Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1283 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 871 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.11.2022 № 871 қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.06.2019 № 400 қаулысымен.

      Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен Ұлытау ауданының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.06.2019 № 400 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары және ұйымдар (келісу бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша 15 қаңтардан кешіктірмей олардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне берсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.06.2019 № 400 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне берсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.06.2019 № 400 қаулысымен.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.06.2019 № 400 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 қарашадағы
№ 1283 қаулысымен
бекітілген

Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспары

      Ескерту. Кешенді жоспар жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.06.2019 № 400 қаулысымен.

Р/с

Iс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Іске асыру мерзiмi

Болжанатын шығыстар (млн. теңге)

Қаржыландыру көздерi

1

2

3

4

5

6

7

1. Минералдық-шикізаттық базаны кеңейту

1.

Жезқазған ойпатының шегінде Солтүстік Тобылды, Сарыдала, Бөрісеңгір, Үңгірлісай, Кеңгір учаскелерінде іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру

геологиялық есеп

ИИДМ

2019 жыл

2019 жылы – 233,6

РБ

2.

Күлен, Жезқазған ойпатының Оңтүстік-Шығыс бөлігі, Жанай, Оңтүстік Жезді, Оңтүстік Ащыкөл учаскелерінде іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру

геологиялық есеп

ИИДМ

2019 – 2022 жылдар

2019 жылы – 300 2020 жылы – 987,8*
2021 жылы – 230,9*
2022 жылы – 446,4*

РБ

3.

Техногенді минералды түзілімдерді:
1) Жезқазған мыс қорыту зауытының – 1000 мың тонна көлеміндегі үйінді қоқысын;
2) геологиялық-барлау жұмыстары бойынша қосымша іс-шараларды жүргізу және Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясында сараптама жүргізу арқылы № 1 және № 2 Жезқазған кен байыту фабрикасының 62371,9 мың тонна көлеміндегі № 3 қалдық қоймасын екінші мәрте өңдеуге тарту

Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы отырысының хаттамасы

Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ, ЭМ, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС
(келісу бойынша)

2019 – 2020 жылдар

2019 жылы – 74,4 2020 жылы – 50,0

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қаражаты

4.

Пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу мақсатында Жезқазған кентінің және іргелес Весовая, Крестовский, Перевалка және Геологиялық барлау ауылы елді мекендерінің жер учаскелерін мемлекет мұқтаждары үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды жүргізу:


Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ, АШМ, Қаржымині

2019 – 2022 жылдар



1 ) мыналарды:
жер учаскелерін және тұрғын үйді;

заңды және жеке тұлғалардың өтемақы алуы

2019 жылы – 1036,2

ЖБ

шаруашылық құрылыстарды, гараждарды;

2019 жылы – 123,8

кәсіпкерлік объектілерін алып қойғаны үшін өтемақы төлеу;

2019 жылы – 2552,0

2) тұрғын үй құрылысы;


пайдалануға беру актісі


2019 жылы – 1575,0
2020 жылы – 1575,0*

РБ

2019 жылы – 175,0
2020 жылы – 175,0*

ЖБ

3) Сәтбаев қаласы № 8 шағын ауданынан шаруашылық-нәжістік тазарту құрылыстарына дейін кәріз коллекторын салу;

2021 жылы – 300,0*
2022 жылы – 1245,1*

РБ

2020 жылы – 100,0*
2021 жылы – 183,5*
2022 жылы – 183,5*

ЖБ

4) Сәтбаев қаласында 320 орындық балабақша салу

2019 жылы – 351,4 2020 жылы – 351,4*

ЖБ

5.

Жезқазған кентіндегі және іргелес Весовая, Крестовский, Перевалка және Геологиялық барлау ауылы елді мекендерін қорғау кентірегінің мысқұрамды кендерінің қорларын өңдеудің басталуы

құрамында мыс бар руданы өндіру

Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС (келісу бойынша)

2020 жыл

көзделген қаражат шегінде

"Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС жеке қаражаты

2. Индустриялық-инновациялық даму

6.

Жезқазған қаласында өндірістік реагент өндіретін химиялық зауыттың құрылысы

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі, "Каз Хим Синтез" ЖШС (келісу бойынша)

2019 – 2020 жылдар

2019 жылы – 300,0 2020 жылы – 580,0

ЖИ

7.

Құрылыс материалдарын өндіретін Жезқазған зауытының құрылысы

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі, "С және Жест" ЖШС (келісу бойынша)

2019 – 2020 жылдар

2019 жылы – 161,0 2020 жылы – 161,0

ЖИ

8.

Кейін өндіріс құра отырып, жұтаң сульфидті рудалар үшін гидрометаллургияға арналған технологиялар әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу

ИИДМ-ге ұсыныс

Қарағанды облысының әкімдігі, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС (келісу бойынша)

2019 жыл

-

талап етілмейді

9.

Ұлытау ауданындағы Қияқты кен орнынан қоңыр көмір өндіруді ұйымдастыру

қоңыр көмір өндіру

Қарағанды облысының әкімдігі, "Сарыарқа" ӘКК" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

2019 – 2020 жылдар

2019 жылы – 125,0 2020 жылы – 1000,0

ЖИ

10.

Сәтбаев қаласында қорғасын табақшалары өндірісін ұйымдастыру

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі, "Сарыарқа" ЖШС
(келісу бойынша)

2019 жыл

2019 жылы – 228,0

ЖИ

11.

Сәтбаев қаласында аумағы 12 га индустриялық парк құру

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі,
"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС (келісу бойынша)

2019 – 2020 жылдар

2019 жылы – 645,0 2020 жылы – 645,3*

ЖБ

3. Кәсіпкерлікті дамыту

12.

Кеңгір кентінде супермаркет салу

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС (келісу бойынша), "ПИК Ютария ltd" ЖШС
(келісу бойынша)

2019 жыл

2019 жылы – 1044,4

ЖИ

13.

Жезқазған қаласында "Самади" гипермаркетін салу

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі, "Исина А.Б." ЖК (келісу бойынша)

2019 жыл

2019 жылы – 400,0

ЖИ

14.

"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (2-бағыт) шеңберінде Жезқазған, Сәтбаев қалаларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау шараларын көрсету

ҰЭМ-ге ақпарат

Қарағанды облысының әкімдігі,
"Даму"
КДҚ" АҚ (келісу бойынша)

2019 – 2020 жылдар

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

4. Агроөнеркәсіптік кешен

15.

Сәтбаев қаласында сүт-тауарлық ферма мен бордақылау алаңын салуды ұйымдастыру

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі, "Айтбек И." ЖК (келісу бойынша)

2019 жыл

2019 жылы – 25,0

ЖИ

16.

Сәтбаев қаласында суармалы егіншілікті ұйымдастыру үшін Жартас су қоймасынан ұзындығы 7 км сутартқыш салу мәселесін пысықтау

АШМ-ға ұсыныс

Қарағанды облысының әкімдігі

2019 жыл

-

талап етілмейді

17.

Ұлытау ауылында мал шаруашылығын дамыту үшін жем-азық базасын құру (жылқы басын көбейту, жем-шөп дақылдарының, көпжылдық шөптердің егіс алқаптарын ұлғайту):
1) лизингке ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу (жыл сайын 15 бірлік трактор, 5 бірлік комбайн, 60 бірлік ауыл шаруашылығы машинасы);
2) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына кредит беру

АШМ-ға ақпарат

Қарағанды облысының әкімдігі

2019 – 2020 жылдар

2019 жылы – 160,0 2020 жылы – 178,0

АШТӨ қаражаты, "Қазагро" АҚ қарыз қаражаты, ЕДБ

18.

Ұлытау ауданында жемшөп өндіру бойынша сервистік-дайындау орталығын құру, ірі қара малды бордақылауды және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуді ұйымдастыру

АШМ-ға ақпарат

Қарағанды облысының әкімдігі

2019 жыл

2019 жылы – 500,0

АШТӨ қаражаты, "Қазагро" АҚ қарыз қаражаты, ЕДБ, "Сарыарқа" ӘКК" ҰК" АҚ

5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Жылумен жабдықтау

19.

Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау:

пайдалануға беру актісі


2019 – 2021 жылдар



1) 1-кезек;

Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ

2019 жылы – 1107,2 2020 год – 1651,2*

РБ

2) 2-кезек

Қарағанды облысының әкімдігі, ҰЭМ

2019 жылы – 400,0 2020 жылы – 1200,0*
2021 жылы – 1200,0*
2022 жылы – 474,0*

РБ

2021 жылы – 474*

ЖБ

20.

Сәтбаев қаласының инженерлік желілерін және № 1 жылу станциясын жөндеу

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі, "Қазақмыс Дистрибьюшн" ЖШС (келісу бойынша)

2019 – 2020 жылдар

2019 жылы – 249,6 2020 жылы – 249,6

ЖИ

Сумен жабдықтау және су бұру

21.

Жезқазған қаласын сумен жабдықтауды ескере отырып, Эскулин су жеткізгішінің құрылысын аяқтау

пайдалануға беру актісі

АШМ, Қарағанды облысының әкімдігі

2019 жыл

2019 жылы – 500,0

РБ

22.

Үйтас-Айдос кен орнынан Қожамсейіт кен орнына дейін кеңейту арқылы су құбырын реконструкциялаудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу

мемлекеттік сараптама қорытындысы

Қарағанды облысының әкімдігі, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС (келісу бойынша), АШМ

2019 жыл

2019 жылы – 182,6

"Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

23.

Жезқазған қаласының қалаішілік су құбырлары желісін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ

2019 – 2021 жыл
дар



1) 1-кезек;

2019 жылы – 317,3 2020 жылы – 820,0*
2021 жылы – 1754,7*

РБ

2019 жылы – 361,5 2020 жылы – 361,5*

ЖБ

2) 2-кезек;

2019 жылы – 429,2 2020 жылы – 923,8*

РБ

2019 жылы – 233,3 2020 жылы – 233,3*

ЖБ

3) 3-кезек

2019 жылы – 251,0 2020 жылы – 831,1*

РБ

2019 жылы – 196,0 2020 жылы – 196,0*

ЖБ

24.

Жезқазған қаласының шаруашылық-тұрмыстық су тазарту құрылысын реконструкциялау:

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ

2019 – 2022 жылдар



2-кезек;

2020 жылы – 1500,0*
2021 жылы – 3439,4*
2022 жылы – 3439,4*

РБ

2019 жылы – 523,7
2020 жылы – 523,7*
2021 жылы – 523,7*
2022 жылы – 523,7*

ЖБ

3-кезек

2019 жылы – 500,0
2020 жылы – 1005,4*
2021 жылы – 2000,0*

РБ

2019 жылы – 219,1
2020 жылы – 219,1*
2021 жылы – 219,1*
2022 жылы – 219,1*

ЖБ

25.

Сәтбаев қаласындағы шаруашылық-нәжістік тазарту құрылыстарын реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ

2020 – 2022 жылдар

2020 жылы – 1000,0*
2021 жылы – 2300,0*
2022 жылы – 2700,0*

РБ

2020 жылы – 700,0*
2021 жылы – 500,0*
2022 жылы – 300,0*

ЖБ

26.

Ұлытау ауылында орталық кәріз жүйесін салу

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ

2019 жыл

2019 жылы – 960,7







РБ

2019 жылы – 128,0

ЖБ

27.

Сәтбаев қаласының 66, 74 тұрғын үй орамында кәріз желісін салу

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі

2021 жыл

2021 жылы – 107,6*

ЖБ

28.

Ұзындығы 15,8 км, аумағы 3,6 га болатын Талап суару жүйесінің магистральды арнасы бар Жезді су қоймасына реконструкция жүргізу

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі, АШМ

2019 – 2020 жылдар

2019 жылы – 373,1 2020 жылы – 870,6

Азия даму банкінің қарыз қаражаты

29.

Жезқазған қаласында кәріздік тазарту құрылыстарын реконструкциялау және жаңғырту

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ

2019 – 2022 жылдар

2020 жылы – 285,0*

2021 жылы – 3428,0*
2022 жылы – 3428,0*

РБ

2022 жылы – 921,7*

ЖБ







30.

Жезқазған қаласында су бұру жүйесін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі

2021 жыл

2021 жылы – 802,5*

ЖБ

Абаттандыруды және коммуналдық шаруашылықты дамыту

31.

Жезқазған қаласында аумағы 7 га болатын қалалық саябақты және скверлерді реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі

2019 жыл

2019 жылы – 94,0

ЖБ




6. Тұрғын үй құрылысы

32.

Жезқазған қаласында "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жалға берілетін тұрғын үйлер салу

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ

2019 – 2020 жылдар

2019 жылы – 141,1 2020 жылы – 209,1*

РБ

2019 жылы – 14,1 2020 жылы – 24,8*

ЖБ

33.

Сәтбаев қаласында "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жалға берілетін көппәтерлі тұрғын үйлер салу

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ

2019 – 2020 жылдар

2019 жылы – 108,7 2020 жылы – 280,4*

РБ

2019 жылы – 10,8 2020 жылы – 32,4*

ЖБ

34.

Жезқазған қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі, ИИДМ, "Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы" ЖШС (келісу бойынша)

2020 жыл

көзделген қаражат шегінде

ЖИ

7. Көлік инфрақұрылымы

35.

Жезқазған қаласындағы № 4 жол өткелін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі

2019 жыл

2019 жылы – 551,0

ЖБ

36.

Жезқазған қаласындағы № 1 жол өткелін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі

2020 жыл

2020 жылы – 839,9*

ЖБ

37.

Жезқазған қаласындағы № 2 жол өткелін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі

2020 жыл

2020 жылы – 583,3*

ЖБ

8. Әлеуметтік инфрақұрылым

Білім беру

38.

Кеңгір ауылында (Жезқазған қаласы) 140 орындық балабақша салу

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі

2019 жыл

2019 жылы – 484,1

МЖӘ шеңберінде ЖИ

39.

Жезқазған қаласында 900 оқушыға арналған жалпы білім беретін орта мектеп салу

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі, БҒМ

2019 жыл

2019 жылы – 1246,1

РБ

2019 жылы – 138,4

ЖБ

40.

Сәтбаев қаласында Оқушылар сарайын салу

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі

2019 – 2020 жылдар

2019 жылы – 273,0 2020 жылы – 273,0*

ЖБ

Денсаулық сақтау

41.

Жезқазған қаласындағы аурухана қалашығын қалпына келтіру

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі

2019 жыл

2019 жылы – 270,0

ЖБ

Спорт

42.

Жезқазған қаласында бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі

2020 жыл

2020 жылы – 920,0*

ЖБ

43.

Жезқазған қаласында спорттың есу түрлеріне арналған спорт кешенін салу
 

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі

2019 жыл

2019 жылы – 150,0

ЖБ

Мәдениет

44.

Жезқазған тарихи-археологиялық музейі ғимаратына жапсарлас құрылыс салу

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі

2019 жыл

2019 жылы – 160,9

ЖБ

45.

"Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі аумағында қабылдау орталығын салу

пайдалануға беру актісі

МСМ, Қарағанды облысының әкімдігі

2019 жыл

2019 жылы – 461,9

РБ

46.

Жезқазған қаласында мәдени-ойын сауық орталығын салу

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі, "Шайжанова" ЖК (келісу бойынша)

2019 жыл

2019 жылы – 90,0

ЖИ

9. Экология және табиғатты пайдалану

47.

Жезқазған, Сәтбаев қалаларында қатты-тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту

ЭМ-ге ақпарат

Қарағанды облысының әкімдігі

2019 – 2020 жылдар

2019 жылы – 50,0 2020 жылы – 120,0

МЖӘ шеңберінде ЖИ

48.

Жезқазған қаласындағы Кеңгір су қоймасының айналасындағы 104 га аумаққа жасыл екпелер егу

орындалған жұмыстарды қабылдау актісі

Қарағанды облысының әкімдігі, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС
(келісу бойынша)

2019 – 2020 жылдар

2019 жылы – 110,0 2020 жылы – 110,0

ЖИ

10. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар

49.

Жезқазған қаласында құтқару станциясын салу

пайдалануға беру актісі

ІІМ, Қарағанды облысының әкімдігі

2020 – 2021 жылдар

2021 жылы – 101,0*

РБ

2020 жылы – 4,0*

ЖБ

50.

Жезқазған қаласында 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосын салу

пайдалануға беру актісі

ІІМ, Қарағанды облысының әкімдігі

2020 – 2022 жылдар

2020 жылы – 20,6*
2021 жылы – 271,9*
2022 жылы – 271,9*

РБ

51.

Сәтбаев қаласында 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосын салу

пайдалануға беру актісі

ІІМ, Қарағанды облысының әкімдігі

2020 – 2022 жылдар

2020 жылы – 15,9*
2021 жылы – 237,2*
2022 жылы – 237,2*

РБ

11. Құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша іс-шаралар

52.

Сәтбаев қаласында жедел басқару орталығы ғимаратын салу

пайдалануға беру актісі

Қарағанды облысының әкімдігі

2019 – 2020 жылдар

2019 жылы – 18,3 2020 жылы – 415,7*

ЖБ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады