"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық маңызы бар Тарбағатай мемлекеттік табиғи қаумалының (зоологиялық) аумағы 9363 гектарға азайтылсын.
2. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
"Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 48-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
48 | Тарбағатай мемлекеттік табиғи қаумалы (зоологиялық) | 230637 | Зайсан және Тарбағатай аудандары | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
". |
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |