Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 850 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 6-бабының 9) тармақшасына және "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 9) тармақшасына, "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағына сәйкес әзірленді әрі тәжірибелік және өнеркәсіптік партия өндірісі үшін COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды (бұдан әрі – вакцина) уақытша мемлекеттік тіркеуді жүргізу тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші мемлекеттік сараптама ұйымына осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш пен құжаттар тізбесін ұсынады.
Өтініш беруші өтініш бергенге дейін өз бастамасы бойынша мемлекеттік органда және (немесе) мемлекеттік сараптама ұйымында COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеуді жүргізумен байланысты мәселелер бойынша ғылыми және тіркеуалды консультациялар алады.
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшада:
"Б. Сапаның өзгеруі" деген бөлімде:
"Б. I Белсенді фармацевтикалық субстанция" деген кіші бөлімде:
мына:
"
Б.I.а.5 Тұмаудың профилактикасына арналған маусымдық, пандемия алды немесе пандемиялық вакцинаның белсенді фармацевтикалық субстанциясының өзгеруі | Шарттар | Талап етілетін құжаттама | Рәсім түрі |
а) тұмаудың профилактикасы үшін маусымдық, пандемия алды немесе пандемия вакцинасы штамдарын ауыстыру | II |
" |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Б.I.а.5 SARS-CoV-2 туындатқан COVID-19 коронавирусына қарсы вакцинаның белсенді фармацевтикалық субстанциясының өзгеруі | Шарттар | Талап етілетін құжаттама | Рәсім түрі |
а) жаңа серотипті, штамды, антигенді немесе кодтау тізбегін ауыстыру немесе қосу немесе серотиптердің, штамдардың, антигендердің немесе кодтау тізбектерінің комбинациясы | II | ||
Түрлендірілген вакциналарға сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттама: |
"; |
"Б. II Дәрілік препарат" деген кіші бөлімде:
мына:
"
Б.II.б. 1 Дәрілік препарат өндірісінің бір бөлігі немесе барлық процестері үшін өндірістік алаңды ауыстыру | Шарттар | Талап етілетін құжаттамалар | Рәсім түрі |
а) қайталама қаптау алаңы | 1, 2 | 1, 3, 8 | IA |
б) бастапқы қаптау алаңы | 1, 2, 3, 4, 5 | 1, 2, 3, 4, 8, 9 | IA |
в) серияларды шығаруды, сериялардың сапасын бақылауды және қайталама қаптаманы қоспағанда, күрделі өндірістік процестердің көмегімен өндірілген биологиялық/иммунологиялық дәрілік препараттар немесе дәрілік нысандар үшін өндірістік операциялар жүзеге асырылатын алаң | II | ||
г) бастапқы немесе арнайы инспекция жүргізуді талап ететін алаң немесе инспекция өнімі | II | ||
д) серияларды шығаруды, серияларды, бастапқы және қайталама қаптамаларды бақылауды қоспағанда, стерильді емес дәрілік препараттар үшін кез келген өндірістік операциялар жүзеге асырылатын алаң | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 | IB | |
е) серияларды шығаруды, сериялардың сапасын бақылауды және қайталама қаптаманы қоспағанда, асептикалық әдістерді (биологиялық/ иммунологиялық дәрілік препараттарды қоспағанда) пайдалана отырып жүргізілетін стерильді дәрілік препараттармен кез келген өндірістік операциялар жүзеге асырылатын алаң | 1, 2, 3, 4, 5, 7, 8 | IB | |
Шарттар | |||
Құжаттама | |||
Ескертпе: |
Елде және GMP өзара тану туралы келісім жасалмаған Қазақстан Республикасынан тыс елдегі өндірістік алаң өзгерген кезде ұстаушыларға хабарлама берілгенге дейін уәкілетті органмен консультация жүргізе отырып, инспекция күндерін, инспекцияланатын өнімдердің санаттарын, қадағалау ведомствосын және өзге де мәліметтерді қоса алғанда, соңғы 2-3 жылдағы барлық алдыңғы инспекциялар және (немесе) барлық жоспарланған инспекциялар туралы мәліметтерді беру ұсынылады. Уәкілетті тұлғаның белсенді фармацевтикалық субстанцияны қозғайтын декларациялары. |
" |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Б.II.б.1 Дәрілік препарат өндірісі процестерінің бір бөлігі немесе бәрі үшін өндірістік алаңды ауыстыру немесе қосу | Шарттар | Талап етілетін құжаттама | Рәсім түрі |
а) қайталама қаптау алаңы | 1, 2 | 1, 3, 8 | IA |
б) бастапқы қаптау алаңы | 1, 2, 3, 4, 5 | 1, 2, 3, 4, 8, 9 | IA |
в) серияларды шығаруды, сериялардың және қайталама қаптаманың сапасын бақылауды қоспағанда, күрделі өндірістік процестердің көмегімен өндірілген биологиялық, иммунологиялық дәрілік препараттар немесе дәрілік нысандар үшін өндірістік операциялар жүзеге асырылатын алаң | II | ||
г) бастапқы инспекция жүргізуді талап ететін алаң немесе арнайы инспекция өнімі | II | ||
д) серияларды шығаруды, серияларды, бастапқы және қайталама қаптамаларды бақылауды қоспағанда, стерильді емес дәрілік препараттар үшін кез келген өндірістік операциялар жүзеге асырылатын алаң | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 | IB | |
е) серияларды шығаруды, сериялардың және қайталама қаптаманың сапасын бақылауды қоспағанда, асептикалық әдістерді (биологиялық, иммунологиялық дәрілік препараттарды қоспағанда) пайдалана отырып өндірілетін стерильді дәрілік препараттармен кез келген өндірістік операциялар жүзеге асырылатын алаң | 1, 2, 3, 4, 5, 7, 8 | IB | |
Шарттар | |||
Құжаттама | |||
Ескертпелер: |
Елде және Қазақстан Республикасынан тыс жерде GMP өзара тану туралы келісім жасалмаған өндірістік алаң өзгерген кезде тіркеу куәлігін ұстаушыларға хабарлама берілгенге дейін уәкілетті органмен консультация жүргізу және инспекциялау күндерін, инспекцияланатын өнімдердің санаттарын, қадағалау ведомствосын және өзге де мәліметтерді қоса алғанда, соңғы 2-3 жылдағы барлық алдыңғы инспекциялар және (немесе) барлық жоспарланған инспекциялар туралы мәліметтерді беру ұсынылады. |
". |
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |