Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 қарашадағы № 925 қаулысы. Күші жойылды- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 1006 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.11.2023 № 1006 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 18 қарашадағы
№ 925 қаулысымен
бекітілген

Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормалары

      1. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормалары археология, астрономия, астрофизика, атом энергиясы, шығыстану, өнер, тарих, мәдениет, әдебиет, математика және механика, білім, саясаттану, дінтану, әлеуметтану, философия, этнология, тіл білімі саласында іргелі зерттеулер жүргізетін және уәкілетті орган бекіткен тиісті тізбеге енгізілген мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдар үшін көзделген.

      Қаржыландыру ғылыми инфрақұрылым мен мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, еңбекке ақы төлеуді, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге бес жылдан аспайтын мерзімге арналған шығыстарды қамтиды.

      2. Ғылыми инфрақұрылым мен мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге арналған шығыстар мыналарды қамтиды:

      1) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге (су, газ, электр энергиясы, жылу, кәріз, желдету) ақы төлеу;

      2) байланыстың көрсетілетін қызметтеріне және әмбебап байланыстың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу;

      3) көлік жалдау;

      4) негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алуға, өзге тауарларды сатып алуға шығындар, өзге де ағымдағы шығындар, көрсетілетін күзет қызметтеріне шығындар;

      5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметте пайдаланылатын негізгі құралдардың тозуы (амортизация), ғимаратты, жабдықты ағымдағы жөндеу;

      6) өндірістік, әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналды, ұйымның балансында болмаған жағдайда іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу үшін пайдаланылатын зертханаларды, өзге де үй-жайларды (виварий, қойма үй-жайлары, архив, кітапхана, одан әрі зерттеу жұмыстары үшін сақтау қоймасы) орналастыру үшін үй-жайларды жалдау.

      Шығыстары азаматтық заңнамамен реттелетін зертханалар үшін үй-жайларды және басқа үй-жайларды (виварий, қойма үй-жайлары, архив, кітапхана, одан әрі зерттеу жұмыстары үшін сақтау қоймасы) жалдаудан басқа бұл шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің:

      1) басқару органдарының ғимараттары үшін бекітілген үлестік нормалар бойынша "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118;

      2) "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулыларымен белгіленген нормативтерге ұқсас нормативтерге сәйкес айқындалады.

      3. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналының еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеуді, оның ішінде өтемақы төлемдерін, басшыларының, мамандарының қосымша ақылары мен үстемеақыларын қамтиды.

      Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар үшін осы шығыстар "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (бұдан әрі – № 1193 қаулы) сәйкес айқындалады.

      Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін еңбекке ақы төлеу шығыстары, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы", "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" заңдарына сәйкес меншікті кірістер есебінен ең төменгі төлемнен тыс № 1193 қаулыға сәйкес ең төменгі төлем мөлшерінде айқындалады.

      Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеуді, оның ішінде сауықтыруға арналған жәрдемақыны, қосымша ақылар мен үстемеақыларды қамтиды және бекітілген штат кестесіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ толық жұмыс күніне еңбек шарты болған жағдайда келісімдерге, еңбек шарттарына, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес айқындалады.

      Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептеледі.

      Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеу "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.

      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды есептеу және төлеу "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік аударымдарды есептеу және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеу "Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 наурыздағы № 255 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

      5. Іргелі ғылыми зерттеуді жүзеге асыру үшін шығыстар мыналарды қамтиды:

      1) қызметтік іссапарлар – іргелі ғылыми зерттеуді орындауға байланысты іссапарлар;

      2) басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар – ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың, іргелі ғылыми зерттеулерді орындау үшін қажетті өзге де зертханалардың, басқа да ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің көрсетілетін қызметтері, оның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары;

      3) материалдар сатып алу – іргелі ғылыми зерттеулерді орындау үшін шығын материалдарын сатып алу;

      4) іргелі ғылыми зерттеулерді орындау үшін жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды сатып алу;

      5) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу – іргелі ғылыми зерттеулерді орындау үшін жариялауға, патенттеуге және талдамалық материалдарды сатып алуға жұмсалатын шығыстар;

      6) жабдықтар мен техникаларды жалдау – іргелі ғылыми зерттеулерді орындауда пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы жалдауға байланысты шығыстар;

      7) жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары – іргелі ғылыми зерттеулерді орындау пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы пайдалануға байланысты, оның ішінде оларды іске қосу-баптауға және ұстауға байланысты шығыстар.

      Қызметтік іссапарлар бойынша шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарлар шығыстарын өтеу қағидаларына сәйкес айқындалады.

      Шығыстардың басқа түрлері растаушы құжаттар қоса берілген нақты шығындар бойынша қалыптастырылады.

Об утверждении норм финансирования научных организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 ноября 2022 года № 925. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.11.2023 № 1006.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.11.2023 № 1006 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 14-1) статьи 3 Закона Республики Казахстан "О науке" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые нормы финансирования научных организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 18 ноября 2022 года № 925

Нормы финансирования научных организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования

      1. Нормы финансирования научных организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования, предусмотрены для государственных научных организаций и научных организаций со стопроцентным участием государства, осуществляющих фундаментальные исследования в области археологии, астрономии, астрофизики, атомной энергии, востоковедения, искусства, истории, культуры, литературы, математики и механики, образования, политологии, религиоведения, социологии, философии, этнологии, языкознания и включенных в утвержденный уполномоченным органом соответствующий перечень.

      Финансирование включает расходы на текущее обеспечение научной инфраструктуры и имущества, в том числе зданий, оборудования и материалов, оплату труда, проведение фундаментальных научных исследований на срок не более пяти лет.

      2. Расходы на текущее обеспечение научной инфраструктуры и имущества, в том числе зданий, оборудования и материалов, включают:

      1) оплату коммунальных услуг (вода, газ, электроэнергия, отопление, канализация, вентиляция);

      2) оплату услуг связи и универсальных услуг связи;

      3) аренду транспорта;

      4) затраты на приобретение товаров, относящихся к основным средствам, расходных материалов, приобретение прочих товаров, прочие текущие затраты, затраты на охранные услуги;

      5) износ (амортизация) основных средств, используемых в научной и (или) научно-технической деятельности, текущий ремонт здания, оборудования;

      6) аренду помещений для размещения производственного, административного и обслуживающего персонала, лабораторий и иных помещений (виварий, складские помещения, архив, библиотека, хранилище для дальнейших исследовательских работ), используемых для выполнения фундаментальных научных исследований, в случае их отсутствия на балансе организации.

      Данные расходы определяются согласно нормативам, аналогичным нормативам, установленным следующими постановлениями Правительства Республики Казахстан, кроме аренды помещений для лабораторий и иных помещений (виварий, складские помещения, архив, библиотека, хранилище для дальнейших исследовательских работ), расходы которых регулируются гражданским законодательством:

      1) от 2 ноября 1998 года № 1118 "О нормативах потребления электроэнергии, тепла на отопление, горячей и холодной воды и других коммунальных услуг по организациям, финансируемым из средств бюджета" по нормам, установленным для зданий органов управления;

      2) от 10 февраля 2003 года № 145 "Об определении механизма проведения мониторинга административных расходов государственных предприятий, акционерных обществ контрольные пакеты акций которых принадлежат государству, и товариществ с ограниченной ответственностью, размеры государственных долей участия в которых позволяют государству определять решения общего собрания участников, с целью их оптимизации".

      3. Расходы по оплате труда административного и обслуживающего персонала научных организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования, включают оплату труда, в том числе компенсационные выплаты, доплаты и надбавки руководителей, специалистов.

      Данные расходы для государственных предприятий на праве оперативного управления определяются в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" (далее – постановление №1193).

      Для республиканских государственных предприятий на праве хозяйственного ведения, акционерных обществ, некоммерческих акционерных обществ, товариществ с ограниченной ответственностью расходы на оплату труда определяются в размере минимальной оплаты в соответствии с постановлением № 1193, сверх минимальной оплаты за счет собственных доходов в соответствии с законами Республики Казахстан "О государственном имуществе", "Об акционерных обществах", "О товариществах с ограниченной и дополнительной ответственностью".

      Расходы по оплате труда научных сотрудников научных организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования, включают оплату труда, в том числе пособие для оздоровления, доплаты и надбавки, и определяются в соответствии с утвержденным штатным расписанием, Трудовым кодексом и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также соглашениями, трудовым, коллективным договорами и актами работодателя при наличии трудового договора на полный рабочий день.

      Налоги и другие обязательные платежи в бюджет рассчитываются согласно Кодексу Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)".

      Исчисление и уплата обязательных пенсионных взносов работодателя в единый накопительный пенсионный фонд производятся в соответствии с Законом Республики Казахстан "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан".

      Исчисление и уплата отчислений на обязательное социальное медицинское страхование производятся в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об обязательном социальном медицинском страховании".

      Исчисление и уплата взносов на социальные отчисления в Государственный фонд социального страхования производятся в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об обязательном социальном страховании".

      Исчисление и уплата обязательных профессиональных пенсионных взносов в единый накопительный пенсионный фонд производятся в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2014 года № 255 "Об утверждении Правил осуществления обязательных профессиональных пенсионных взносов".

      4. Расходы на проведение фундаментальных научных исследований включают:

      1) служебные командировки – командировки, связанные с выполнением фундаментального научного исследования;

      2) прочие услуги и работы – услуги научных лабораторий коллективного пользования, иных лабораторий, прочих организаций, субъектов предпринимательства, необходимые для выполнения фундаментальных научных исследований, в том числе организационные взносы для участия в конференциях;

      3) приобретение материалов – приобретение расходных материалов для выполнения фундаментальных научных исследований;

      4) приобретение оборудования и (или) программного обеспечения для выполнения фундаментальных научных исследований;

      5) научно-организационное сопровождение – расходы на публикации, патентование и приобретение аналитических материалов для выполнения фундаментальных научных исследований;

      6) аренду оборудования и техники – расходы, связанные с арендой оборудования и техники, используемых в выполнении фундаментальных научных исследований;

      7) эксплуатационные расходы оборудования и техники – расходы, связанные с использованием оборудования и техники для выполнения фундаментальных научных исследований, в том числе связанные с их пуско-наладкой и содержанием.

      Расходы на служебные командировки определяются согласно Правилам возмещения расходов на служебные командировки за счет бюджетных средств, в том числе в иностранные государства, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 256.

      Остальные виды расходов формируются по фактическим затратам с приложением подтверждающих документов.

      _____________________