ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қаулының қолданыста болу мерзімі - екі жыл бойы (осы қаулының 3-т. қараңыз)
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша шет мемлекеттерде шығарылатын тауарларды (бұдан әрі – тауарлар) ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.
2. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өнім беруші шығарған тауарлардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат етілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 893 қаулысына қосымша |
Ұлттық режимнен алып тастауға жататын, шет мемлекеттерде шығарылатын тауарлар тізбесі
Р/с № | Атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды | ТЖҚ БНА |
1. | Көбікті синтетикалық каучуктан жасалған жылу оқшаулағыш материал – қатты резеңкеден басқа (құбыр, орама, пластина, таспа) вулканизацияланған резеңкеден жасалған бұйымдар |
4008 11 0000 |
221930.300.000011 |