ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 451 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемені ескере отырып, 589 бірлік болып бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеменің адам санын ескере отырып штат санының лимиті осы өзгерістерге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қызмет бабында пайдалану үшін.
3. Қызмет бабында пайдалану үшін.
______________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 11 қыркүйектегi № 993 қаулысымен бекітiлген |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеменің адам санын ескере отырып, штат санының лимиті
Атауы | Штат санының лимиті |
1 | 2 |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемені ескере отырып, оның ішінде: | 589 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі: | 332 |
___________________________________