"Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 407 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 196-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";

      8-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) базалық қадағалау – жыл сайынғы ақпарат жинау, оның нәтижесінде талдау жасалуға тиіс мониторинг объектілерінің тізбесі айқындалады;";

      9) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

      10) даму жоспары – мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам мен акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметінің бесжылдық кезеңге арналған негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;

      11) іс-шаралар жоспары – ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг және ұлттық компания қызметінің бесжылдық кезеңге арналған негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат.";

      "Мониторингті ұйымдастыру тәртібі" деген 2-тарауда:

      14-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган, облыстық және аудандық уәкілетті органдар, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі жөніндегі уәкілетті орган мониторингті ұйымдастыру мақсатында тексеріп-қарауды жүргізу кезеңділігін, мерзімін және мониторинг объектілерінің тізбесін мынадай өлшемшарттар негізінде айқындайды:

      1) пайда алуды жоспарлаған, бірақ есепті жылдың қорытындысы бойынша шығынға ұшыраған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар;

      2) есепті жылдың қорытындысы бойынша шығыны жоспарланған шығыннан асып кеткен мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар.";

      "Коммуналдық мүлік объектілеріне мониторингті жүзеге асыру тәртібі" деген 3-тарауда:

      17-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды, сондай-ақ коммуналдық мүлікті, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы), концессиядағы не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша берілген мүлікті жылына бір реттен жиілетпей өткізілетін базалық кешенді тексеру;";

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Мемлекеттік кәсіпорынның, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атқарушы органдарының басшылары әкімшілік не қылмыстық құқық бұзушылық белгісі жоқ шығынға не жоспарланғаннан артық шығынға әкелген даму жоспарының жоспарланған көрсеткіштерін орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылады.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары мониторинг нәтижелері бойынша қалыптастырылған есеп пен тәуелсіз сарапшылардың ұсынымдарын назарға ала отырып, мемлекеттік кәсіпорынның, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атқарушы органдарының басшыларына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені қарайды және шешім шығарады.

      Егер мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) пайызы 100 % (жүз пайыздан) аз болса, онда мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атқарушы органының басшыларына тәртіптік жаза қолдану мәселесі және ол туралы шешім қабылдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Директорлар кеңесінің отырысына және (немесе) акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының қарауына шығарылады.";

      "Республикалық мүлік объектілеріне мониторингті жүзеге асыру тәртібі" деген 4-тарауда:

      22-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жылына бір реттен жиілетпей өткізілетін мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы), концессиядағы не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша берілген мүлікті базалық кешенді тексеру;";

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы, ұлттық басқарушы холдингтердің, басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың бірінші басшылары, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атқарушы органдарының басшылары әкімшілік не қылмыстық құқық бұзушылық белгісі жоқ шығынға не жоспарланғаннан артық шығынға әкелген даму жоспарының немесе іс-шаралар жоспарының жоспарланған көрсеткіштерін орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылады.

      Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган мониторинг нәтижесі бойынша жасалған талдау мен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынымын назарға алып, мемлекеттік кәсіпорынның басшысына, ұлттық басқарушы холдингтердің, басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың бірінші басшыларына, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атқарушы органының басшысына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені қарайды және шешім шығарады.

      Егер мемлекет қатысатын заңды тұлғалар дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) пайызы 100 % (жүз пайыздан) аз болса, онда мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атқарушы органының басшыларына тәртіптік жаза қолдану мәселесі және ол туралы шешім қабылдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Директорлар кеңесінің отырысына және (немесе) акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының қарауына шығарылады.".

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атқарушы органдары басшыларының, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың бірінші басшыларының еңбек шарттарына осы қаулыдан туындайтын өзгерістерді енгізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2012 года № 1546 "Об утверждении Правил осуществления мониторинга эффективности управления государственным имуществом, в том числе государственными предприятиями и юридическими лицами с участием государства"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 2022 года № 407.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2012 года № 1546 "Об утверждении Правил осуществления мониторинга эффективности управления государственным имуществом, в том числе государственными предприятиями и юридическими лицами с участием государства" следующие изменения и дополнения:

      в Правилах осуществления мониторинга эффективности управления государственным имуществом, в том числе государственными предприятиями и юридическими лицами с участием государства, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила осуществления мониторинга эффективности управления государственным имуществом, в том числе государственными предприятиями и юридическими лицами с участием государства (далее – Правила), разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 196 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" (далее – Закон) и определяют порядок организации и осуществления мониторинга эффективности управления государственным имуществом, в том числе государственными предприятиями и юридическими лицами с участием государства.";

      в пункте 8:

      подпункт 2) изложить в следующей редакции:

      "2) базовое отслеживание – ежегодный сбор информации, в результате которого определяется перечень объектов мониторинга, подлежащих анализу;";

      подпункт 9) исключить;

      дополнить подпунктами 10) и 11) следующего содержания:

      "10) план развития – документ, определяющий основные направления деятельности и показатели финансово-хозяйственной деятельности государственного предприятия, акционерного общества и товарищества с ограниченной ответственностью, контрольный пакет акций (доля участия в уставном капитале) которого принадлежит государству, на пятилетний период;

      11) план мероприятий – документ, определяющий основные направления деятельности и показатели финансово-хозяйственной деятельности национального управляющего холдинга, национального холдинга и национальной компании на пятилетний период.";

      в главе "2. Порядок организации мониторинга":

      подпункт 1) пункта 14 исключить;

      дополнить пунктом 14-1 следующего содержания:

      "14-1. Уполномоченный орган по управлению государственным имуществом, областной и районный уполномоченные органы, уполномоченный орган по коммунальному имуществу местного самоуправления в целях организации мониторинга определяют периодичность, сроки проведения обследований и перечень объектов мониторинга на основе следующих критериев:

      1) государственные предприятия и юридические лица с участием государства, запланировавшие прибыль, но по итогам отчетного года получившие убыток;

      2) государственные предприятия и юридические лица с участием государства, по итогам отчетного года допустившие превышение запланированного убытка.";

      в главе "3. Порядок осуществления мониторинга объектов коммунального имущества":

      подпункт 1) части первой пункта 17 изложить в следующей редакции:

      "1) базовое комплексное обследование государственных предприятий и юридических лиц c участием государства, также коммунального имущества, в том числе находящегося в доверительном управлении, имущественном найме (аренде), концессии либо переданного по договору государственно-частного партнерства, проводимое не чаще одного раза в год;";

      дополнить пунктом 19-1 следующего содержания:

      "19-1. Руководители государственного предприятия, исполнительных органов юридических лиц с участием государства несут дисциплинарную ответственность за неисполнение плановых показателей плана развития, повлекшее убыточность либо получение убытка больше запланированного, не содержащее признаков административного либо уголовного правонарушения.

      Местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, аппараты акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов, принимая к сведению сформированные по результатам мониторинга отчеты и рекомендации независимых экспертов, рассматривают вопрос и выносят решение о наложении дисциплинарного взыскания на руководителей государственных предприятий, исполнительных органов юридических лиц с участием государства в соответствии с законами Республики Казахстан.

      В случае, если процент голосующих акций (долей участия) в юридических лицах с участием государства меньше 100 % (сто процентов), то вопрос и принятие решения о наложении дисциплинарного взыскания на руководителей исполнительного органа юридических лиц с участием государства выносятся на заседание Совета директоров и (или) общее собрание акционеров или участников товарищества с ограниченной ответственностью в соответствии с законами Республики Казахстан.";

      в главе "4. Порядок осуществления мониторинга объектов республиканского имущества":

      подпункт 1) части первой пункта 22 изложить в следующей редакции:

      "1) базовое комплексное обследование государственных предприятий и юридических лиц c участием государства, также государственного имущества, в том числе находящегося в доверительном управлении, имущественном найме (аренде), концессии либо переданного по договору государственно-частного партнерства, проводимое не чаще одного раза в год;";

      дополнить пунктом 24-1 следующего содержания:

      "24-1. Руководитель государственного предприятия, первые руководители национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, руководители исполнительных органов юридических лиц с участием государства несут дисциплинарную ответственность за неисполнение плановых показателей плана развития или плана мероприятий, повлекшее убыточность либо получение убытка больше запланированного, не содержащее признаков административного либо уголовного правонарушения.

      Уполномоченный орган по руководству соответствующей отраслью (сферой) государственного управления, принимая к сведению сформированные по результатам мониторинга анализы и рекомендации уполномоченного органа по управлению государственным имуществом, рассматривает вопрос и выносит решение о наложении дисциплинарного взыскания на руководителя государственного предприятия, первых руководителей национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, руководителя исполнительного органа юридических лиц с участием государства в соответствии с законами Республики Казахстан.

      В случае, если процент голосующих акций (долей участия) в юридических лицах с участием государства меньше 100 % (сто процентов), то вопрос и принятие решения о наложении дисциплинарного взыскания на руководителей исполнительного органа юридических лиц с участием государства выносятся на заседание Совета директоров и (или) общее собрание акционеров или участников товарищества с ограниченной ответственностью в соответствии с законами Республики Казахстан.".

      2. Центральным и местным исполнительным органам в течение одного месяца со дня введения настоящего постановления в действие в установленном законодательством порядке принять меры по обеспечению внесения изменений в трудовые договоры руководителей государственных предприятий, исполнительных органов юридических лиц с участием государства, первых руководителей национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, за исключением акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына", вытекающие из настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов