"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау, ұлттық экономиканы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша шет мемлекеттерде шығарылатын тауарларды (бұдан әрі – тауарлар) ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.
2. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өнім беруші шығарған тауарлардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат етілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 606 қаулысына қосымша |
Ұлттық режимнен алып тасталатын, шет мемлекеттерде шығарылатын тауарлар тізбесі
Р/с | Атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды | ТЖҚ БНА |
1. | Ескерткіштерге, әрлеу мен құрылысқа арналған өңделген тас (тас – жиектас, төсемтас, декоративтік элементтер; травертин; тақта; гранит тақтасы; гранит) |
6801000000 |
237012.600.000007 |