"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының консультативтік кеңесін құру туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 753 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының консультативтік кеңесін құру туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының консультативтік кеңесін құру туралы келісімге қол қою туралы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының консультативтік кеңесін құру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы
№ Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
  Жоба

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының консультативтік кеңесін құру туралы КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер

      Тараптардың сайлау саласындағы заңнамасын жетілдірудің маңыздылығын негізге ала отырып,

      азаматтардың сайлау құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамасы мен халықаралық міндеттемелеріне сәйкес сайлаулар мен референдумдар өткізу үшін құқықтық жағдайларды жетілдіру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында тұрақты кездесулер мен консультациялар өткізуге зор мән бере отырып,

      ынтымақтастықтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін оны ұйымдық ресімдеудің маңыздылығын түсіне отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының консультативтік кеңесін (бұдан әрі – Консультативтік кеңес) құрады.

      Консультативтік кеңес өз қызметін осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының консультативтік кеңесі туралы ереженің негізінде жүзеге асырады.

2-бап

      Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын, тиісті хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

3-бап

      Осы Келісім оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

4-бап

      Осы Келісім Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы, оның мақсаттары мен қағидаттарын бөлісетін кез келген мемлекеттің депозитарийге қосылу туралы құжатты беру арқылы қосылуы үшін ашық.

      Қосылатын мемлекет үшін Келісім:

      а) депозитарийге қосылу туралы құжаттар тапсырылған сәтте Келісім күшіне енген болса, депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап 30 күн өткен соң;

      б) депозитарийге қосылу туралы құжаттар тапсырылған сәтте Келісім күшіне енбеген болса, Келісім күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.

5-бап

      Тараптардың әрқайсысы депозитарийді бұл туралы жазбаша хабардар ете отырып, осы Келісімнен шығуға құқылы.

      Мұндай Тарапқа қатысты Келісім тиісті хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 6 айдан кейін қолданысын тоқтатады.

      _________ жылғы _______________________ орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Әзербайжан Республикасы үшін

Ресей Федерациясы үшін

Армения Республикасы үшін

Тәжікстан Республикасы үшін

Беларусь Республикасы үшін

Түрікменстан үшін

Қазақстан Республикасы үшін

Өзбекстан Республикасы үшін

Қырғыз Республикасы үшін

Украина үшін

Молдова Республикасы үшін


  2022 жылғы
Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығына қатысушы
мемлекеттердің сайлау
органдары басшыларының
консультативтік кеңесін құру
туралы келісімге
қосымша

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының консультативтік кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

      1.1. Осы Ереже Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының консультативтік кеңесі (бұдан әрі – Консультативтік кеңес) қызметінің құқықтық мәртебесін, функциялары мен ұйымдық негіздерін айқындайды.

      1.2. Консультативтік кеңес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекетаралық органы болып табылады.

      Консультативтік кеңес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі – ТМД немесе Достастық) қатысушы мемлекеттердің заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау және референдум өткізу саласындағы тәжірибесін ескере отырып, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі сайлау процесін жетілдіруге жәрдемдесу мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін құрылады.

      1.3. Консультативтік кеңестің құрамына _____ жылғы_____ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының консультативтік кеңесін құру туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің орталық сайлау органдарының басшылары не олардың міндеттерін атқаратын адамдар (бұдан әрі – Консультативтік кеңестің мүшелері) кіреді.

      1.4. Консультативтік кеңес өз қызметін ТМД Атқарушы комитетімен, ТМД-ның басқа да органдарымен, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырады. Консультативтік кеңес өз қызметінде ТМД Жарғысын, ТМД шеңберінде қабылданған халықаралық шарттар мен шешімдерді, осы Ережені басшылыққа алады.

II. Консультативтік кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары

      2.1. Консультативтік кеңестің негізгі міндеттері:

      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау органдарының сайлау саласындағы ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесу;

      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі сайлау процесін, азаматтардың сайлау құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау саласындағы Достастықтың құқықтық базасын, демократиялық сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

      2.2. Консультативтік кеңестің негізгі функциялары:

      Достастық органдарымен өзара іс-қимыл жасау, Консультативтік кеңестің және сайлау саласындағы қызметті жүргізетін Достастық органдарының мамандандырылған бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау органдарының жұмысын ұйымдастыру мен тәжірибесі мәселелері бойынша ақпарат алмасу;

      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің орталық сайлау органдарының сайлауды, референдумды ұйымдастыру мен өткізу саласында тәжірибе алмасу бойынша форумдар, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар ұйымдастырудағы қызметін үйлестіру;

      сайлау процесіне қатысатын мамандарды даярлауды жетілдіру және озық тәжірибе негізінде сайлауды, референдумды тиімді ұйымдастыру мен өткізу бойынша олардың біліктілігін арттыру мәселелерін қарау;

      сайлау жүйелері мен технологиялары, сайлау/референдум туралы заңнама, сайлауды/референдумды байқау әдістемесі мәселелерінде халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты қолдауға және бірлескен іс-қимылды қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы проблематика бойынша халықаралық семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысуға бағытталған практикалық шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

      бірлескен іс-қимылды талап ететін басқа да мәселелер.

III. Консультативтік кеңестің құқықтары

      Консультативтік кеңестің өз функцияларын орындау үшін:

      өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттардың жобаларын белгіленген тәртіппен ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің және Үкімет басшылары кеңесінің қарауына енгізуге;

      Консультативтік кеңес қызметінің жекелеген бағыттары бойынша қоғамдық негізде жұмыс істейтін тұрақты немесе уақытша жұмыс топтарын, сарапшылық кеңестерді құруға және олар туралы ережелерді бекітуге;

      өз құзыреті шегінде Достастықтың басқа органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен бірлестіктердің, оның ішінде ТМД шеңберінде құрылғандардың жұмыс (атқарушы) органдарымен өзара іс-қимыл жасауға;

      Консультативтік кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Достастықтың басқа мүдделі салалық құрылымдарына талдамалық және өзге де ақпарат беруге, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау органдарынан қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға;

      өзінің құзыретіне кіретін өзге де мәселелерді шешуге құқығы бар.

IV. Консультативтік кеңестің қызметін ұйымдастыру

      4.1. Консультативтік кеңестің отырыстары Келісімге қатысушы мемлекеттерде, әдетте, қажеттілігіне қарай, мемлекеттер атауларының орыс әліпбиі тәртібімен кезекпен, бірақ жылына бір реттен сиретпей өткізіледі.

      Консультативтік кеңестің кезектен тыс отырыстары Консультативтік кеңестің жалпы құрамының кемінде жартысы келіскен кезде Консультативтік кеңестің бір немесе бірнеше мүшесінің бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін. Мұндай отырыс, әдетте, оны шақырудың бастамашысы болған мемлекетте өткізіледі.

      Қажет болған жағдайда және техникалық мүмкіндік болған кезде Консультативтік кеңестің отырыстары қашықтан (бейнеконференцбайланысты пайдалана отырып) өткізілуі мүмкін.

      Консультативтік кеңестің отырысқа қатысуға мүмкіндігі жоқ мүшесі Консультативтік кеңестің отырыстарында шешім қабылдау өкілеттігі берілген өз өкілін жіберуге құқылы.

      Консультативтік кеңестің отырыстары, егер оған Консультативтік кеңес мүшелерінің немесе олардың өкілдерінің кемінде жартысы қатысса, заңды болады.

      Консультативтік Кеңестің отырыстарына кеңесші дауыс құқығымен ТМД Атқарушы комитетінің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі хатшылығының өкілі қатысады.

      Консультативтік кеңестің консенсуспен қабылданған шешімі бойынша отырыстарға байқаушылар ретінде басшылары Консультативтік кеңестің мүшелері болып табылмайтын сайлау органдарының өкілдері, халықаралық үкіметаралық ұйымдардың өкілдері қатыса алады.

      4.2. Консультативтік кеңесте төрағалық етуді әрбір мүше мемлекет, егер Консультативтік Кеңес өзгеше белгілемесе, оның атынан өкілдік ететін Консультативтік кеңестің мүшесі атынан мемлекет атауларының орыс әліпбиі тәртібімен ротация қағидаты негізінде, әдетте, бір жыл бойына кезекпен жүзеге асырады.

      Консультативтік Кеңестің алдыңғы және кейінгі төрағалары оның тең төрағалары болып табылады.

      Консультативтік кеңестің төрағасы уақытша болмаған жағдайда оның міндеттері тең төрағалардың біріне жүктеледі.

      4.3. Консультативтік кеңестің төрағасы:

      Консультативтік кеңестің жұмысын ұйымдастырады және Консультативтік кеңеске жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады, Консультативтік кеңес шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады және үйлестіреді;

      Консультативтік кеңестің қызметіне байланысты мәселелер бойынша ТМД органдарымен, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Консультативтік кеңестің атынан өкілдік етеді;

      Консультативтік кеңестің басқа мүшелерімен келісу бойынша кезекті отырысты өткізу уақытын айқындайды, Консультативтік кеңестің қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;

      Консультативтік кеңестің отырысын ұйымдастырады және өткізеді;

      Консультативтік кеңес отырысының шешімдері мен хаттамаларына қол қояды;

      Консультативтік кеңестің жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де функцияларды орындайды.

      4.4. Консультативтік кеңестің отырыстарында шешімдер қабылданады.

      Келісімге қатысушы әрбір мемлекет Консультативтік кеңесте бір дауысқа ие болады.

      Консультативтік кеңестің рәсімдік мәселелер жөніндегі шешімдері отырысқа қатысып отырған Консультативтік кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.

      Консультативтік кеңестің басқа мәселелер бойынша шешімдері консенсуспен қабылданады және ұсынымдық сипатта болады. Консенсус Консультативтік кеңес мүшелерінің отырысқа қатысып отырғандардың ең болмағанда біреуінің қаралатын мәселе бойынша шешім қабылдауға кедергі ретінде өзі ұсынған ресми қарсылығының болмауы ретінде айқындалады.

      Консультативтік кеңестің кез келген мүшесі қандай да бір мәселеге мүдделі еместігі туралы мәлімдей алады, бұл шешім қабылдауға, сондай-ақ болашақта қабылданған шешімге қосылуға кедергі болмайды.

      4.5. Консультативтік кеңес өз жұмысының регламентін қабылдай алады.

      4.6. Консультативтік кеңес жылына бір рет ТМД-ның Атқарушы комитетіне Консультативтік кеңестің қызметі туралы ақпарат береді.

      4.7. Консультативтік кеңестің жұмыс аппаратының функцияларын ТМД Атқарушы комитетінің құрылымдық бөлімшесімен бірге жетекшісі Консультативтік кеңестің Төрағасы болып табылатын мемлекеттің орталық сайлау органы жүзеге асырады.

      4.8. Консультативтік кеңестің жұмыс тілі орыс тілі болып табылады.

V. Қаржыландыру

      5.1. Консультативтік кеңестің отырысын өткізуді қаржыландыруға байланысты шығыстар Келісімге қатысушы қабылдаушы мемлекеттің ұлттық бюджетінде орталық сайлау органының қызметін қамтамасыз етуге көзделетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      5.2. Консультативтік кеңестің мүшелерін іссапарға жіберуге арналған шығыстар Келісімге қатысушы жіберуші мемлекеттердің ұлттық бюджеттерінде орталық сайлау органдарының қызметін қамтамасыз етуге көзделетін қаражат есебінен жүзеге асырылады. Отырысқа қатысушыларды іссапарға жіберуге арналған шығыстар жіберуші органдар мен ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О подписании Соглашения об образовании Консультативного совета руководителей избирательных органов государств-участников Содружества Независимых Государств"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 сентября 2022 года № 753

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О подписании Соглашения об образовании Консультативного совета руководителей избирательных органов государств - участников Содружества Независимых Государств".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

О подписании Соглашения об образовании Консультативного совета руководителей избирательных органов государств-участников Содружества Независимых Государств

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 8 Закона Республики Казахстан "О международных договорах Республики Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Одобрить прилагаемый проект Соглашения об образовании Консультативного совета руководителей избирательных органов государств – участников Содружества Независимых Государств.

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
К.Токаев

  ОДОБРЕН
Указом Президента
Республики Казахстан
от 2022 года №
  Проект

СОГЛАШЕНИЕ
об образовании Консультативного совета руководителей избирательных органов государств-участников Содружества Независимых Государств

      Государства-участники Содружества Независимых Государств, именуемые в дальнейшем Сторонами,

      исходя из значимости совершенствования законодательства Сторон в избирательной сфере,

      придавая большое значение проведению регулярных встреч и консультаций в целях обмена опытом по вопросам обеспечения избирательных прав и свобод граждан, совершенствования правовых условий для проведения выборов и референдумов в соответствии с законодательством и международными обязательствами государств-участников СНГ,

      осознавая важность организационного оформления сотрудничества для обеспечения его стабильного развития,

      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Стороны образовывают Консультативный совет руководителей избирательных органов государств-участников Содружества Независимых Государств (далее – Консультативный совет).

      Консультативный совет осуществляет свою деятельность на основании Положения о Консультативном совете руководителей избирательных органов государств-участников Содружества Независимых Государств, которое является неотъемлемой частью настоящего Соглашения.

Статья 2

      По согласию Сторон в настоящее Соглашение могут быть внесены изменения и дополнения, являющиеся его неотъемлемой частью, которые оформляются соответствующими протоколами.

Статья 3

      Настоящее Соглашение вступает в силу по истечении 30 дней с даты получения депозитарием третьего уведомления о выполнении подписавшими его Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.

      Для Сторон, выполнивших внутригосударственные процедуры позднее, настоящее Соглашение вступает в силу по истечении 30 дней с даты получения депозитарием соответствующих документов.

Статья 4

      Настоящее Соглашение открыто для присоединения любого государства-участника Содружества Независимых Государств, разделяющего его цели и принципы, путем передачи депозитарию документа о присоединении.

      Для присоединяющегося государства Соглашение вступает в силу:

      а) по истечении 30 дней с даты получения депозитарием документа о присоединении при условии, что на момент сдачи депозитарию документов о присоединении Соглашение вступило в силу;

      б) с даты вступления в силу Соглашения при условии, что на момент сдачи депозитарию документов о присоединении Соглашение не вступило в силу.

Статья 5

      Каждая из Сторон вправе выйти из настоящего Соглашения, письменно уведомив об этом депозитарий.

      Настоящее Соглашение прекращает действие в отношении такой Стороны через 6 месяцев с даты получения депозитарием соответствующего уведомления.

      Совершено в _______________________ года в одном подлинном экземпляре на русском языке. Подлинный экземпляр хранится в Исполнительном комитете Содружества Независимых Государств, который направит каждому государству, подписавшему настоящее Соглашение, его заверенную копию.

За Азербайджанскую Республику

За Российскую Федерацию





За Республику Армения

За Республику Таджикистан





За Республику Беларусь

За Туркменистан





За Республику Казахстан

За Республику Узбекистан





За Кыргызскую Республику

За Украину





За Республику Молдова


  Приложение
к Соглашению об образовании
Консультативного совета
руководителей избирательных
органов государств-участников
Содружества Независимых
Государств от 2022 года

ПОЛОЖЕНИЕ
о Консультативном совете руководителей избирательных органов государств-участников Содружества Независимых Государств

I. Общие положения

      1.1. Настоящее Положение определяет правовой статус, функции и организационные основы деятельности Консультативного совета руководителей избирательных органов государств-участников Содружества Независимых Государств (далее – Консультативный совет).

      1.2. Консультативный совет является межгосударственным органом Содружества Независимых Государств.

      Консультативный совет создается для обеспечения сотрудничества между избирательными органами государств-участников Содружества Независимых Государств (далее – СНГ или Содружество) в целях содействия совершенствованию избирательного процесса в государствах-участниках СНГ с учетом опыта государств-участников СНГ в области проведения выборов и референдумов в соответствии с законодательством и международными обязательствами государств-участников СНГ.

      1.3. В состав Консультативного совета входят руководители центральных избирательных органов государств-участников Соглашения об образовании Консультативного совета руководителей избирательных органов государств- участников Содружества Независимых Государств от _____ года (далее – Соглашение) либо лица, исполняющие их обязанности (далее – члены Консультативного совета).

      1.4. Консультативный совет осуществляет свою деятельность во взаимодействии с Исполнительным комитетом СНГ, другими органами СНГ, а также с органами государственной власти государств-участников СНГ. Консультативный совет руководствуется в своей деятельности Уставом СНГ, международными договорами и решениями, принятыми в рамках СНГ, настоящим Положением.

II. Основные задачи и функции Консультативного совета

      2.1. Основные задачи Консультативного совета:

      содействие развитию сотрудничества избирательных органов государств- участников СНГ в избирательной сфере;

      разработка рекомендаций по совершенствованию избирательного процесса в государствах-участниках СНГ, правовой базы Содружества в области обеспечения и защиты избирательных прав и свобод граждан, организации и проведения демократических выборов.

      2.2. Основные функции Консультативного совета:

      взаимодействие с органами Содружества, координация деятельности Консультативного совета и специализированных подразделений органов Содружества, ведущих деятельность в избирательной сфере;

      обмен информацией по вопросам организации и опыта работы избирательных органов государств-участников СНГ;

      координация деятельности центральных избирательных органов государств-участников СНГ в организации ими форумов, научно-практических конференций, семинаров по обмену опытом в сфере организации и проведения выборов, референдумов;

      рассмотрение вопросов совершенствования подготовки специалистов, участвующих в избирательном процессе, и повышения их квалификации по эффективной организации и проведению выборов, референдумов на основе передового опыта;

      разработка и осуществление практических мер, направленных на поддержание сотрудничества и обеспечение совместных действий с международными организациями в вопросах избирательных систем и технологий, законодательства о выборах/референдумах, методики наблюдения за выборами/референдумами, а также участие в организации и проведении международных семинаров и конференций по данной проблематике;

      другие вопросы, требующие совместных действий.

III. Права Консультативного совета

      Консультативный совет для выполнения своих функций имеет право:

      вносить в установленном порядке на рассмотрение Совета глав государств и Совета глав правительств СНГ проекты документов по вопросам, входящим в его компетенцию;

      создавать по отдельным направлениям деятельности Консультативного совета постоянные или временные рабочие группы, экспертные советы, действующие на общественных началах, и утверждать положения о них;

      взаимодействовать с другими органами Содружества, а также рабочими (исполнительными) органами международных организаций и объединений, в том числе образованных в рамках СНГ, в пределах своей компетенции;

      по вопросам, входящим в компетенцию Консультативного совета, предоставлять аналитическую и иную информацию другим заинтересованным отраслевым структурам Содружества, а также запрашивать необходимые материалы и информацию от избирательных органов государств-участников СНГ;

      решать иные вопросы, входящие в его компетенцию.

IV. Организация деятельности Консультативного совета

      4.1. Заседания Консультативного совета проводятся в государствах- участниках Соглашения, как правило, поочередно в порядке русского алфавита названий государств, по мере необходимости, но не реже одного раза в год.

      Внеочередные заседания Консультативного совета могут созываться по инициативе одного или нескольких членов Консультативного совета при согласии не менее половины общего состава Консультативного совета. Такое заседание проводится, как правило, в государстве – инициаторе его созыва.

      В случае необходимости и при наличии технической возможности, заседания Консультативного совета могут проводиться в дистанционной (с использованием видеоконференцсвязи) форме.

      Член Консультативного совета, не имеющий возможности участвовать в заседании, вправе делегировать своего представителя, наделенного полномочиями принимать решения на заседаниях Консультативного совета.

      Заседания Консультативного совета правомочны, если в них принимает участие не менее половины членов Консультативного совета или их представителей.

      В заседаниях Консультативного совета с правом совещательного голоса принимают участие представители Исполнительного комитета СНГ и Секретариата Совета Межпарламентской Ассамблеи государств-участников СНГ.

      По решению Консультативного совета, принятому консенсусом, в заседаниях могут принимать участие в качестве наблюдателей представители избирательных органов, руководители которых не являются членами Консультативного совета, представители международных межправительственных организаций.

      4.2. Председательство в Консультативном совете осуществляется поочередно каждым государством-участником в лице представляющего его члена Консультативного совета на основе принципа ротации в порядке русского алфавита названий государств, как правило, в течение одного года, если иное не будет установлено Консультативным советом.

      Предшествующий и последующий председатели Консультативного совета являются его сопредседателями.

      В случае временного отсутствия Председателя Консультативного совета, его обязанности возлагаются на одного из сопредседателей.

      4.3. Председатель Консультативного совета:

      организует работу Консультативного совета и осуществляет общее руководство Консультативным советом, организует и координирует выполнение решений Консультативного совета;

      представляет Консультативный совет во взаимоотношениях с органами СНГ, органами государственной власти государств-участников СНГ и международными организациями по вопросам, связанным с деятельностью Консультативного совета;

      определяет время проведения очередного заседания по согласованию с другими членами Консультативного совета, осуществляет общее руководство подготовкой вопросов, вносимых на рассмотрение Консультативного совета;

      организует и проводит заседание Консультативного совета;

      подписывает решения и протокол заседания Консультативного совета;

      выполняет иные функции, необходимые для обеспечения работы Консультативного совета.

      4.4. На заседаниях Консультативного совета принимаются решения.

      Каждое государство-участник Соглашения имеет в Консультативном совете один голос.

      Решения Консультативного совета по процедурным вопросам принимаются простым большинством голосов присутствующих на заседании членов Консультативного совета.

      Решения Консультативного совета по другим вопросам принимаются консенсусом и носят рекомендательный характер. Консенсус определяется как отсутствие официального возражения хотя бы одного из присутствующих на заседании членов Консультативного совета, выдвигаемого им как представляющее препятствие для принятия решения по рассматриваемому вопросу.

      Любой член Консультативного совета может заявить о незаинтересованности в том или ином вопросе, что не является препятствием для принятия решения, а также присоединения к принятому решению в будущем.

      4.5. Консультативный совет может принимать регламент своей работы.

      4.6. Консультативный совет один раз в год представляет в Исполнительный комитет СНГ информацию о деятельности Консультативного совета.

      4.7. Функции рабочего аппарата Консультативного совета осуществляет центральный избирательный орган государства, руководитель которого является Председателем Консультативного совета, совместно со структурным подразделением Исполнительного комитета СНГ.

      4.8. Рабочим языком Консультативного совета является русский язык.

V. Финансирование

      5.1. Расходы, связанные с финансированием проведения заседания Консультативного совета, осуществляются за счет средств, предусматриваемых в национальном бюджете принимающего государства-участника Соглашения на обеспечение деятельности центрального избирательного органа.

      5.2. Расходы на командирование членов Консультативного совета осуществляются за счет средств, предусматриваемых в национальных бюджетах направляющих государств-участников Соглашения на обеспечение деятельности центральных избирательных органов. Расходы на командирование участников заседания осуществляются за счет средств направляющих органов и организаций.