Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 450 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесінде:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9. | "Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі | Қонаев қаласы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 18, 19, 20 және 21-жолдармен толықтырылсын:
"
18. | "Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі | Түркістан қаласы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
19. | "Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі | Семей қаласы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
20. | "Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі | Талдықорған қаласы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
21. | "Ұлытау облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі | Жезқазған қаласы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |