Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың атауы:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Нұр-Сұлтан" Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Астана" олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"24-1) арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларды талдайды және анықтайды;
24-2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 64-1) және 64-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"64-1) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы жəне шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
64-2) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы жəне шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары мен қаржыландыру нормативтерін әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 72-1) тармақшамен толықтырылсын:
"72-1) өз құзыреті шегінде мәдениетаралық және этносаралық диалогты қамтамасыз етеді, қазақ халқының және этностық топтардың ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрметті нығайтады;";
мынадай мазмұндағы 212-1) тармақшамен толықтырылсын:
"212-1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 214-1) тармақшамен толықтырылсын:
"214-1) Ұлттық кинокомиссия туралы ережені жəне оның құрамын бекітеді;";
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.";
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"9. "Астана" олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |