"Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 450 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 663 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 450 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

"Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі

Қонаев қаласы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 18, 19, 20 және 21-жолдармен толықтырылсын:

      "

18.

"Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі

Түркістан қаласы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

19.

"Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі

Семей қаласы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

20.

"Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі

Талдықорған қаласы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

21.

"Ұлытау облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі

Жезқазған қаласы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады