Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Ауғанстанға ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми ізгілік көмекті алушыны айқындасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ізгілік жүкті межелі пунктке теміржол көлігімен уақтылы тасымалдауды және жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар, Сыртқы істер, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 шілдедегі № 483 қаулысына қосымша |
Ауғанстанға ресми ізгілік көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтардың тізбесі
Р/с |
Материалдық құндылықтардың | Өлшем бірлігі | Мөлшері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Өсімдік майы | литр | 60000 |
2 | Сүт консервілері | м.ш.б. | 100 |
3 | Күріш жармасы | дана | 200 |
4 | Матрац | дана | 2000 |
5 | Темір кереует | дана | 2000 |
6 | Жастық тысы | дана | 2000 |
7 | Жастық | дана | 2000 |
8 | Ақжайма | дана | 4000 |
9 | Көрпе | дана | 2000 |
10 | 10 орындық жазғы шатыр | дана | 200 |
11 | Жылы күртеше | дана | 2000 |
12 | Жылы шалбар | дана | 2000 |
13 | Үлкен тостаған | дана | 2000 |
14 | Шағын тостаған | дана | 2000 |
15 | Қасық | дана | 2000 |
16 | Саптыаяқ | дана | 2000 |