Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 893 қаулысы. Осы қаулы екі жыл бойы қолданыста болды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданыста болу мерзімі - екі жыл бойы (осы қаулының 3-т. қараңыз)

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша шет мемлекеттерде шығарылатын тауарларды (бұдан әрі – тауарлар) ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.

      2. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өнім беруші шығарған тауарлардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат етілсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 11 қарашадағы
№ 893 қаулысына
қосымша

Ұлттық режимнен алып тастауға жататын, шет мемлекеттерде шығарылатын тауарлар тізбесі

Р/с №

Атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды

ТЖҚ БНА

1.

Көбікті синтетикалық каучуктан жасалған жылу оқшаулағыш материал – қатты резеңкеден басқа (құбыр, орама, пластина, таспа) вулканизацияланған резеңкеден жасалған бұйымдар

4008 11 0000
4009 11 0000
4009 12 0009

221930.300.000011
221973.100.000043
221973.100.000006
221973.100.000005
221973.230.000023
221973.230.000010


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады