Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1118 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) міндеттері:
бюджет қаражатын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сәйкес бюджет қаражаты бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалану;
өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қабылдау және қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді атқару.";
15-тармақ мынадай мазмұндағы 214-12) тармақшамен толықтырылсын:
"214-12) жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдарын талдау, жүйелі проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |