Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін облыстық бюджеттерге 2022 жылға кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 547 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына, "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін облыстық бюджеттерге 2022 жылға кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.

      2. Тиісті мәслихаттар 2022 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және Қаржы министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;

      2) бюджеттік кредиттердің нысаналы пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      4. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-ы күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілген микрокредиттер нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша есеп беріп тұрсын.

      5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін облыстық бюджеттерге 2022 жылға кредит беруге бөлінген бюджет қаражатының игерілуін мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 10 тамыздағы
№ 547 қаулысымен
бекітілген

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін облыстық бюджеттерге 2022 жылға кредит берудің негізгі шарттары

      Облыстардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:

      1) "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында көзделген 40000000000 (қырық миллиард) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін облыстық бюджеттерге 2022 жылға кредит беруге 7 (жеті) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;

      2) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 айды құрайды және бюджеттік кредит қаражаты кредит берушінің шотынан аударылған кезден бастап есептеледі;

Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов для микрокредитования в сельских населенных пунктах и малых городах на 2022 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 августа 2022 года № 547.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 180 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законом Республики Казахстан от 2 декабря 2021 года "О республиканском бюджете на 2022 – 2024 годы" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые основные условия кредитования областных бюджетов для микрокредитования в сельских населенных пунктах и малых городах на 2022 год.

      2. Местным исполнительным органам областей в течение десяти календарных дней после принятия соответствующими маслихатами решений, предусматривающих в областных бюджетах на 2022 год соответствующие поступления, представить указанные решения маслихатов в Министерство финансов Республики Казахстан.

      3. Министерствам сельского хозяйства, финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) заключение кредитных договоров с местными исполнительными органами областей;

      2) контроль за целевым использованием и своевременным возвратом бюджетных кредитов в республиканский бюджет.

      4. Местным исполнительным органам ежемесячно, в срок до 20 числа месяца, следующего за отчетным, представлять в Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан отчет по показателям результатов выданных микрокредитов.

      5. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан обеспечить мониторинг освоения бюджетных средств, выделенных на кредитование областных бюджетов для микрокредитования в сельских населенных пунктах и малых городах на 2022 год.

      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан.

      7. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 10 августа 2022 года № 547

Основные условия кредитования областных бюджетов для микрокредитования в сельских населенных пунктах и малых городах на 2022 год

      Для предоставления кредитов местным исполнительным органам областей (далее – заемщики) устанавливаются следующие основные условия:

      1) кредиты в сумме 40000000000 (сорок миллиардов) тенге, предусмотренные постановлением Правительства Республики Казахстан "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2022 – 2024 годы", предоставляются заемщикам сроком на 7 (семь) лет по ставке вознаграждения 0,01 % на кредитование областных бюджетов для микрокредитования в сельских населенных пунктах и малых городах на 2022 год;

      2) период освоения бюджетного кредита составляет 6 месяцев и исчисляется с момента перечисления средств бюджетного кредита со счета кредитора;

      –––––––––––––––––––––