Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, Ұлытау облысының әкімдігі және мүдделі ұйымдар (келісу бойынша) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл қорытындысы бойынша 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жыл қорытындысы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 871 қаулысымен бекітілген |
Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспары
Кіріспе
Ұлытау облысы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығымен құрылды.
Ұлытау облысының экономикасын өнеркәсіп айқындайды, оның даму деңгейі облыстың әлеуметтік-экономикалық жай-күйі мен тұрақты әлеуметтік климатының басты индикаторы болып табылады.
Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін экономиканың өңдеу және өндіру секторларының ірі, орта және шағын кәсіпорындары айқындайды. Негізгі үлес түсті және жерде сирек кездесетін металдар өндіруге шоғырланған.
Облыста кен өндіруден бастап дайын өнім өндіруге дейін өндірістің толық циклі бар Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші орналасқан, онда облыс тұрғындарының үштен бір бөлігі жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес осы жылғы 9 айда Ұлытау облысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,6 %-ды құрады.
2021 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 13,5 %-ға өсіп, 711,7 млрд теңгені құрады, негізгі үлесі өңір үшін қала құраушы кәсіпорын – "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС-не тиесілі.
Нақты сектордағы көрсеткіштердің өсуі белсенді инвестициялық қызмет есебінен қамтамасыз етілді. 2021 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар 166 млрд теңгені құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың ең көп үлесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі (55 %).
Облыстың металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп және машина жасауды дамыту үшін әлеуеті бар. Қолда бар минералды базаны және кадрлық әлеуетті пайдалана отырып, жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға зор мүмкіндік бар.
Облыс аумағында экономиканың нақты секторының дамуымен қатар, ауыл шаруашылығы да тұрақты дамып келеді, оның негізін мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы құрайды.
Шағын және орта бизнес белсенді дамып келеді. Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 2021 жылдың қорытындысы бойынша 27257 адам, шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығаруы 164381 млн теңгені құрады.
Мектепке дейінгі және орта білім беру саласында 35854 оқушыны қамтитын 87 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 14 мектепте (16 %) спорт залдары жоқ, мұғалімдер (236 бірлік) жетіспейді.
Сондай-ақ облыс бойынша жалпы 6557 баланы қамтитын 49 мектепке дейінгі мекеме және 59 шағын орталық жұмыс істейді, 0-ден 6 жасқа дейінгі 3770 бала кезекте тұр.
Денсаулық сақтау саласындағы соңғы үш жылдағы серпін халықтың жалпы өлім-жітім деңгейінің 11,5 %-ға, сәбилер өлім-жітімінің – 17,8 %-ға, аналар өлім-жітімінің – 6,3 %-ға және онкологиялық аурулардан өлім-жітімнің – 6,9 %-ға өскенін көрсетіп отыр.
Негізгі проблемалар – қанағаттанғысыз экология, заманауи медициналық мекемелердің болмауы, дәрігер кадрлардың өте тапшылығы.
Су деңгейінің төмендеуі, ауыз су сапасының нашарлығы және ауаның ластануы тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян тигізіп отыр.
Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 23 %-ы (277,4 км), қалаішілік және кентішілік жолдардың 30 %-ы (163,4 км) қанағаттанғысыз жай-күйде.
Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуді кешенді шешу өзекті мәселе болып табылады. Облыс бойынша тұрғын үй алуға 6044 адам кезекте тұр.
Жалпы инфрақұрылымды дамыту мен жол құрылысын ескере отырып, өңірдің солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын Қазақстанның логистикалық орталығына айналу әлеуеті бар.
Облыстың экономикалық өсу драйверлерінің бірі ішкі туризм бола алады, ол үшін жол инфрақұрылымын жақсарту, жол бойындағы сервисті дамыту және туристік лекті ұлғайту бойынша шаралар кешенін қабылдау қажет.
Осы жылдың 9 айында облыс халқының саны 229,1 мың адамды құрады. Урбандалу дәрежесі – 77,1 % (22,9 % – ауыл тұрғындары). 2021 жылдың қорытындысы бойынша бала туу деңгейі 9,3 %-ға өсті.
Өңірдегі демографиялық ілгерілеуді және жалпы облыстың дамуын назарға ала отырып, бірінші кезекте жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік саланы, экологияны, тұрғын үйді, инфрақұрылымды және жол саласын дамыту жөнінде тиісті шаралар қабылдау қажет.
Бес жыл ішінде өңірді кешенді индустриялық дамытуды іске асыру жоспарланған, металлургия өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, әлеуметтік инфрақұрылымды қарқынды дамытуға және экологиялық мәселелерді шешуге баса назар аударылатын болады.
Жаңа жобаларды іске асыру 9,5 мың жаңа жұмыс орнының (оның ішінде 4894 тұрақты) құрылуын қамтамасыз етеді, бұл жұмыссыздық деңгейін 4,2 %-дан 4 %-ға, оның ішінде жастар арасында 4,3 %-дан 4 %-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспары өңірдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге, инвестициялық тартымдылығын арттыруға және бизнестің экономикалық белсенділігінің өсуі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспары
Күтілетін нәтижелер:
Шағын және орта бизнесте (бұдан әрі – ШОБ) жұмыспен қамтылғандар санының өсуі 10,8 %-ды немесе 30212 адамды (2021 жылы – 27257 адам), ШОБ өнімін шығару 2,7 есе ұлғайып, 448826 млн теңгені (2021 жылы – 164381 млн теңге) құрайды.
9,5 мың жаңа жұмыс орнын (оның 4894 тұрақты) құру жоспарланған.
Мектепке дейінгі білім беру саласында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 77,2 %-дан 82 %-ға дейін ұлғайтылады.
Оқушыларды қосымша біліммен қамту 80 %-ға дейін ұлғаяды (2022 жылы – 10,6 %);
Мүмкіндіктері шектеулі 421 баланы (28 %) кешенді оңалтумен қамту артады.
Денсаулық сақтау саласында 2026 жылға қарай өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 10,2-ден 9,7 жағдайға дейін, нәресте өлімі 1000 тірі туғанға шаққанда 9,6-дан 9,2 жағдайға дейін, аналар өлімі 10000 тірі туғанға шаққанда 24,7-ден 0 жағдайға дейін төмендейді.
2026 жылға қарай:
өмір сүру ұзақтығының көрсеткішін 67,0-ден 73,6 жасқа дейін ұлғайту;
ауыл тұрғындарын ауыз сумен 100 % қамтамасыз ету;
облысты 100 % іркіліссіз және сапалы сумен қамтамасыз ету;
173 мың адамды (86 %) іркіліссіз және сапалы жылумен қамтамасыз ету жоспарланған.
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың деңгейі 87 %-дан 98 %-ға, ал қалаішілік және елді мекенішілік жолдардың деңгейі 70 %-дан 90 %-ға дейін артады.
Агроөнеркәсіптік кешенде жоспарланған іс-шаралар мал басының санын: ірі қара малды – 50 %-ға (157,6 мыңнан 236,4 мың басқа дейін), ұсақ малды – 40 %-ға (299,6 мыңнан 419,4 мың басқа дейін), жылқыны – 30 %-ға (148,9 мыңнан 193,6 мың басқа дейін) ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Жаңа спорт инфрақұрылымдарын іске қосу есебінен дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтарды қамту 2026 жылға қарай 45,2 %-ға жетеді (2021 жылы – 33,1%).
Р/с № | Атауы |
Аяқталу | Жауапты орындаушылар |
Орындалу |
Болжамды |
Қаржы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
1. Минералдық-шикізат базасын кеңейту | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 |
Ұлытау ауданындағы "Кварцевая жила 81" кен |
ҰЭМ-ге |
Ұлытау | 2022 жыл | 100 | ЖИ | |
2023 жыл | 200 | ||||||
2. |
Жаңаарқа ауданының кен орындарында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу: |
геологиялық есеп |
Ұлытау | 2022 жыл | 50 |
ЖИ | |
"Шойымбай" және "Шұбароба"; | 2022 жыл | 300 | |||||
2023 жыл | 697 | ||||||
"Көкқұс" | 2022 жыл | 200 | |||||
2023 жыл | 345 | ||||||
3. | Қаражал қаласындағы "Батыс Қаражал" кен орнында тау-кен жұмыстарының шегін 10 км кеңейту |
геологиялық есеп |
Ұлытау | 2023 жыл | 200 | ЖИ | |
2024 жыл | 300 | ||||||
4. |
Қаражал қаласында "10 метрге дейінгі тереңдікке" | техникалық есеп |
Ұлытау | 2022 жыл | 350 | ЖИ | |
5. | 6 кен орнында ("Дүйсембай", "Едіге", "Алтынқазған", "Итауыз", "Жаман Айбат", "Жезқазған") геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу |
геологиялық есеп |
Ұлытау | 2022 жыл | 558 | ЖИ | |
2023 жыл | 3 558 | ||||||
2024 жыл | 3 558 | ||||||
2025 жыл | 2 558 | ||||||
6. | Жезқазған қаласында геологиялық кластер салу | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2022 жыл | 3500 | ЖИ | |
2023 жыл | 3500 | ||||||
2. Индустриялық-инновациялық даму | |||||||
7. | Индустриялық аймаққа инфрақұрылым салу |
ЖСҚ, |
Ұлытау | 2023 жыл | 100 |
ЖБ | |
2024 жыл | 1 000 | ||||||
2025 жыл | 2 000 | ||||||
8. |
Жаңа Жезқазған мыс балқыту зауытында күкірт | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2025 жыл | 70 000 | ЖИ | |
9. | № 1, 2 Жезқазған байыту фабрикасының орта және кіші ұсақтау жабдығын жаңғырту | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2022 жыл |
2 411 | ЖИ | |
2023 жыл |
6 720 | ||||||
10. |
"Қазақмыс" корпорациясы кәсіпорындарында | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2022 жыл | 13 | ЖИ | |
2023 жыл |
33 | ||||||
11. | Жыланды кен орнын жаңғырту | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2022 жыл | 22 883 | ЖИ | |
2023 жыл | 55 688 | ||||||
2024 жыл | 53 006 | ||||||
2025 жыл | 26 109 | ||||||
12. | Жезқазған қаласында қара мыс концентраттарын гидрометаллургиялық қайта өңдеу тәжірибелік зауытын салу | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2022 жыл | 23 942 | ЖИ | |
13. | "Жаман Айбат" кен орны базасында мыс өндіретін Жезқазған мыс балқыту зауытын газдандыру арқылы жаңғырту | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2022 жыл | 1 500 | ЖИ | |
14. | Жезқазған қаласында өнеркәсіптік реагент шығаратын химия зауытын салу | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2023 жыл | 1 200 | ЖИ | |
15. | Жезқазған қаласында биоэлектр станциясын салу (қоқыс өндеу зауыты) | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау облысының әкімдігі, "KazGreen Energy" ЖШС | 2023 жыл | 3 525 | ЖИ | |
2024 жыл |
8 225 | ||||||
16. |
Сәтбаев қаласында құрамында мыс бар тотыққан | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2022 жыл | 5 000 | ЖИ | |
2023 жыл | 22 000 | ||||||
17. | Жаңаарқа ауданында құрамынды алтын бар кендерді үймелеп шаймалау технологиясы бойынша "Ашықтас" кенішінде қайта өңдеу кешенін салу | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2022 жыл | 5 000 | ЖИ | |
2023 жыл | 6 241 | ||||||
18. |
Жаңаарқа ауданындағы "Қужал" кен орны базасында бағалы металдар мен полиметалдарды байыту | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2024 жыл | 500 | ЖИ | |
2025 жыл | 578 | ||||||
2026 жыл | 2 500 | ||||||
19. | Қаражал қаласы "Үлкен Ақтай" кен орнында "INDJAZ" темір-марганец кенін қайта өңдеу | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2023жыл | 200 | ЖИ | |
2024 жыл | 200 | ||||||
2025 жыл | 200 | ||||||
20. | "Үш қатын" кен орнында шахтаны реконструкциялау | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2023 жыл | 300 | ЖИ | |
2024 жыл | 400 | ||||||
2025 жыл | 300 | ||||||
21. |
"Өркен – Атасу" кәсіпорнында қосалқы станцияны | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2024 жыл | 470 | ЖИ | |
Қуаты орташа (1 млн тонна) мұнай өңдеу зауытын салу | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2024 жыл | 240 000 | ЖИ | ||
2025 жыл | 240 000 | ||||||
3. Кәсіпкерлікті дамыту | |||||||
23. |
Ұлытау ауданында туристерге кешенді қызмет | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау облысының әкімдігі, | 2023 жыл | 100 | ЖИ | |
2024 жыл | 200 | ||||||
24. | Жезқазған қаласында гипермаркет салу | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2022 жыл | 950 | ЖИ | |
25. | Жезқазған қаласында сауда-ойын сауық орталығын салу | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2024 жыл | 750 | ЖИ | |
2025 жыл | 750 | ||||||
Шағын және орта бизнесті қолдауға арналған | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау |
2023 жыл | 900 | ЖИ | ||
500 | ЖБ | ||||||
27. | Жезқазған қаласында көтерме-тарату орталығын ашу | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2022 жыл | 400 | ||
2023 жыл | 400 | ||||||
28. |
Мыналарды: | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2023 жыл |
300 | ЖИ | |
2024 жыл | 300 | ||||||
Жаңаарқа ауданында 30 орынға арналған қонақ үй кешенін салу |
Ұлытау | 2022 жыл | 15 | ||||
29. |
100 орынға арналған шипажай типтес "Ұлытау" | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2024 жыл | 300 | ЖИ | |
2025 жыл | 300 | ||||||
30. | Сәтбаев қаласында лимонадтар мен квас құю желісін іске қоса отырып, "Ұлытау" минералды су өндірісін жаңғырту | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2023 жыл | 50 | ЖИ | |
2024 жыл | 60 | ||||||
31. | "Табысқа апарар жол" атты жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру |
Ұлытау |
Ұлытау | 2022 жыл | 139 | ЖБ | |
2023 жыл | 100 | ||||||
2024 жыл | 100 | ||||||
2025 жыл | 100 | ||||||
2026 жыл | 100 | ||||||
32. |
Сәтбаев қаласында "Жексенбілік бизнес мектебі" |
орындалған жұмыстар |
Ұлытау | 2022 жыл | 4 | ЖБ | |
2023 жыл | 4,5 | ||||||
2024 жыл | 5 | ||||||
2025 жыл | 5,5 | ||||||
2026 жыл | 5,5 | ||||||
33. | Жезқазған қаласында "Hyundai" дилерлік орталығын салу және ұйымдастыру | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2023 жыл | 700 | ЖИ | |
2024 жыл | 700 | ||||||
4. Агроөнеркәсіптік кешен | |||||||
34. |
Жезқазған қаласында құс етін өндіретін құс | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2023 жыл | 226 | ЖИ | |
35. | Жаңаарқа ауданында ет өңдеу және ет өнімдерін өндіру кешенін құру | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2022 жыл | 573 | ЖИ | |
36. |
Жалпы ауданы кемінде 400 га жер учаскесін бере | жер пайдаланудың құқық белгілеуші құжаттары |
Ұлытау | 2023 жыл | 200 | ЖИ | |
250 | ЖБ | ||||||
37. | Жезқазған қаласында ұн тарту кешенін жаңғырту | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2023 жыл | 400 | ЖИ | |
38. | Сәтбаев қаласында құс етін қайта өңдейтін сою цехын құру | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2023 жыл | 113 | ЖИ | |
39. |
Жаңаарқа ауданында ауыл шаруашылығы және жабайы тұяқты жануарларға арналған жемшөп пен жемшөп | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2023 жыл | 229 | ЖИ | |
40. | Жаңаарқа ауданында сүт өңдеу зауытын құру | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2023 жыл | 270 | ЖИ | |
41. |
Жаңаарқа ауданында кейіннен етті тереңінен қайта | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2023 жыл | 1 265 | ЖИ | |
42. | Жезқазған қаласында ет өңдеу кешенін салу | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2024 жыл | 3 500 | ЖИ | |
43. |
Жезқазған қаласында ауыл шаруашылығы |
Қазақстан | АШМ, ҒЖБМ, Қаржымині, ҰЭМ, Ұлытау облысының әкімдігі | 2023 жыл | талап етілмейді | ||
44. |
Жезқазған қаласында облыстық ветеринариялық | пайдалануға беру актісі | АШМ, Ұлытау облысының әкімдігі | 2023 жыл | 420 | РБ | |
45. | 2025 жылға қарай майлы дақылдардың егіс алқаптарын 5000 гектарға дейін ұлғайту |
АШМ-ға |
Ұлытау | жыл сайын | талап етілмейді | ||
46. |
Жезқазған қаласы Кеңгір ауылында жұмыртқа | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2024 жыл | 850 | ЖИ | |
5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | |||||||
Тұрғын үй | |||||||
47. | Жезқазған қаласында апаттық тұрғын үй қорын жаңарту | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2023 жыл | 2000 | ЖИ | |
2024 жыл | 2500 | ||||||
2025 жыл | 3000 | ||||||
2026 жыл | 3000 | ||||||
Жылумен жабдықтау | |||||||
48. |
Сәтбаев қаласында қосымша 5-қазандықты орнатып, |
пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2024 жыл | 5 000 | ЖИ | |
жыл | 8 000 | ||||||
49. |
Жезқазған қаласында № 2 жылу электр орталығын салу |
ТЭН, ЖСҚ, |
Ұлытау | 2023 жыл | 50 |
ЖИ | |
2024 жыл | 50 050 | ||||||
2025 жыл | 100 000 | ||||||
2026 жыл | 150 000 | ||||||
50. |
Жалпы қуаттылығы 100 МВт бу газды қондырғы | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2023 жыл | 10300 | ЖИ | |
2024 жыл | 18 700 | ||||||
2025 жыл | 6 300 | ||||||
2026 жыл | 200 | ||||||
51. | Сәтбаев қаласының жылу желілерін жөндеу | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2024 жыл | 466 | ЖБ | |
2025 жыл | 200 | ||||||
Сумен жабдықтау және су бұру | |||||||
52. |
Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту | пайдалануға беру актісі |
ЭГТРМ, | 2023 жыл | 8 400 | РБ | |
2024 жыл | 8 400 | ||||||
53. |
Айдос кен орнының қолданыстағы ұңғымаларын |
ЖСҚ, |
ЭГТРМ, | 2022 жыл | 115 | ЖИ | |
2023 жыл | 4 000 | РБ | |||||
2024 жыл | 5 000 | ||||||
54. |
Үйтас кен орнының қолданыстағы ұңғымаларын |
ЖСҚ, |
ЭГТРМ, | 2023 жыл | 120 | ЖИ | |
2024 жыл | 4 000 | РБ | |||||
2025 жыл | 5 000 | ||||||
55. | Қожамсейіт кен орнының тоғанын салу |
ЖСҚ, |
ЭГТРМ, | 2024 жыл | 120 | ЖИ | |
2025 жыл | 6 000 | РБ | |||||
2026 жыл | 6 000 | ||||||
56. |
Мыналарды салу, оның ішінде: |
ЖСҚ, |
ЭГТРМ, | 2023 жыл | 190 | ЖИ | |
2024 жыл | 4 000 | РБ | |||||
2025 жыл | 5 000 | ||||||
2026 жыл | 5 000 | ||||||
57. |
Мыналарды салу: |
ЖСҚ |
Ұлытау | 2023 жыл | 20 | ЖИ | |
Жезқазған қаласының 60, 66 - разъездеріндегі су құбыры желілері; | 15 | ЖБ | |||||
Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының 10 ауылдық елді мекеніндегі су құбыры желілері | 2022 жыл | 50 | |||||
2023 жыл | 50 | ||||||
2024 жыл | 50 | ||||||
2025 жыл | 50 | ||||||
58. | Ұлытау ауылында су құбырларын реконструкциялау | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2023 жыл | 95 | ЖБ | |
59. |
Жезқазған қаласында көпбейінді аурухана ауданындағы ауыз суға арналған күшейткіш сорғы станциясын |
пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2023 жыл | 273 | ЖИ | |
60. |
Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының ауылдық елді |
пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2023 жыл | 180 | ЖБ | |
2024 жыл | 330 | ||||||
2025 жыл | 390 | ||||||
61. |
Сәтбаев қаласындағы кәріздік тазарту құрылыстарын |
ТЭН, пайдалануға беру актісі |
Ұлытау |
2022 жыл | 1 050 | АДБ | |
2023 жыл | 1 000 | ||||||
2024 жыл | 3 500 | ||||||
2025 жыл | 3 500 | ||||||
62. |
Сәтбаев қаласының 66-74 - орамдарында су бұру | пайдалануға беру актісі |
ИИДМ, | 2024 жыл | 700 | РБ | |
2025 жыл | 700 | ||||||
63. | Жезқазған қаласындағы кәріздік тазарту құрылыстарын реконструкциялау |
ТЭН, пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2023 жыл | 1 000 |
АДБ | |
2024 жыл | 4 050 | ||||||
2025 жыл | 4 000 | ||||||
64. | Жезқазған қаласының Кеңгір ауылындағы су бұру жүйесін реконструкциялау |
ЖСҚ, пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2023 жыл | 30 | ЖБ | |
2024 жыл | 700 | ||||||
65. |
Қаражал қаласында және Жәйрем кентінде кәріз | пайдалануға беру актісі |
ИИДМ, | 2024 жыл | 1945 | РБ | |
2025 жыл | 973 | ||||||
2024 жыл | 729 | ЖБ | |||||
66. |
Жаңаарқа ауданының Ақтүбек ауылындағы су құбыры | пайдалануға беру актісі |
ИИДМ, | 2023 жыл | 184 | РБ | |
2024 жыл | 58 | ЖБ | |||||
Электрмен жабдықтау | |||||||
67. |
"Жезқазған электр тарату компаниясы" акционерлік |
ЖСҚ, |
Ұлытау | 2023 жыл | 50 | ЖИ | |
2024 жыл | 500 | ЖБ | |||||
Газбен жабдықтау | |||||||
68. | Жәйрем газ құбыры тармағы мен автоматтандырылған газтаратқыш станциясын, Қаражал қаласында және Жәйрем кентінде газбен жабдықтау желілерін салу. Сәтбаев қаласына газ құбырын кіргізе отырып, Кеңгір ауылына дейін газ құбырын салу |
ЖСҚ |
Ұлытау | 2022 жыл | 42 | ЖБ | |
2023 жыл | 65 | ||||||
69. |
Жезқазған қаласында "Жезқазған" автоматтандырылған газтаратқыш станциясынан "Сарыарқа" |
пайдалануға беру актісі |
ЭМ, Ұлытау | 2023 жыл | 2 500 | РБ | |
283 | ЖБ | ||||||
2024 жыл | 3 700 | РБ | |||||
283 | ЖБ | ||||||
2025 жыл | 4 225 | РБ | |||||
90 | ЖБ | ||||||
70. |
Жаңаарқа ауданының Атасу кентін газбен |
пайдалануға беру актісі |
ЭМ, Ұлытау | 2023 жыл | 300 | ЖБ | |
2024 жыл | 2 700 | РБ | |||||
300 | ЖБ | ||||||
2025 жыл | 4 410 | РБ | |||||
190 | ЖБ | ||||||
71. | Сәтбаев қаласына газ құбырын кіргізе отырып, Кеңгір ауылына дейін газ құбырын салу | пайдалануға беру актісі |
ЭМ, Ұлытау | 2024 жыл | 3 500 | РБ | |
350 | ЖБ | ||||||
2025 жыл | 5 000 | РБ | |||||
500 | ЖБ | ||||||
2026 жыл | 5 000 | РБ | |||||
500 | ЖБ | ||||||
6. Тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым | |||||||
72. |
Жезқазған қаласының бас жоспарын егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен топографиялық | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Ұлытау | 2022 жыл | 75 | ЖБ | |
2023 жыл | 107 | ||||||
73. | Қаражал қаласында даму әлеуеті төмен моноқалалардың тұрғындарына арналған жеңілдікті қарыздар беру |
Ұлытау |
Ұлытау | 2023 жыл | 200 | ЖБ | |
2024 жыл | 200 | ||||||
2025 жыл | 200 | ||||||
74. |
Жезқазған қаласында курсанттарға арналған павильоны бар автоматтандырылған автодром және халыққа |
пайдалануға беру актісі |
Ұлытау | 2023 жыл | 200 | ЖБ | |
2024 жыл | 400 | ||||||
7. Көлік инфрақұрылымы | |||||||
Облыстық маңызы бар жолдар | |||||||
75. |
Облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік | пайдалануға беру актісі |
ИИДМ, Ұлытау облысының әкімдігі |
2022 жыл | 2 926 | РБ | |
2023 жыл | 5 005 | РБ | |||||
144 | ЖБ | ||||||
2024 жыл | 5 479 | РБ | |||||
2025 жыл | 5 538 | РБ | |||||
432 | ЖБ | ||||||
2026 жыл | 640 | РБ | |||||
350 | ЖБ | ||||||
76. |
Облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау |
2023 жыл | 2 398 | ЖБ | |
2024 жыл | 2 411 | ||||||
2025 жыл | 2 411 | ||||||
2026 жыл | 2 940 | ||||||
Теміржол және әуе тасымалдары | |||||||
77. |
Жаңа әуе қатынасын ашу, оның ішінде: |
шарт |
ИИДМ, | 2023 жыл | 261 | РБ | |
2024 жыл | 261 | ||||||
2025 жыл | 261 | ||||||
2026 жыл | 261 | ||||||
"Жезқазған – Өскемен – Жезқазған"; | 2024 жыл | 510 | |||||
2025 жыл | 510 | ||||||
2026 жыл | 510 | ||||||
"Жезқазған – Балқаш – Жезқазған" | 2024 жыл | 470 | |||||
2025 жыл | 470 | ||||||
2026 жыл | 470 | ||||||
78. |
Теміржол вокзалы ғимаратын реконструкциялау |
ЖСҚ, |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу | 2023 жыл | 1 500 |
ЖИ | |
2024 жыл | 2 000 | ||||||
79. |
Мыналарды: |
пайдалануға беру актісі |
"Жезқазған – Эйр" АҚ (келісу |
2023 жыл | 3 000 |
ЖИ | |
2024 жыл | 5 600 | ||||||
Жезқазған қаласы әуежайының ғимаратын реконструкциялау |
2025 жыл | 5 800 | |||||
2026 жыл | 5 800 | ||||||
8. Әлеуметтік инфрақұрылым | |||||||
Білім беру | |||||||
80. | Сәтбаев қаласында "Ұстаз – Ұлытау" педагогикалық трансформация орталығын дамыту |
ОМ-ға |
Ұлытау | 2022 жыл | 150 |
ЖИ | |
2023 жыл | 150 | ||||||
2024 жыл | 200 | ||||||
Білім беру объектілерін салу | |||||||
81. | Кеңгір ауылында 140 орындық балабақша салу |
ЖСҚ, |
Ұлытау | 2023 жыл | 30 | ЖБ | |
2024 жыл | 600 | ||||||
82. |
Жезқазған және Сәтбаев қалаларында 320 орындық |
пайдалануға беру актісі |
Ұлытау |
2022 жыл | 1 208 | ЖИ | |
2023 жыл | 319 | ЖБ | |||||
83. |
Ұлытау ауылында 100 орындық балабақша салу | пайдалануға беру актісі | Ұлытау облысының әкімдігі | 2023 жыл | 400 | ЖБ | |
84. |
Жезқазған қаласында заманауи балабақша салу |
пайдалануға беру актісі |
Ұлытау облысының әкімдігі, "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС (келісу | 2023 жыл | 2 896 | ЖИ | |
85. |
Жезқазған қаласында, Жәйрем және Жаңаарқа |
ЖСҚ, | Ұлытау облысының әкімдігі | 2023 жыл | 50 | ЖИ | |
2024 жыл | 1 200 | ЖБ | |||||
2026 жыл | 3 000 | ||||||
86. |
Сәтбаев қаласында Оқушылар сарайының құрылысын | пайдалануға беру актісі | Ұлытау облысының әкімдігі | 2023 жыл | 383 | ЖБ | |
87. |
Жезқазған қаласында қала сыртындағы балалар |
пайдалануға беру актісі | Ұлытау облысының әкімдігі | 2023 жыл | 300 |
ЖИ | |
2024 жыл | 200 | ||||||
88. |
Жезқазған музыкалық колледжінің ғимаратына |
ЖСҚ, | Ұлытау облысының әкімдігі | 2023 жыл | 50 | ЖБ | |
2024 жыл | 700 | ||||||
89. |
Жезқазған қаласында Ұлытау облысының білім беру |
ЖСҚ, | Ұлытау облысының әкімдігі | 2023 жыл | 80 |
ЖБ | |
2024 жыл | 1 000 | ||||||
90. |
Сәтбаев қаласында білім беру және жұмысқа |
ЖСҚ, |
"Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС (келісу | 2023 жыл | 1 385 | ЖИ | |
91. |
"Сәтбаев қаласы білім бөлімінің | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау облысының әкімдігі,"Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС (келісу | 2025 жыл | 1 900 | ЖИ | |
92. |
Жезқазған қаласында политехникалық колледж |
Қазақстан |
ҒЖБМ, Ұлытау облысының әкімдігі, |
2023 жыл | 500 | ЖБ | |
Денсаулық сақтау | |||||||
93. | Сәтбаев қаласында жедел жәрдем машиналары мен емханаға арналған 7 мобильді гараж кешенін сатып алу |
қабылдау- |
Ұлытау облысының әкімдігі, "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС (келісу | 2022 жыл | 2 | ЖИ | |
2023 жыл | 56 | ||||||
94. | Сәтбаев қаласында аурухана салу |
пайдалануға беру актісі |
Ұлытау облысының әкімдігі, "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС (келісу | 2023 жыл | 176 | ЖИ | |
2024 жыл | 2 209 | ||||||
2025 жыл | 5 155 | ||||||
95. | Жезқазған қаласында перинаталдық орталық салу |
пайдалануға беру актісі |
Ұлытау облысының әкімдігі, |
2023 жыл | пысықталуда | ||
2024 жыл | |||||||
2025 жыл | |||||||
96. |
"Қаражал қаласы орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны емханасының ғимаратын | пайдалануға беру актісі | ДСМ, Ұлытау облысының әкімдігі | 2023 жыл | 300 | ЖБ | |
97. |
"Жаңаарқа ауданының орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны емханасының | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау облысының | 2023 жыл | 524 | ЖБ | |
98. |
Сәтбаев қаласының орталық ауруханасы базасында | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау облысының әкімдігі, "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС (келісу | 2023 жыл | 200 | ЖИ | |
99. | Ұлытау ауданының Ұлытау ауылында ауысымына 100 келушіге арналған емханасы бар 20 орындық орталық аудандық аурухана салу |
пайдалануға беру актісі | Ұлытау облысының әкімдігі | 2023 жыл | 1 800 |
ЖИ | |
100. |
Мыналарға: |
пайдалануға беру актісі | Ұлытау облысының әкімдігі |
2023 жыл | 300 | ЖБ | |
Жезқазған және Сәтбаев қалаларында 50 орындық | 200 | ЖИ | |||||
18 жастағы және одан асқан психоневрологиялық | 100 | ЖБ | |||||
Мәдениет | |||||||
101. |
Жезқазған қаласында 450 орындық музыкалық-драма |
ЖСҚ, |
Ұлытау облысының әкімдігі, "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС (келісу | 2023 жыл | 7 348 | ЖИ | |
2024 жыл | 4 898 | ЖИ | |||||
102. |
Жезқазған қаласында С. Қожамқұлов атындағы |
ЖСҚ, |
Ұлытау облысының әкімдігі | 2024 жыл | 60 | ЖБ | |
2025 жыл | 1 500 | ||||||
103 |
Жезқазған қаласындағы балалар мен жасөспірімдер |
ЖСҚ, |
Ұлытау облысының әкімдігі | 2023 жыл | 3 |
ЖБ | |
2024 жыл | 38 | ||||||
104. | Ұлытау ауданында Әулиетау кешеніне апаратын жолды абаттандыру, Күмісбұлақ пен Тасбұлақ бұлақтарының аумағын жайластыру |
пайдалануға беру актісі |
Ұлытау облысының әкімдігі, "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС (келісу | 2023 жыл | 80 | ЖИ | |
105. | Жезқазған қаласында Металлургтер алаңын және Сәтбаев қаласында кеншілер алаңын реконструкциялау | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау облысының әкімдігі, "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС (келісу | 2023 жыл | 500 | ЖИ | |
Сәтбаев қаласында Кеншілер сарайы мен Шахтерлар даңқы алаңын күрделі жөндеу | 600 | ||||||
Әлеуметтік қамсыздандыру | |||||||
106. | Халықтың әлеуметтік осал топтары, жастар үшін грант бөлу (245 грант) | грант сертификаты |
Еңбекмині, ҰЭМ, Ұлытау облысының әкімдігі | 2022 жыл | 312 | РБ | |
2023 жыл | 127 | ЖБ | |||||
2024 жыл | 126 | ||||||
2025 жыл | 161 | ||||||
Жастар саясаты және спорт | |||||||
107. |
"Отбасы банкі" АҚ желісі бойынша жас мамандарға | жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету | Ұлытау облысының әкімдігі | 2023 жыл | 500 | ЖБ | |
2024 жыл | 500 | ||||||
2025 жыл | 500 | ||||||
2026 жыл | 500 | ||||||
108. |
Мынадай: |
пайдалануға беру актісі | Ұлытау облысының әкімдігі, "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС (келісу бойынша) | 2023 жыл | 8 039 | ЖИ | |
Ұлытау ауданының Жезді кентінде 160 орындық көпфункционалды спорт кешенін салу | 2022 жыл | 130 | ЖБ | ||||
2023 жыл | 253 | ||||||
109. |
Жезқазған қаласында "Намыс" СК" балалар мен | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау облысының әкімдігі, "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС (келісу | 2023 жыл | 1 050 | ЖИ | |
110. | Жезқазған қаласында жабық хоккей кортын салу | пайдалануға беру актісі |
Ұлытау облысының әкімдігі | 2024 жыл | 350 | ЖИ | |
111. | Жезқазған қаласының Кеңгір ауылында 160 орындық спорт кешенін салу |
пайдалануға беру актісі | Ұлытау облысының әкімдігі | 2024 жыл | 800 | ЖБ | |
112. |
Сәтбаев қаласында спорттағы дарынды балаларға |
ЖСҚ, пайдалануға беру актісі | Ұлытау облысының әкімдігі | 2024 жыл | 68 |
ЖБ | |
2025 жыл | 853 | ||||||
2026 жыл | 853 | ||||||
113. |
Ұлытау ауданының Ұлытау ауылында 25 метрлік | пайдалануға беру актісі | Ұлытау облысының әкімдігі | 2023 жыл | 710 | ЖБ | |
114. | Жезқазған қаласында ескек есу спортына арналған спорт кешенін салу | пайдалануға беру актісі | Ұлытау облысының әкімдігі | 2024 жыл | 450 |
| |
2025 жыл | 450 | ||||||
115. |
Қаражал қаласында жабық жүзу бассейнін салу | пайдалануға беру актісі | Ұлытау облысының әкімдігі | 2023 | 739 | ЖБ | |
9. Экология және табиғатты пайдалану | |||||||
Абаттандыру және көгалдандыру | |||||||
116. |
Жезқазған және Сәтбаев қалаларында 150 мың дана | орындалған жұмыстар актісі | Ұлытау облысының әкімдігі, "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС (келісу бойынша) | 2023 жыл | 150 | ЖИ | |
2024 жыл | 150 | ||||||
2025 жыл | 150 | ||||||
2026 жыл | 150 | ||||||
117. | Жаңаарқа ауданының Жаңаарқа кентінде ағаш өсіруге арналған тұрақты питомник (70 га) салу |
ЖСҚ, пайдалануға беру актісі |
ЭГТРМ, Ұлытау облысының әкімдігі | 2022 жыл | 24 | ЖБ | |
500 | РБ | ||||||
2023 жыл | 100 | ЖБ | |||||
Су объектілерін қорғау | |||||||
118. | Шалғы су қоймасының бөгеттерін күрделі жөндеу | пайдалануға беру актісі | Ұлытау облысының әкімдігі | 2022 жыл | 131 | ЖБ | |
119. | Манақ бөгетін күрделі жөндеу | пайдалануға беру актісі | Ұлытау облысының әкімдігі | 2023 жыл | 526 | ЖБ | |
120. | Кеңгір су қоймасын кейіннен республикалық меншіктегі объектілер тізбесіне қосу |
қабылдау-тапсыру актісі | Ұлытау облысының әкімдігі |
2023 – 2024 жылдар |
талап етілмейді | ||
121. | Кеңгір су қоймасын тазалау | пайдалануға беру актісі |
ЭГТРМ, Ұлытау облысының әкімдігі | 2024 жыл | 20 | ЖБ | |
122. | Жезді су қоймасын тазалау |
ЖСҚ, пайдалануға беру актісі |
ЭГТРМ, Ұлытау облысының әкімдігі | 2024 жыл | 500 | РБ | |
2025 жыл | 500 | ||||||
2026 жыл | 500 | ||||||
Атмосфералық ауаға ластағыш шығарындыларды азайту | |||||||
123. | Атмосфералық ауаға шығарындыларды мониторингілеуге арналған датчиктер орнату |
пайдалануға беру актісі |
Ұлытау облысының әкімдігі | 2023 жыл | 30 | ЖИ | |
2024 жыл | 30 | ||||||
2025 жыл | 30 | ||||||
Азаматтық қорғауды қамтамасыз ету | |||||||
124. | Жезқазған қаласында Кеңгір су қоймасының жағасында жедел-құтқару жасағы ғимаратын салу | пайдалануға беру актісі | ТЖМ, Ұлытау облысының әкімдігі | 2024 жыл | 40 | ЖБ | |
2025 жыл | 432 | РБ | |||||
125. | Ұлытау ауданының Ұлытау ауылында № 5 өрт сөндіру бекетінің ғимаратын күрделі жөндеу | орындалған жұмыстар актісі | ТЖМ, Ұлытау облысының әкімдігі | 2024 жыл | 20 | ЖБ | |
2025 жыл | 200 | РБ | |||||
126. | Жезқазған қаласында депо салу және оны материалдық-техникалық жарақтандыру |
пайдалануға беру актісі | ТЖМ, Ұлытау облысының әкімдігі | 2024 жыл | 400 | ЖБ | |
2025 жыл | 400 | ||||||
2026 жыл |
400 | ||||||
Облыстық азаматтық қорғау пункттерін құру | 2024 жыл | 1 650 | ЖБ | ||||
2025 жыл | 1 300 | ||||||
2026 жыл | 1 300 |
* республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі әкімдік бюджет заңнамасына сәйкес қажетті құжаттаманы ұсынған кезде тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде анықталады.
Қаржыландыру көлемі
Қаржыландыру көзі | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 | 2026 | Барлығы |
Республикалық бюджет | 3 238,0 | 21 270,0 | 41 165,0 | 39 969,0 | 19 131,0 | 124 773,0 |
Жергілікті | 914,0 | 10 646,5 | 15 554,0 | 11 732,5 | 9 948,5 | 48 795,5 |
Басқа көздер (жеке | 69 212,0 | 152 068,0 | 405 326,0 | 471 130,0 | 161 650,0 | 1 259 386,0 |
Өзге | 1 050,0 | 2 000,0 | 7 550,0 | 7 500,0 | 0 | 18 100,0 |
Жиыны | 74 414,0 | 185 984,5 | 469 595,0 | 530 331,5 | 190 729,5 | 1 451 054,5 |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АГТС | - | автоматтандырылған газ тарату станциясы |
АШМ | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
АБД | - | Азия даму банкі |
ҒЖБМ | - | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
ДСМ | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
Еңбекмині | - | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
АҚ | - | акционерлік қоғам |
ЖБ | - | жергілікті бюджет |
ЖИ | - | жеке инвестициялар |
ЖСҚ | - | жобалау-сметалық құжаттама |
ЖЭО | - | жылу электр орталығы |
ИИДМ | - |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ | - | "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
Қаржымині | - | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
МГ | - | магистральдық газ құбыры |
РБ | - | республикалық бюджет |
ТЭН | - | техникалық-экономикалық негіздеме |
ТЖМ | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі |
ҰЭМ | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ЭГТРМ | - | Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі |
ЭМ | - | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |
ӘКК | - | әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация |
СК | - | спорт клуб |
ЖШС | - | жауапкершілігі шектеулі серіктестік |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 871 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1283 қаулысы.
2. "Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1283 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1505 қаулысы.
3. "Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1283 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 400 қаулысы.