Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы" 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 және "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № 522 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "Самұрық-Қазына" АҚ) жарғысында:

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Жылдың қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді Жалғыз акционер қабылдайды.

      Жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер Жалғыз акционер дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған кезде белгілеген мерзімде төленеді.

      Бұл ретте Жалғыз акционердің шешімі бойынша жай акциялар бойынша дивидендтерді Жалғыз акционердің дивидендтер төлеу туралы шешімінде белгіленген мерзімдерде және мөлшерде жартыжылдықтың қорытындысы бойынша төлеуге жол беріледі.

      Осы тармақта көрсетілген дивидендтерді төлеу Қордың тиісті кезеңдегі қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.";

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Жалғыз акционердің талабы бойынша Қор оған "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құжаттардың көшірмелерін Қорға осындай талап келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей беруге міндетті, бұл ретте қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты беруге шектеулер енгізуге жол беріледі.

      Құжаттардың көшірмелерін бергені үшін төлем мөлшерін Қор белгілейді және ол құжаттардың көшірмелерін дайындауға жұмсалған шығыстардың құнынан және Жалғыз акционерге құжаттарды жеткізуге байланысты шығыстар төлемінен аспайды.

      Қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қамтитын, Қордың бағалы қағаздарын шығарудың, орналастырудың, айналымға жіберудің және айырбастаудың жекелеген мәселелерін регламенттейтін құжаттар танысу үшін Жалғыз акционерге оның талабы бойынша берілуге тиіс.";

      2) күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2023 № 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 8 ноября 2012 года № 1418 "Об утверждении Устава акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" и от 4 июня 2018 года № 323 "Об утверждении Правил поступлений от передачи в конкурентную среду активов национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний и их дочерних, зависимых и иных юридических лиц, являющихся аффилированными с ними, в Национальный фонд Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 августа 2022 года № 522.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения:

      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 8 ноября 2012 года № 1418 "Об утверждении Устава акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына":

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 1) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О Фонде национального благосостояния" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      в Уставе акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" (далее – АО "Самрук-Қазына"), утвержденном указанным постановлением:

      пункт 36 изложить в следующей редакции:

      "36. Решение о выплате дивидендов по простым акциям по итогам года принимается Единственным акционером.

      Дивиденды по итогам года выплачиваются в срок, установленный Единственным акционером при принятии решения о выплате дивидендов.

      При этом по решению Единственного акционера допускается выплата дивидендов по простым акциям по итогам полугодия в сроки и размере, установленных в решении Единственного акционера о выплате дивидендов.

      Выплата дивидендов, указанных в настоящем пункте, осуществляется после проведения аудита финансовой отчетности Фонда за соответствующий период.";

      пункт 104 изложить в следующей редакции:

      "104. По требованию Единственного акционера Фонд обязан представить ему копии документов, предусмотренных Законом Республики Казахстан "Об акционерных обществах", не позднее десяти календарных дней со дня поступления такого требования в Фонд, при этом допускается введение ограничений на представление информации, составляющей служебную, коммерческую или иную охраняемую законом тайну.

      Размер платы за представление копий документов устанавливается Фондом и не может превышать стоимость расходов на изготовление копий документов и оплату расходов, связанных с доставкой документов Единственному акционеру.

      Документы, регламентирующие отдельные вопросы выпуска, размещения, обращения и конвертирования ценных бумаг Фонда, содержащие информацию, составляющую служебную, коммерческую или иную охраняемую законом тайну, должны быть представлены для ознакомления Единственному акционеру по его требованию.";

      2) Утратил силу постановлением Правительства РК от 11.07.2023 № 550 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 11.07.2023 № 550 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр Республики Казахстан А. Смаилов