"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ереже бекітілсін.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне" деген бөлім алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне
408. "Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
408-1. "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне
408-2. "Қазспортинвест" акционерлік қоғамы".
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын берсін.
5. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2024 № 721 қаулысымен.3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрліктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, № 15 кіреберіс.
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда одан алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
мына салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру:
1) дене шынықтыру және спорт;
2) ойын бизнесі;
3) лотереялар және лотерея қызметі;
4) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдау;
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалды сұрату және алу;
Министрлік жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру;
сотқа жүгіну;
ведомстволарға өз өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттілігі:
Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қабылдау және қарау;
Министрлікке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
Министрліктің теңгеріміңдегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
Министрлікке бөлінген бюджет қаражатын толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристiк қызмет, туризм және туристік индустрия салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
3) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет салаларындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
4) Министрлік реттейтін салаларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;
5) Министрлік реттейтін салаларда кадрларға қажеттілікті айқындайды;
6) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша Министрлік реттейтін салалардағы ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
7) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Министрлік жетекшілік ететін салаларда заттай нормаларды әзірлейді және бекітеді;
8) Министрлік реттейтін салаларда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасына сәйкес заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады;
9) мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша мемлекеттiк органның даму жоспарын бекiтедi;
10) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдердің тізбесін бекітеді;
11) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
12) саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
12-1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде петицияларды қарайды;
13) Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
14) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
15) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлейді және бекітеді;
16) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;
18) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;
19) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;
20) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру бойынша ұсыныстар дайындайды;
21) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
22) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
23) уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін бекітеді;
24) арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізеді және оларды анықтайды;
25) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді;
26) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлейді және бекітеді;
27) жеңімпаздарына дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық, республикалық спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
28) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, дене шынықтыру мен спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;
29) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт жөніндегі басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындауды және лауазымынан босатуды келіседі;
30) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
31) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
32) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
33) оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
34) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшері туралы ұсыныстар енгізеді;
35) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекітеді;
36) дене шынықтыру және спорт сабақтарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
37) спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын әзірлейді және бекітеді;
38) аккредиттелген республикалық федерациялардың ұсыныстары бойынша жаттықтырушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекітеді;
39) спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, төсбелгілер беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын әзірлейді және бекітеді;
40) жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін бекітеді және олардың сыныптамасын айқындайды;
41) спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекітеді;
42) спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысу қағидаларын бекiтедi;
43) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекітеді;
44) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың денеге аса күш түсіруінен, ауруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекітеді;
45) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорттық медицина ұйымдарының құрылымдарын және олардың қызметі туралы ережелерді бекітеді;
46) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
47) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамдарын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
48) спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекітеді;
49) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерінің халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алған және мертіккен кезде оларға өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларын бекітеді;
50) спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
51) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
52) оқу-жаттығу процесі, спорттық резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды әзірлейді және бекітеді;
53) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
54) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
55) спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар мен дене шынықтыру-спорт ұйымдарына "Үздік" номинациясында атақтар беру қағидаларын бекітеді;
56) спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекітеді;
57) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
58) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын бекітеді және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу бағдарламаларын келіседі;
59) ұлттық спорт түрлерінің тізбесін бекітеді;
60) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекітеді және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу жоспарларын келіседі;
61) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
62) жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшерін бекітеді;
63) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізу тәртібі мен шарттарын бекітеді;
64) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
65) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін әзірлейді және бекітеді;
66) Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
67) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін әзірлейді және бекітеді;
68) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсауы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
69) Қазақстан Республикасының спорттық әдебін әзірлейді және бекітеді;
70) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
71) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
72) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
73) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай операторды айқындайды;
74) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
75) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
76) мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
77) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
78) спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін, сондай-ақ спортшыны тіркеу туралы куәліктің нысанын бекітеді;
79) мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілейді;
80) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамдарын бекітеді;
81) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткiзедi;
82) ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық спорт федерацияларымен бірлесіп, халықаралық және республикалық жарыстарды өткізуді, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады;
83) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулердi, олардың нәтижелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт практикасына енгiзудi ұйымдастырады және үйлестiредi;
84) спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады;
85) спортшылар мен жаттықтырушыларға: "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" спорттық атақтарын береді, спортшылар мен жаттықтырушыларды осындай спорттық атақтарынан айырады;
86) бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
87) республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеудi жүзеге асырады;
88) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын бекітеді;
89) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекітеді, олардың мөлшерін белгілейді;
90) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді;
91) спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін спорт түрлері бойынша бағдарламаларды бекітеді;
92) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамдарын жыл сайын бекітеді;
93) спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларын және спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерацияларының ұсынуымен, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетімен келісу бойынша, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетімен келісу бойынша, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетімен келісу бойынша лауазымдарға тағайындайды және олардан босатады;
94) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алуы және мертігуі кезінде оларға өтемақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырады;
95) халықаралық спорттық жарыстарға дайындалу және қатысу кезінде спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін сақтандыруды қамтамасыз етеді;
96) республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін бекітеді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;
97) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімін жүргізеді;
98) "Үздік спорт журналисі" атағын беру қағидаларын масс-медиа саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді;
99) халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) бекітеді;
100) спорттық іс-шаралардың шығыстар құрылымын бекітеді;
101) жергілікті атқарушы орган ұсынған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін келіседі;
102) халықтың әртүрлі топтарының жас шамасын, кәсіптік және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүзеге асырады;
103) мүгедектігі бар адамдарға арналған дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы оқу-жаттығу процесінің спорт түрлері бойынша даярлық кезеңдерінің мазмұнын, бағдарламасын бекітеді;
104) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, республикалық спорт жарыстарын өткізуді ұйымдастырады;
105) мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) даярлауды және олардың халықаралық спорт жарыстарына, оның ішінде Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарға және Дүниежүзілік арнаулы олимпиадалық ойындарға дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірге қатысуын ұйымдастырады;
106) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасауды және оны бақылауды жүзеге асырады;
107) Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық штаттық құрама командалардың) сандық құрамын бекітеді;
108) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекітеді;
109) қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спортпен шұғылдану кезінде және оқу мақсатында қаруды қолдану қағидаларын бекітеді;
110) кешенді спорттық іс-шараларға қатысатын спортшылар санының Қазақстан Республикасы cпорттық делегациясының өзге де мүшелерінің сандық құрамына оңтайлы арақатынасын айқындау жөніндегі нормативтерді бекітеді;
111) туристерді орналастыру орындарын жіктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
112) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
113) туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекітеді;
114) туризм саласындағы мамандарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
115) туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
116) туристік көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларын бекітеді;
117) турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекітеді;
118) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
119) басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидаларын бекітеді;
120) туристендіру картасын бекітеді;
121) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын бекітеді;
122) туристік көрсетілетін қызметтерді өтеу қағидаларын бекітеді;
123) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығынын субсидиялау қағидаларын бекітеді;
124) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығынының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;
125) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдық пен техника сатып алу бойынша шығынының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;
126) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығынының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекітеді;
127) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығынының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;
128) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығынның бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;
129) салалық, субъектілік және объектілік қағидаттар бойынша Қазақстан Республикасындағы туризм бағыттарының сыныптауышын қалыптастырады және бекітеді;
130) ұлттық туристік брендтер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
131) туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
132) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен және адамдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
133) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
134) туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасайды және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүдделерін білдіреді, олардың жұмысына қатысады;
135) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, туристік қызмет аясындағы стандарттау саласындағы қызметті реттейді;
136) Қазақстан және оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу арқылы таратады;
137) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген адамдардың мемлекеттік электрондық тізілімдерін жүргізеді;
138) туризм инфрақұрылымын салу және жетілдіру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
139) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына күтіп-ұстау кезінде шығынның бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптар тізбесін келіседі;
140) туристік саланы дамыту бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
141) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығынын субсидиялайды;
142) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдық пен техника сатып алу бойынша шығынының бір бөлігін өтейді;
143) туристік қызметті жүзеге асыратын адамдарды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiп туралы хабардар етедi;
144) мүдделi министрлiктермен және басқа да атқарушы органдармен бiрлесiп, туристердiң қорғалуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
145) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етеді;
146) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекітеді;
147) өткізілген конкурс негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындайды;
148) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын, шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператорлар мен туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар үшін банктік кепілдікпен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасын, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісі үшін арнайы ашылған банктік шотқа аударылуға тиіс ақша сомасын бекітеді;
149) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі үшін арнайы ашылған банктік шотқа аударылуға тиісті ақша сомасынан ұсталатын комиссиялық алым мөлшерін бекітеді;
150) шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекітеді;
151) туризм жөнiнде кеңес құрады;
152) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік ғылыми қамтамасыз ету жүйесін құрады;
153) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 796 қаулысымен;154) ойын бизнесін ұйымдастырушының "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлейді және бекітеді;
155) ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
156) ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
157) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады;
158) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 796 қаулысымен;159) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
160) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
161) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізеді;
162) тотализаторлар мен букмекерлік кеңселер кассаларының тізілімін жүргізеді;
162-1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болып табылатын шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізбесін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
162-2) бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге тұлғаларға беру қағидаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлейді және бекітеді;
162-3) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау қағидаларын және оған қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
162-4) бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды төлеу кезінде бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға алатын комиссияның мөлшерін бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді;
162-5) бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғамен ынтымақтастық мерзімін, оны ұзарту немесе тоқтату шарттарын айқындайды;
162-6) бекітілген қағидаларға және біліктілік талаптарына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындайды;
162-7) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертудің мәтінін, эскиздерін бекітеді;
162-8) ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекітеді;
162-9) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізіміне енгізу туралы өтініш беру, сондай-ақ құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізімін жүргізу тәртібін айқындайды;
163) лотереялар өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
163-1) лотерея операторын айқындау қағидаларын бекітеді;
163-2) лотереяны өткізу, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу шарттарын келіседі не оларды келісуден бас тартады;
164) лотерея операторын және оған лотерея өткізу құқығын беру мерзімін айқындайды;
165) Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
166) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
167) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құрады;
168) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат береді;
169) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
170) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;
171) өз құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар береді және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарайды;
172) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
173) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастырады;
174) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізеді және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасады;
175) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асырады;
176) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсынады;
177) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ортақ пайдаланылатын мүлікті пайдалану қағидаларын бекітеді;
178) арнайы құқық субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді;
179) жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне арналған кәсіптік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;
180) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;
181) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;
182) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастырады;
183) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
184) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
185) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға атау беру, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және оларға жеке адамдардың есімдерін беру туралы шешім қабылдайды;
185-1) адам саудасының алдын алу жөніндегі шараларды қабылдайды;
185-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлерді бағалауға және оларды барынша азайту бойынша ұсыныстар енгізуге қатысады;
185-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оларды қайта бағыттауға қатысады;
185-4) ішкі істер органдарын өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан не жасалған адам саудасына байланысты қылмыс фактілері туралы хабардар етеді;
185-5) жұртшылықты адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің нәтижелері туралы хабардар етеді;
185-6) өз құзыреті шегінде басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп адам саудасының алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысады;
186) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.06.2024 № 523; 27.09.2024 № 796 қаулыларымен.3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Министрлікке басшылық жасауды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдарынан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Министрлік қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жатқызылған Министрлік қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
3) бұйрықтарға қол қояды;
4) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
5) Министрліктің құрылымын және оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
4-тарау. Министрліктің мүлкі
22. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
23. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Министрлік өзіне бекітілген мүлікті және өзіне қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен оған билік етуге құқылы емес.
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. "Республикалық спорт колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. "Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. "Спортты дамыту дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. "Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. "Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
8. "Алматы" Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9. "Астана" олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
10. "Алатау" қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
11. "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
12. "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
13. "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
14. "Қазспортинвест" акционерлік қоғамы.
15. "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. "Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. "Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.
2. "Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Ескерту. Ереже Тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.12.2024 № 1087 қаулысымен.
"Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалатын республикалық заңды тұлғалардың тізбесі
1. Республикалық мемлекеттік мекемелер
1) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
1) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Республикалық спорт колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
3) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
4) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
5) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
6) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
7) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
8) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Алматы" Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
9) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Астана" олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
10) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Алатау" қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
11) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
12) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
13) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалы мемлекеттік кәсіпорны;
14) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына 2-қосымша |
Акциялардың мемлекеттік пакеттерін иелік ету және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне берілетін заңды тұлғалардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне
1. "Қазспортинвест" акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне
1. "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.
2. "Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Достық үйі – Этносаралық қатынастар орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін тарату және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1081 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
3. "Astana Ballet" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 1112 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 4-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1439 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
5. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1440 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.
6. "Қазақ ұлттық хореография академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 126 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулардың 4-тармағы.
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 425 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.
8. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
9. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Республикалық кітап мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1117 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы.
10. "Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 27 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердің 2-тармағы.
11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 455 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.
12. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Астана" ұлттық сурет галереясы" республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 690 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы.
13. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 805 қаулысы.
14. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 85 қаулысының 2-тармағы.
15. "Қазақстан халқының рухани даму қоры" акционерлік қоғамын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 24 ақпандағы № 90 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердің 3-тармағы.
16. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 321 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы.
17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 350 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 23-тармағы.
18. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 532 қаулысы.
19. "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 644 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулардың 4-тармағы.
20. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Бейбітшілік және келісім музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 наурыздағы № 150 қаулысының 5-тармағы.
21. "Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы мұражай қорығы "Хан Ордалы – Сарайшық" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 162 қаулысының 6-тармағы.
22. "Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 444 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
23. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 640 қаулысы.
24. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26 қазандағы № 690 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.
25. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 925 қаулысы.
26. "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулардың 3-тармағы.
27. "Кейбір республикалық мемлекеттік мекемелерді, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы.
28. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 228 қаулысы.
29. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 396 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы.
30. "Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 415 қаулысының 4-тармағы.
31. "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 555 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы.
32. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Бейбітшілік және келісім музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 994 қаулысының 4-тармағының 1) тармақшасы.
33. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 355 қаулысы.
34. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан мәдениетінің ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 403 қаулысының 5-тармағы.
35. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 717 қаулысы.
36. "Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 810 қаулысының 6-тармағы.
37. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 39 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.
38. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 56 қаулысы.
39. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 20-тармағы.
40. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 195 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
41. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық хореография академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 227 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 4-тармағы.
42. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 279 қаулысының 4-тармағы.
43. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 280 қаулысы.
44. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2021 жылғы 14 тамыздағы № 559 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.
45. "Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы туралы" 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 және "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 624 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы.
46. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 593 қаулысы.
47. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына толықтыру енгізу және "Спорттағы ұлттық команда туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1994 жылғы 2 наурыздағы № 85-ө өкімінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 723 қаулысы.
48. "Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 820 қаулысының 4-тармағы.
49. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 834 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы.
50. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 975 қаулысы.
51. "Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 1065 қаулысының 5-тармағы.
52. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 219 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.
53. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 224 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
54. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 307 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
55. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 және "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2023 жылғы 16 наурыздағы № 224 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 651 қаулысының 1-тармағы.
56. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 762 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
57. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 764 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.