Ауғанстанға ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 шілдедегі № 483 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Ауғанстанға ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми ізгілік көмекті алушыны айқындасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ізгілік жүкті межелі пунктке теміржол көлігімен уақтылы тасымалдауды және жеткізуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар, Сыртқы істер, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 16 шілдедегі
№ 483 қаулысына
қосымша

Ауғанстанға ресми ізгілік көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтардың тізбесі

Р/с

Материалдық құндылықтардың
атауы

Өлшем бірлігі

Мөлшері

1

2

3

4

1

Өсімдік майы

литр

60000

2

Сүт консервілері

м.ш.б.

100

3

Күріш жармасы

дана

200

4

Матрац

дана

2000

5

Темір кереует

дана

2000

6

Жастық тысы

дана

2000

7

Жастық

дана

2000

8

Ақжайма

дана

4000

9

Көрпе

дана

2000

10

10 орындық жазғы шатыр

дана

200

11

Жылы күртеше

дана

2000

12

Жылы шалбар

дана

2000

13

Үлкен тостаған

дана

2000

14

Шағын тостаған

дана

2000

15

Қасық

дана

2000

16

Саптыаяқ

дана

2000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады