финансирования, включая софинансирование промышленно-инновационных проектов, лизингового финансирования в рамках средств из государственного бюджета

Глава 1. Условия финансирования

      1. Условиями финансирования, включая софинансирование промышленно-инновационных проектов, лизингового финансирования в рамках средств из государственного бюджета, являются:

      1) размер участия Банка Развития Казахстана, а также других национальных институтов развития, определяемых Правительством Республики Казахстан (далее – финансирующая организация), в финансировании промышленно-инновационных проектов (далее – проект), который составляет не более 85 % (восемьдесят пять процентов) от суммы сметы проекта;

      2) доля финансирования в рамках сметы проекта субъектом промышленно-инновационной деятельности (далее – субъект) и (или) иными третьими лицами осуществляется денежными средствами;

      3) риски по реализации проекта покрыты в полном объеме, в том числе обеспечены;

      4) финансирование, включая софинансирование, предоставляется на срок не более двадцати лет;

      5) технологическая и техническая обоснованность проектных решений.

      2. При софинансировании дополнительным условием является наличие стороны, кроме финансирующей организации, осуществляющей частичное обеспечение проекта необходимыми финансовыми ресурсами (деньгами).

      3. Лизинговое финансирование предоставляется субъектам на срок от одного года до двадцати лет. Лизинговое финансирование осуществляется в национальной валюте.

      4. Финансирование, включая софинансирование, осуществляется для создания новых промышленно-инновационных проектов, а также промышленно-инновационных проектов в соответствии с перечнем приоритетных товаров, направленных на модернизацию (техническое перевооружение, в том числе цифровую трансформацию промышленности, внедрение Индустрии 4.0 и цифровых технологий) и расширение действующих производств.

Глава 2. Механизмы финансирования

      5. При финансировании, включая софинансирование, проектов используются следующие механизмы:

      1) предоставление кредитов субъектам в денежной форме на условиях платности, срочности и возвратности (займы);

      2) финансирование проекта в целях обеспечения подготовки и реализации проекта (промежуточное финансирование);

      3) предоставление займа с правом его конвертации в акции или доли участия в уставном капитале субъекта (мезонинное финансирование);

      4) финансирование проекта под уступку прав требования, обеспечением которого являются ожидаемые систематические денежные платежи за создание и передачу имущества, а также оказание услуг и (или) производство товаров, и (или) выполнение работ в процессе использования созданного имущества (проектное финансирование).

      6. Механизмом лизингового финансирования субъектов является обеспечение проектов необходимыми финансовыми ресурсами (деньгами), при котором лизингодатель обязуется передать приобретенный в собственность у продавца и обусловленный договором лизинга предмет лизинга субъектам за определенную плату и на определенных условиях во временное владение и пользование на срок не менее одного года.

      7. Лизинговое финансирование осуществляется посредством предоставления чистого лизинга.

      8. Субъект обращается к финансирующей организации за финансированием, включая софинансирование, проектов, лизинговым финансированием путем подачи заявления в свободной форме и представляет следующие документы:

      1) для физического лица – копия документа, удостоверяющего личность, копия документа о регистрации в качестве индивидуального предпринимателя; для юридического лица – копия свидетельства1 или справки о государственной регистрации (перерегистрации).

      2) копии учредительных документов для юридических лиц;

      3) бизнес-план проекта;

      4) бухгалтерский баланс юридического лица по состоянию на 31 декабря последнего отчетного года, предшествующего подаче заявки;

      5) сведения об отсутствии (наличии) задолженности, учет по которым ведется в налоговых органах;

      6) копии правоустанавливающих документов, в том числе о наличии или отсутствии обременений, на движимое или недвижимое имущество, выступающее в виде залога;

      7) описание проекта, направленного на модернизацию (техническое перевооружение) и расширение действующих производств, и прогнозный экономический и финансовый эффект от его реализации;

      8) документы, подтверждающие участие субъекта и (или) иных третьих лиц в финансировании проекта денежными средствами.

      _________________________________________

      1свидетельство о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства), выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 20 января 2010 года № 239-IV "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств", является действительным до прекращения деятельности юридического лица.

      9. Финансирование, включая софинансирование, проектов, лизинговое финансирование осуществляются финансирующей организацией по результатам рассмотрения и анализа документов, представленных субъектом.

      10. Финансирующая организация в течение двух месяцев со дня поступления заявления рассматривает документы субъекта, представленные в соответствии с пунктом 8 настоящих условий и механизмов финансирования, включая софинансирование, проектов, лизингового финансирования субъектов (далее – условия и механизмы).

      11. По результатам рассмотрения соответствующих документов финансирующая организация в течение трех рабочих дней принимает решение о предоставлении или отказе в предоставлении финансирования, включая софинансирование, проектов, лизингового финансирования.

      12. В случае принятия решения об отказе в предоставлении финансирования, включая софинансирование, проектов, лизингового финансирования финансирующей организацией в течение трех рабочих дней субъекту направляется соответствующее мотивированное письменное уведомление.

      13. Решение об отказе в финансировании, включая софинансирование, проектов, лизинговом финансировании принимается по следующим основаниям:

      1) несоответствие субъекта условиям, определенным в соответствии с пунктами 1 и 2 настоящих условий и механизмов;

      2) непредставление субъектом необходимых документов, определенных пунктом 8 настоящих условий и механизмов.

      14. В случае принятия решения о финансировании, включая софинансирование, проектов, лизинговом финансировании в течение пяти рабочих дней финансирующая организация заключает договор с субъектом.

      ______________________