Америка Құрама Штаттарының Бас консулдығы ғимаратын салу үшін Алматы қаласында жер учаскелерін берушілерді айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 479 қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабы 3-тармағының 56) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Америка Құрама Штаттарының Бас консулдығы ғимаратын салу үшін "Real Estate & Construction Group" және "KAZKOM Realty" жауапкершілігі шектеулі серіктестері Алматы қаласындағы әл-Фараби, Сәкен Сейфуллин даңғылдары, Бекен Жамақаев, Алдар Көсе көшелері шаршысындағы жер учаскелерін берушілер болып айқындалсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Об определении поставщиков земельных участков в городе Алматы для строительства здания Генерального консульства Соединенных Штатов Америки

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июля 2022 года № 479

      В соответствии с подпунктом 56) пункта 3 статьи 39 Закона Республики Казахстан "О государственных закупках" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить поставщиками земельных участков в городе Алматы в квадрате проспектов аль-Фараби, Сакена Сейфуллина, улиц Бекена Жамакаева, Алдар Косе для строительства здания Генерального консульства Соединенных Штатов Америки товарищества с ограниченной ответственностью "Real Estate & Construction Group" и "KAZKOM Realty".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов